Кіріспе
Кіріспе Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар,өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. Адам ағзасы мүшелерден, ұлпалардан, тіндерден, жасушалардан тұратыны белгілі. Осы ретте жасушаның құрылысын, тіршілік әрекеттерін және олардың дамуын зерттейтін ғылым саласы цитология болып табылады. Дәрігерлер үшін цитология ғылымының қыр-сырын, негіздерін жетік білу өте маңызды, қажет себебі, қазіргі таңда медицинада, медициналық практикада қатерлі ісіктер (рак), қан, тұқым қуалаушылық және тағы да басқа көптеген аурулардың диагнозын цитологиялық әдістер арқылы қою кеңінен қолданылады. Сондай ақ, жасуша мембраналары мен органоидтарының құрылысы жайлы жаңа ғылыми мәліметтер мен ақпараттарды игеру, олардың қатысымен организмде өтетін қалыпты немесе потологиялық құбылыстарды түсіну және күнделікті тәжірибеде қолдану үшін керек. Жасуша тіршіліктің ең ұсақ бірлігі болғандықтан, организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің және дамуының негізі.
Негізгі бөлім:
|