Студопедия — Тұрмыс-салт одағайлары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұрмыс-салт одағайлары.






Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.

Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды кеп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, шу дегеннен, әу деді т. б.)

 

2. Аналитикалық форма - толық мағыналы сөзбен көмекші сөздер тіркесуі және сөздердің орын тәртібі арқылы жасалған грамматикалық форма. Сын есімнің салыстырмалы шырайының аналитикалық тұлғасы. Сын есімнің асырмалы шырайының аналити капық тұлғасы (Самый красивый)

 

12 билет

Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеулердің мағыналары

Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

Мезгіл үстеулер

Мекен үстеулер

Мөлшер үстеулері

Сын (я бейне) үстеулері

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Мақсат үстеулері

Себеп-салдар үстеулері

Топтау (я бөлу) үстеулері

Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер

Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:

-ша, -ше жұрнағы. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнақ жалқы зат есімдерге де, жалпы зат есімдерге (мысалы: Омаровша, Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т. б.) жалғанып үстеу тудырады.

Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескіше, жаңаша, басқаша т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (менше, меніңше, сендерше), өздік есімдіктен де (өзімше, өздерінше), кейбір белгісіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.

-лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары. Мысалы: осылай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.

-дайын, -дейін, (-тайын, -тейін) жұрнақтары. Бұл жұрнақтар ― -дай және -ын деген қосымшалардан құралған құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып (Махамбет).

-шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктерінен үстеу жасайды. Мысалы: осыншама, соншама, соншалық, мұнша, мұншалық; т. б.

Көсемшенің құрамды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары қосылған сөздің бәрі бірдей, әрине, үстеу бола бермейді. Адвербиалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: Қырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.

-шылап (-шілеп) жұрнағы. Бұл жұрнақ - бастапқы -ша және -лап деген қосымшалардан құралған. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.

-қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасайды. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.

-ын, -ін, -сын, -сін қосымшалары тек біраз сөздерге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жазын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т. б.

Көнеленген формалар арқылы туған жалаң үстеулер

Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген "қосымшалар" төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді. Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады.

Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге т. б.

Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем(е)де т. б.

Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.

Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.

2. Өткен шақ; - нақты грамматикалық мағынасы анықталмаған, сөйлеп тұрған сәтке дейін өтіп кеткен іс-қимылды білдіреді.

 

13 билет

1. Грамматика (гр. ' grammatіke, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.

Үлкен екі саласы бар:

морфология;

синтаксис.

Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты.[1]

Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma — әріп) —

тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;

тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.

Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;

морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;

синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сез жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сездердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Бұл үшеуі бір-бірімен диапектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып жарияланған Грамматикаларда сипатталады. Орта мектептерге арналған оқулықтар нормативті Грамматика, ал жоғарғы оқу орындарына (институттар мен университеттерге) арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылыми Грамматика деп аталады. Нормативті Граматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына белінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады. Ал ғылыми Граматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми Грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи Грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрлысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады.

Әр сөз табын талдаған кезде мағыналық түрін барлығына талдап болған соң синткасистік жағынан

2. Осы шақ

 

Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.

1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.

жақ жекеше көпше

I Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын) Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)

II Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз) Сендер отырсыңцар (жүрсіңдер, түрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар)

III Ол отыр

(жүр, түр, жатыр) Олар отыр

(жүр, түр, жатыр)

 

Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.

жекеше көпше

Мен оқып жатырмын Біз оқып жатырмыз

Сен оқып жатырсың Сіз оқып жатырсыз Сендер оқып жатырсындар Сіздер оқып жатырсыздар

Ол оқып жатыр Олар оқып жатыр

 

14 билет

Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш. Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айрыла бастаған, сөйлемде зат есімдердің жетегінде қолданылып, олардың кеңістікке, уақытқа қатысын білдіретін есім сөздер. Мыс.: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын; арасы, ортасы – заттың ара қатынасындағы кеңістікті, орынды, ал іші – заттың өз шеңберіндегі мекенді, басы – заттың басталар шегін, жағы – бағыттық мағына береді. Кейбір К. е-дер мезгілдік мағына беретін сөздермен тіркесіп, оның мезгілін айқындап, нақтылап тұрады: жаз ортасы, түн іші, таң алды, т.б. К. е. тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрып, изафеттік байланыста қолданылады: ауылдың жаны, үйдің жаны, мектеп іші. Бірқатар К. е-дер изафеттен тыс тіркесте жұмсалып, толық мағыналы сөз ретінде қолданылып, жеке сөйлем мүшесі бола алады. Олар: төңірек, айнала, маң, жақ. Мыс., Төңірек мүлгіген орман. Кейбір К. е. лексикаланып, идиомаланып кеткен: ат үсті, аяқ асты, көз алдында, т.б. К. е. зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі бола алады.

2. Келер шақ;
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрган сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келеңсіңдер.

Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.
КЕЛЕР ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Келер шақ мағынасы мен жасалуына карай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.
1. Болжалды келер шак.
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың сіздер кел-ме-с-сіздер.
Болжалды келер шақтын жіктелу үлгісі.

Жақ; жекеше көпше
I. II. III. бар-ар-мын, кел-ме-с-пін бар-ар-сың, кел-ме-с-сің;, бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз, бар-ар-, кел-ме-с-, барар-мыз, кел-мес-піз барар-сың-дар, келмес-сің-дер барар-сыздар, келмес-сіз-дер барар-, келмес-,

Ескерту: Болжалды келер шақ — с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады: барма-с-пын, келме-с-пін. Кейде I жақ жіктік жалғауы -пын, -пін ықшамдалып -н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, бар-ма-с-пын — бар-ма-н, сөйле-ме-с-пін- сөйле-ме-н болып та колданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай).
2. Мақсатты келер шақ.
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мақсатты келер шак етістіктің түбіріне -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак,, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын, Сіз ерте кет-пек-сіз.
Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағынын үстіне -шы, -ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстеулі (жіктелуі) арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сіз.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, және -шы, -ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел-мек-ші, емес-пін, бар-мақ емес-сің.
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі.

Жақ; жекеше көпше
I. Бармақпын, бармақшымын бармақпыз, бармақшымыз
    бармақсыңдар, бармақшысың-дар
II. бармақсың, бармақшысың; бармақсыздар
  бармақсыз, бармақшысыз бармақшысыздар
III. бармақ-, бармақшы-, бармак,-, бармақшы-.

3. Ауыспалы келер шақ.
Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасаладьг. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде тунделетіп… деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға меп кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келеміп етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын беріп тұр.
Ауыспалы келер шақтык ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады. Жоғарыдағы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарып тұр.
Мына мысалдарды салыстырып көріңдер.
Осы шақ келер шақ
Ол мектепте окиды. Ол сабағын кешке оқиды.
Бұл жерде ағаш өседі. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.
Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.
Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын, -мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-а-мын,— айт-а-м, кел-е-мін — кел-е-м, сөйле- й-м.
Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән.

 

15 илет

1.Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіріп, үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыста келетінін түсіндіру; тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы болатынын және олардың І, ІІ жақтары тек адамға ғана меншікті айтылса, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін білдіру; тәуелдік жалғауының арнаулы қосымшаларын меңгерту.
Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.
Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген

2. Қалау рай

Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді.[2]

Мысалы: Менің бар-ғы-м келеді Біздің бар-ғы-мыз келеді
  Сенің бар-ғы-ң келеді Сендердің бар-ғы-лары-ң келеді
  Сіздің бар-ғы-ңыз келеді Сіздердің бар-ғы-лары-ңыз келеді
  Оның бар-ғы-сы келеді Олардың бар-ғы-лар-ы келеді

Бұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлеріне де қолданыла береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді.

Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа(II, III жақ) субъектінің бегілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді.

Мысалы: сен барғай едің; ол барғай еді т. б.

Күрделі -са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды.

Мысалы: сендер барсаңдар игі еді; олар барса игі еді т. т.

Бірақ сендер барса игі едіңдер дегеннен тілек я қалаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді.

Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді.

Мысалы: ол келсе еді; сіз барсаңыз еді т. т.

Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды.

Мысалы: сен ертең жүрсең екен; ол пікірін айтса екен т. т.

 

16 билет

1. Септік категориясы.

Зат есімге тән категориялардың бірі септік категориясы. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтамыз. Қазақ тіліндегі септік жалғауын грамматикалық және кеңістіктегі деп бөлген. Грамматикалық деп отырған тобына жататын жалғаулардың негізгі қызметі бастауышты білдіру (атау септігі), тәуелділікті білдіру (ілік септігі), әрекеттің обьектісін білдіру (барыс, табыс септігі). Ал кеңістікті білдіретін жалғаулар іс — әрекеттің, қимылдың қай жерінен басталғанын, қай жерде болып жатқанын, мекенін білдіру деп атауға болады.

Қазақ тіліндегі зат есімнің септелу жүйесін жоғарыда аталған жеті түрлі септік жалғауының қызметіне қарай осы жалғаулардың атымен мына секілді жеті топқа бөліп көрсетуге болады.

Атау септік. Сырт алып қарағанда, септік жалғауы қатарында айтылғаны болмаса, атау септігінің арнаулы жалғауы жоқ.

Ілік септік. Зат есімнің ілік септік түрі ның, нің, дың, дің, тың,тің жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Дыбыс ассимиляциясына сәйкес мұрын дыбыстардан кейін ның, нің, сонор дыбыстардан кейін дың, дің, қатаңнан кейін тың,тің жалғанады. Ілік септігінің беретін ағынасы грамматикалық тәуелділікті білдіру. Тәуелдік категориясымен тығыз байланысты, өйткені ілік жалғаулы сөз әрдайым тәуелдік жалғаулы сөзбен бірлікте болады. Тәуелдік жалғаулы сөз жоқ жерде ілік жалғаулы сөздің жалаң өз мағынасында грамматикалық тиянақтылық болмайды.

Тілімізде ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелділіктің бастылары: меншікті, туыстық жақындықты, заттың бөлшегінің неге тән екенін білдіреді. Сөйлемде ілік жалғауда келетін сөз өзі байланысатын тәуелдеулі сөздің грамматикалық мағынасын толықтырушы сөз болғандықтан,ол сөйлемнің анықтауыш мүшесінің қызметін атқарады.

Барыс септігі. Ға, ге, қа,ке, а,е, барыс септік жалғаулары. Барыс септіктегі сөз істің, қимылдың, кімге, неге бағытталғанын білдіреді. Бағытты білдіру негізгі қызметі. Кейде оның бұл қызметі құбылып тұрады.Мысалы, ауылға кетті десе бағытты білдірсе, үш күнге кетті дегенді мезгілді білдіреді. Сөйлемдегі өзге сөздермен лексика – грамматикалық қатынасына қарай барыс жалғаулы сөздің білдіретін мағыналарын былай топтастыруға болады: Қимылдың барып тірелетін жерін білдіру: мектепке барды; Кімге, неге бағытталғанын: сатушыға берді; Қимылдың мақсатын: көруге кетті; Мөлшер, мезгілін білдіру: айға созылды.

Барыс жалғауы етістік жетегінде айтылатын жалғау,әсіресе сын есім жетегінде айтылады. Кейде жасырын айтылады. Ташкент барды дегенде.

Табыс септігі. Жалғаулары —, ні, ды, ді, ты, ті, н. Мұндағы н тәуелдік жалғаудың үшінші жағынан кейін келеді. Табыс септігі жасырын да, ашық та келеді. Жасырын келу себебі істің нақтылы обьектісі қай зат екені белгісіз болғанда жасырын келеді. Мысалы, сурет көрді дегенде сурет сөзі белгісіздік мағына беріп тұр, нақты қай суретті көргені белгісіз. Табыс септіктің жасырын түрінде септеліп тұрған сөздің арасына өзге сөз салмай тұруы шарт. Егер өзге сөз түссе жасырын тұрмайды. Ашық түрдегі формасы кез келген жерде қойыла береді.

Жатыс септік. Қимылдың болып жатқан орнын, мекенін білдіреді. Қайда, неде деген сұраққа жауап береді. Қашан, қайда деген сұраққа жауа бергенде мекен, уақытты білдіреді. Зат есімнің лексикалық мәніне қарай жатыс септігі жалғанған сөз абстракциялы мекендік мағынаны аңғартады. М: Адамның адамдығы істе көрінеді.

Шығыс септік. Дан,ден, тан, тен, нан,нен жалғаулары. Шығыс жалғаулы сөздің неден, қимылдың қай жерден басталғанын білдіреді. М: Ауылдан келеді, үйден шықты.

Шығыс септігінің бұдан өзге мағыналары былай топтасады: Істің қандай обьект төңірегінде болғанын көрсету: етегінен ұстады.; істің себебңн: айқайдан зәресі ұшты; Салыстыру мәнд: балдан тәтті; белгілі бір бөлшегі алынатын затты білдіру: балдан тәтті; мөлшер мағынасын: бес килодан бөлісті.Етістік сөздердің жетегінде келіп, пысықтауыштық қатынаста айтылады. Көбінесе тіліміздегі тұрақті тіркестерді жиі ұшірайды: тесік тау өтіп кеткір (қарғыс)

Көмектес септік. Септіктің бұл түрі өзге түркі елдерінде септік деп танылмайды. Бұл ол тілдерде грамматикалық категория жоқ деген сөз емес, оларда грамматикалық септік ретінде қарастырылмауында. Жалғаулары – мен, пен, бен, менен, бенен, пенен. Фонетикалық жуан варианты жоқ. Сондықтан жуанға да жалғана береді. Үнді дібістарға біткен сөздерге мен, менен, ұяң з, ж дыбысына біткен біткен сөздерге бен, бенен, қатаң дыбыстарға пен, пенен жалғанады. Көмектес септік мағынасында айтылатын сөздердің мағыналық белгілеірі: істің немен істелгенін: балтаман шапты; қимылға қатысқан адамды білдіру: Асқармен келді; Мақсаты: бір оймен келді., т.б.

 

2.

17 билет

1.Зат есімнің жіктелуі
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғаудың 3-жағы және жекеше, көпше түрлері бар. Әдетте 1—2-жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, 3-жақта кез келген зат есім бола береді: Жіктік жалғаулары буын (1—2-жақ) және дыбыс (1-жақ) үндестіктері бойынша жалғанады. 1-жақ жекеше -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, 2-жақ жекеше анайы -сың, -сің, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сыңдар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Оны мына кестеден көруге болады.

Жіктік жалғауы адамның кім екнін, кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады. Мысалы мен оқушы мын, сен бишісің, сіз мұғалімсіз

2. М. Оразовтың пікіріне қосыла отырып, етістің салт, сабақты етістікпен байланысы барлығын жоққа шығаруға болмайды, ал мұндағы әңгіме - етіс қосымшалары арқылы салт, сабақты етістіктердің бірінен екіншісіне ауысып жататындығында болу керек. Салт, сабақты етістіктер мен етіс категорияларының семантикалық жағынан ұқсастықтары болғанмен, тұлғалық жағынан тікелей қатынасы жоқ. Себебі салт, сабақтылық мәнді етістіктер тікелей түбір қалпында тұрып, контекске байланысты беретін болса, ал етістің арнайы қосымшалары бар. Сондықтан етістіктің салт, сабақтылық мәні морфологиялық категория емес, семантикалық категория болып саналады. Ал етістің сөзжасамдық сипатын өз алдына салт, сабақтылыққа қатысты қарастырған дұрыс. Етіс қосымшалары тарихи тұрғыдан қазіргі түрлеріне қарағанда әлдеқайда көп болған және олардың сөзжасамдық қызметін де жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі тілімізде қолданыста бар туынды түбір етістіктер мен етістіктерден жасалынған есім сөздердің құрамынан да етіс көрсеткіштерін аңғаруға болады. Себебі түркологияда етіс қосымшалары сөз жасаушы жұрнақтар мен сөз түрлендіруші жұрнақтарға қаншалықты қатысты деген сұраққа жауап беруге әлі күнге дейін ғалымдарымыз талпынып келеді. Біз етіс көрсеткіштерін сөз тудырушы жұрнақтардың қатарына қоспағанмен, тарихи тұрғыдан етіс қосымшаларының қазір түбір деп ұғынылатын сөздердің құрамында сақталып қалғандығын мойындаймыз. Мысалы, түй, түйін (зат есім, етістік), түйіншек сөздерінің мағыналарынан жаңа сөз жасалынбады дей алмаймыз. Түй, түйін (өздік етіс) дегенде ешқандай жаңа мағына туған жоқ, бір ғана іс-қимылды білдіріп тұр. Ал түйін сөзі бір нәрсенің шиеленіп байланған жері немесе қорытынды, байлам, шешім, сондай-ақ өсімдіктің алғашқы байланған жеміс түйнегі сияқты мағыналарды білдіреді.

 

18 билет







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2108. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия