Ткен шақ есімшелердің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.«Өткен шақ есімше+жатыс септік жалғау» (-ғанда) түріндегі баяндауыш бағыныңқы компонентке қатысып, оны басыңқымен байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрылады: поезд тоқтағанда жолаушылар жолға шықты. Ол мынадай мағыналық қатынастарды білдіреді. а) мезгілдік қатынас –Көлік дайын болғанда келесіңдер. ә) шарттық қатынас –Егер сол күні әкесі келмегенде, Ұзақ Тападан біржола ажырайтын да ма еді. б) қарсылық –Сұлтанның қолы жаман мәстекке жеткенде, көршісінің мінгені –«Волга». «Өткен шақ есімше+шығыс септік жалғау» (келгеннен) үлгісінде жасалған баяндауыш бағыныңқы компоненттің құрамында тұрып сабақтас құрмалас сөйлем құрады. Бұл конструкция мезгілдік қатынас білдіреді. Бекең, таң сыз бергеннен, егіндіктерді аралады. «Өткен шақ есімше +барыс септік жалғау» (келгенге) үлгісінде жасалған баяндауыш бағыныңқы компонентке қатысып, оны басыңқымен байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрылады. Бағыңқы компонент хабарлаған оқиға басыңқы білдіретін оқиғаға себеп ретінде қатысады. Құнанбай күлгенге, үйдің ішіндегі әйелдер де күлді. «Өткен шақ есімше +субстантивтік жұрнақ –дық +шығыс септік жалғау» (келгендіктен). Бағыңқы компонент хабарлаған оқиға басыңқы білдіретін оқиғаға себеп ретінде қатысады. Бұл жердің қысы қатты болғандықтан, жұрт шөпті мол дайындайды. «Өткен шақ есімше +мен (көмектес септік жалғау)» (атқанмен). Осылай құрылған құрмалас сөйлемнің компоненттері қарсылықтық қатынасқа түседі. Сондай жерде ұрысқанмен, түзелем бе? -ған тұлғасы 1) кезде, 2) кейін, соң, 3)дейін, шейін 4) сайын септеуліктерді көмекке алады.
|