МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Маркетингтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, саңырауқұлаққа қарсы дәрілер(антимикотиктер) ең перспективалы фармакотерапевтік топ болып саналады. Антимикотиктер нарығы дәрігерлер мен ірі фармацевтикалық бірлестіктердің жіті назарында. Соңғы он жыл ішінде жүйелі және жергілікті әсері бар дәрі-дәрмектердің бірнеше жаңа буыны құрастырылып, нарыққа шығарылды. Саңырауқұлаққа қарсы дәрілер пайда болғанға дейін медициналық тәжірибенің микоздар терапиясында әр түрлі антисептика дәрілері пайдаланылды. Қазіргі таңда дерматолог-дәрігерлердің қарауында әр түрлі заманауи антимикотикалық дәрілер бар, бұл аталған ауруды емдеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Микоздар терапиясында дәрі қоздырғыш түрі мен оның тағайындалатын дәріге сезімталдығына (сәйкес әсер шоғыры бар дәрі қажет), саңырауқұлақпен зақымдалудың жалпылануына және соның нәтижесінде дәрінің фармакокинетика ерекшеліктеріне, оның улағыштығына, науқастың клиникалық жағдайына және т.б. таңдалады. Микоздарды тура және жанама емдеу әдістерінің барлығы патогендік саңырауқұлақты жоюға бағытталады. Саңырауқұлаққа қарсы дәрілер келесі топтарда көрініс табады: D01A1 «Сыртқа қолдануға арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілер», D01A2 «Саңырауқұлаққа қарсы дерматологиялық жүйелі дәрілер» және D01A3 «Бас терісін емдеуге арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілер» (1-сурет). Фармацевтикалық нарықта антимикотиктердің табиғи және құндық мағынадағы барлық сатылымдарыынң 90%-дан артығын құрайтын сыртқа қолдануға арналған дәрілер кең тараған. Сыртқа қолдануға арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің алуан түрлілігі оларды ішкі топтарға жіктеуге мүмкіндік береді. D01 ішкі тобындағы дәрілер имидазол туындылары, саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер және сыртқа қолдануға арналған басқа да дәрілер болып бөлінеді. Ауруды сауатты емдеудің негізін қалаушы факторлардың бірі дәрі-дәрмек шығарылымының дұрыс түрін таңдау болып табылады. Өнім түрлері алуан түрлі болады. Таңдау микоз этиологиясы мен оның ауыздықтануына байланысты жүргізіледі. Дерматомикоздарды емдеу үшін сыртқа қолдануға арналған иісмайлар, гельдер, жақпа майлар, ерітінділер, сонымен қатар ұнтақтар пайдаланылады. Онихомикоздар терапиясына арналған дәрілер тырнаққа арналған бояулар және сыртқа қолдануға арналған ерітінділер түрінде шығарылады. Талдау нәтижесі Қазақстан нарығына жергілікті пайдалануға арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілерді (D01A) 21 елдің 33 шет елдік фирмасы жеткізетіндігін көрсетті, соның ішінде: 11 Үндістанның, 4- Францияның 4-Чех Республикасының, 3-Швейцарияның, 2-Бельгияның және т.с.с. фармацевтикалық фирмалары.
Сурет 2- Саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің өндіруші елдер
Жақын шет елден келетін өнімдер Украинаның 3 фирмасы, сонымен қатар Ресейдің 3 фирмасы арқылы көрсетілген. Нарыққа жақпа майларды ең көп жеткізушілер: «Гленмарк Фармасьютикалз Лтд» (Үндістан)- 9.8% (5 дәрі), «Кусум Хелткер Пвт. Лтд» (Үндістан)- 7,8% (4 дәрі) және «Новартис Консьюмер Хелс СА» (Швейцария)- 5,9% (3 дәрі). Қалған фирмалар (47) 1 немесе 2 өнім жеткізеді. Қазақстанда саңырауқұлаққа қарсы иісмайды «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АҚ» «Тербинафин» дәрісі арқылы өндіреді. Талдау нәтижеі саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің түрлері сыртқа қолдануға арналған әр түрлі дәрілік түрлерден тұратындығын көрсетті. Қолдануға ыңғайлы болғандықтан басым орынды жұмсақ дәрі түріндегі дәрілер алады – 62,7% (32 дәрі), олардың ішінде иісмайлар – 53% (27 дәрі), жақпа майлар – 5,8% (3 дәрі) және сыртқа пайдалануға арналған гель – 3,9% (2 дәрі) (3-кесте, 2-сурет). Олардан кейінгі орынды ерітінділер – 13,7% (7 дәрі), сыртқа пайдалануға арналған спрейлер– 5,8% (5 дәрі), сусабындар – 5,8% (3 дәрі) және ең аз үлесті ұнтақ – 2,0% (1 дәрі) және сеппе – 2,0% (1 дәрі) түріндегі дәрілер алады.
Сурет 3- Саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің дәрілік түрлерінің сұрыптамасы
Кесте 4 жалғасы
Өндірушілер саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің көптеген құрамдарын өндіруді қайталайтындығын айта кету керек. Олардың тізімі 4-кестеде келтірілген клотримазол, тербинафин, кетоконазол және басқа да дәрілік заттар негізінде жасалған дәрілер болып табылады.
|