Студопедия — Тақырып. Гносеология: жалпы мәселелері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Гносеология: жалпы мәселелері






Дәріс жоспары:

1. Таным философиялық талдау пәні. Танымның обеъктісі және субъектісі.

2. Сезімдік және рационалдық таным.

3. Философиядағы ақиқат мәселесі. Таным ақиқаттығының өлшемдері.

4. Ғылыми танымның мәні және құрылымы. Мәселе, гипотеза, теория.

 

Дәріс мазмұны:

Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше, адамзат дамуында адам танымы қоғамдық, тарихи сипатта болады. Таным – адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік теория) қалыптасады.

Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнелеу теориясы болып табылады. Бейнелеу теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер және олардың қасиеттері мен маңызды байланыстары танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір сүреді. Түйсіктердің, қабылдаудың және ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, олардың қасиеттерін танып-білеміз. Түйсіктер, қабылдау және ақыл-ой заттардың өзі емес, олардың субъективті образы, бейнесі. Таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің, мәнді қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.

Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі. Адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. Сөйтіп, материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы мәселе қойса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеализм бейнелену принцпін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді. Материализм, керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелену принципін мойындауды талап етеді. Кейбір философтар дүниені танып-білу мүмкіндігін мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқатты, заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды. Философияда қалыптасқан мұндай позиция агностицизм деп аталады. Оның философия тарихындағы ең көрнекі өкілдері Д. Юм мен И. Кант болып табылады. Танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағында алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айналады.

Таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады. Түйсік негізгі екі топқа: 1) сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм, тері арқылы сезу түйсіктеріне); 2) дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (теп-теңдікті бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді. Түйсіктер дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын, қасиеттерін, жақтарын мида бейнелеуі болып табылады. Қабылдау жеке түйсіктердің жай ғана қосындысы емес, заттың тұтас бейнесі болып табылады. Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі. Сезімдік қабылдау әрқашанда нақты бейнелер болып келеді. Қабылдау жалпы алғанда жеке заттарды бейнелейді, мұнда олар тек сыртқы көріністері жағынан ғана көрінеді. Елестету дегеніміз қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі. Елестету де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекі бейнелер.

Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтіктің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат – әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы – абсолютті түрде ғана өмір сүреді.

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымымының көкжиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.

 

Әдебиеттер:

1. Әбішев Қ. Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. – А., 1990.

2. Балғымбаев А.С. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. – А., 1997.

3. Батмер Г. Новый рационализм. – М., 1987.

4. Ильин В.В. Теория познания. Гл. 1. – М., 1994.

5. Кассирер Э. Философия символических форм. – М., 1996.

6. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.

7. Культурология ХХ века. Антология – М., 1996.

8. Косиченко А.Г. Философия и методология науки. – А., 1997.

9. Кун. Т. Структура научных революций. – М., 1975.

10. Поппер К. Логика и рост научного знания. – М., 1983.

11. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. – А., 1998.

12. Витгенштейн Л. Философские работы. ч.1. – М., 1994.

13. Гадамер Х.Х. Истина и метод. – М., 1988.

14. Уайтхед А.Н. Избранные работы по философии. – М.,1990.

15. Философия и методология науки. Учебник для работы. – М., 1999.

16. Фейрабенд П. Избранные труды по методологии науки. – М., 1986.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 3944. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия