Студопедия — Ж. № 19 Хаттама
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ж. № 19 Хаттама

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

КАРАГАНДЫ МЕМЛЕКЕТІҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Д Ә Р І С

Дәрілік заттармен жедел улануларды емдеудің жалпы кағидалары» тақырыбы

Мамандығы 051301 – Жалпы медицина

Тәртіп Far-1 2213 Фармакология - 1

П курс

Ақыт - 1 сағат

 

Карағанды- 2008

 

Кафедраның әдістемеліқ жиналысында бекітілген

ж. № 19 Хаттама

 

Кафедра меңгерушісі _______________ С.К. Жаугашева

 

 


 

Тақырыбы «Дәрілік заттармен жедел улануларды емдеудің жалпы кағидалары»

Мақсаты:дәрілік препараттардың әртүрлі топтарының кейінгі толықтырулары мен токсикалық әсерлерін; негізгі жанама әсерлерін, олардың алдын алу және жою әдістері; аурудың жеке сипаты мен ерекшелігіне байланысты мөлшерлеу режимі.

 

 

Дәріс жоспары:

 

  1. Жедел улану. Анықтамасы.
  2. Удың енгізу жолдарына байланысты, оның организмге әрі қарай түсуін тоқтатуға бағытталған шаралар.
  3. Жасанды детоксикация әдістері
  4. Организмге сіңіп қалған уды залалсыздандыру: антидоттар және антогонистер.
  5. Зақымдалған мүшелердің функцияларын қайта қалпына келтіру және өмір сүру жүйесінің функционирленуін қолдау.
  6. Дәрілік уланулар және көмек шаралары.

Химиялық заттармен, соның ішінде дәрілік заттармен жедел улану жиі кездеседі. Уланулар кенеттен, белгілі ниетпен (суицинальді) және мамандық ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Этил спиртімен, ұйықтататын дәрілермен, психотропты препараттармен, апиоидты емес анальгетиктермен және т.б қосылыстармен жедел улану жиірек кездеседі.

Химиялық заттармен уланғанда емдейтін арнайы токсикологиялық орталықтар мен бөлімдер құрылған. Жедел улануларды емдеудегі негізгі тапсырма интоксикацияны тудырушы затты организмнен шығару болып табылады. Науқастардың ауыр жағдайларында аса маңызды – тыныс алу және қан айналым жүйелерінің қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы терапиялық және реанимациялық шараларды жүргізу керек.

 

Детоксикация принциптері мынада. Бәрінен бұрын заттың ену жолдарында сіңірілуді тоқтату өте қажет. Егер зат аз және толық сіңірілген болса, оның организмнен шығарылуын тездету керек, сонымен қатар оны залалсыздандыру және қолайсыз әсерлерін жою үшін антидоттар қолдану.

 

А) Токсинді заттың қанға сіңірілуін тоқтату.

Заттарды ішке қабылдағанда болатын жедел уланулар жиі кездеседі. Сондықтан детоксикацияның маңызды әдістерінің бірі болып асқазанды тазарту саналады. Ол үшін құстырады немесе асқазанды сумен шаяды. Құсуды механикалық жолмен (тмақтың артқы жағын тірікендіру арқылы), натрий хлориді немесе натрий сульфатының концентрациялық ертінділерін қабылдаумен, құстыратын зат апоморфинді енгізу арқылы тудырады. Кілегей қабатты зақымдаушы (қышқылдар мен сілтілер) заттармен уланғанда, өңештің кілегей қабатының қосалқы зақымдануына байланысты құстыруға болмайды. Сонымен қатар, заттардың аспирациясы мен тыныс алу жолдарының күюі туындауы мүмкін. Асқазанды зонд көмегімен тазарту қауіпсіз және нәтижелі болады. Алғашқыда асқазандағы затты алады, сосын асқазанды қажет болған жағдайда активирленген көмір және т.б антидоттар қосылған калий перманганаты ерітіндісімен, антрий хлоридінің изотоптарының ерітіндісімен, жылы сумен шаяды. Асқазанды заттан толық тазарғанынша бірнеше рет (3-4 сағат сайын) тазартады.

Ішекте заттың сіңірілуін тоқтату үшін адсорбирлеуші (активирленген көмір) және іш өткізуші заттар (тұзды іш айдағыштар, вазелин майы) беріледі. Сонымен бірге, ішекті тазарту жүргізіледі.

Егер интоксикациялы уландырушы зат теріге немесе кілегей қабатқа жанасса, оларды жақсылап шаю (ағынды сумен) керек.

Токсинді заттардың өкпе арқылы түскен кезінде оның ингаляциясын тоқтату керек (науқасты уланған атмосферадан алып кетк немесе оған противогаз кигізу).

Токсинді заттың тері астына енгізілуінде оның сол жерде сіңірілуін заттың енгізілген орнының маңайына адреналин ерітіндісінің инъекциясымен баяулатуға болады, сонымен қатар осы облысты мұздату арқылы (тері қабатына мұзы бар ыдыс қояды), заттың енгізу маңайында венозды тоқтау тудырушы және қан айналымын қиындатуға жгут қолданылады. Барлық осы шаралар заттың токсикалық жүйелері әсерін төмендетеді.

 

Б) Организмнен токсинді затты шығару.

Егер зат сіңірілген болса және резорбтивті әсер көрсете бастаса негізгі әрекеттер оның организмнен тезірек шығарылуына бағытталуы керек. Осы мақсатпен жеделдетілген диурез, перитонеальды диализ, гемодиализ, гемосорбция, ақн ауыстыру қолданылады.

Жеделдетілегн диурез әдісі су және белсенді зәр айдағыш заттарды (фурасемид, маннит) қолдану арқылы жүзеге асады.

Кей жағдайда зәрдің сілтіленуі немесе қышқылдануы (заттың қасиетіне байланысты) заттың тез шығарылуына әсер етеді (бүйрек каналдарында рның реабсорбциясының төмендеуімен). Жеделдетілген диурез әдісімен тек қана қанның ақуыздары және майлармен байланыспаған бос заттар шығарылады. Бұл әдісті пайдаланғанда иондардың біраз мөлшерінің организмнен шығарылуынан болатын бұзылуынан электролиттік балансты қадағалап, қолдану керек. Жедел жүрек-қантамыры жеткіліксіздігінде, бүйрек қызметінің айқын бұзылуларында және ми немесе өкпе сусіңділенуінің даму қаупінде жеделдетілген диурезді қолдануға болмайды.

Жеделдетілген диурезбен бірге, гемодиализ немесе перитонеальды диализ қолданылады. Гемодиализде (жасанды бүйрек) қан жартылайөткізгіш мембраналы диализатордан өтеді және едәуір мөлшерде ақуыздармен байланыспаған токсинді заттардан босайды (мысалы, барбитураттардан).

Артерия қысымының бірден төмендеуінде гемодиализ қолдануға болмайды.

Перитонеальды диализ құрсақ қуысын электролиттер ерітіндісімен тазартуға негізделген. Улану сипатына байланысты құрсақ қцуысынан заттардың тезірек шығарылуына әсер етуші белгілі бір диализирлеуші сұйықтықтарды пайдаланады.

Инфекцияның алдын алу үшін диализдеуші сұйықтықтармен бірге бір мезетте антибиотиктерді де енгізеді.

Бұл әдістердің жоғары әсеріне қарамастан, олар универсальды емес, яғни барлық химиялық қосылыстар жақсы диализирленбейді (құрсақ арқылы перитонеальды диализде немесе гемодиализде диализатордың жартылай өткізгіш мембранасы арқылы өтпейді).

Детоксикация әдістерінің бірі гемосорбция болып табылады. Бұл жағдайда қандағы токсинді заттар арнайы сорбенттерде абсорбирленеді (мысалы, түйіршіктелген активирленген көмірде қан ақуыздарының жабындыларымен). Бұл әдіс антипсихотикалық заттармен, аксиолитиктермен, фосфорорганикалық қосылыстармен және т.б заттармен уланғанда организм детоксикациясын жетістікпен жүргізуге көмектеседі. Бұл әдіс препараттар әлсіз диализирленген (плазма ақуыздарымен байланысқан заттар) және гемодиализ оң нәтиже бермеген жағдайларда да нәтижелі екендігі маңызды.

Жедел улануларды емдеуде сонымен қатар қан ауыстыру қолданылады. Бұл жағдайда қан жіберу донор қанын құюмен қиюласады. Бұл әдісті пайдалану, әсіресе қанға әсер ететін мыс, метгемоглобин түзуді тудырушы (нитробензолдар, нитриттер және басқалары) заттармен уланғанда өте тиімді.

Сонымен бірге бұл әдіс плазма белоктарымен уланғанда да тиімді. Қан айналымының бірден бұзылуларында, тромбофлебитте қан ауыстыру операциясын қоолдануға болмайды.

Кейінгі жылдары кейбір заттармен улануды емдеуде плазмофарез кең таралды, яғни қанның формалы элементтерінің жоғалтуынсыз плазманы алып тастау, оны донор плазмасымен немесе альбуминді электролиттер ерітіндісімен ауыстыру.

Кейде детоксикация мақсатында лимфа түтігі арқылы лимфаны алып тастайды (лимфорея). Лимфадиализ, лимфосорбция болуы мүмкін. Дәрілік заттармен жедел уланғандағы емдеуде бұл әдістер аса маңызды емес деуге болады.

Егер улану өкпемен шығарылатын заттармен болғанда, жеделдетілген дем алу мұндай цитоксикацияны емдеудегі маңызды әдістердің бірі болып табылады (мысалы ингаляционды наркоз әдісіне арналған заттар). Гипервентиляцияны дем алуды стимулдеуші карбогенмен, сонымен қатар жасанды тыныс алдырумен туғызуға болады.

Токсинді заттардың биотрансформациясының күшеюі жедел улануларды емдеуде маңызды роль атқармайды.

 

В) Сіңіріліп болған токсинді заттардың әсерін жою.

Егер қандай затпен уланғаны белгілі болса, организмнің детоксикациясына антидоттардың көмегімен залалсыздандырады.

Химиялық заттармен уланғанда арнайы емдеу үшін қолданылатын заттар антидоттар деп аталады.

Оларға фармакологиялық антогонизмнің есебінде химиялық немесе физикалық әсерлесу арқасында уларды инактивирлейтін заттар жатады (физиологиялық жүйелер, рецепторлар және т.б деңгейінде). Ауыр металдармен уланғанда олармен токсинді емес комплекстер (мыс, унитол, Д-пенициламин, ӘДТА) түзетін қосылыстарды қолданады. Заттармен реакцияға түсетін және субстрат босататын антидоттар белгілі (мыс, оксимдер-холинэстераза реактиваторлары, метгемоглобин түзуші зөаттармен уланғанда қолданылатын антидоттар аналогты түрде әсер етеді).

Жедел улануларда фармакологиялық антогонистерді (антихолинэстеразды заттармен уланғанда атропин, морфинмен уланғанда налоксон және т.б) кең пайдаланылады.

Негізгі фармакологиялық антогонистер сол рецепторлармен улануды туғызған заттармен бәсекелес әсерлеседі. Жедел уланудың себептерінің көбі болатын заттардың қатысында арнайы антиденелердің жүйелері мен мүшелерінің, ұлпаларының дамыған зақымдарында және уланудың терминальды стадиясында антидотты терапияның нәтижелілігі көп емес.

 

Г) Жедел аурулардың симптоматикалық терапиясы.

Жедел улануларды емдеуде симптоматикалық терапия маңызды роль атқарады. Әсіресе, арнайы антидоттар жоқ заттармен уланғанда оның маңызы арта түседі.

Бәрінен бұрын өмірлік маңызды қызметтер – қанайналым мен тыныс алуды қолдау қажет. Осы мақсатпен артериялық қан қысым деңгейін реттеуші заттар, жүрек гликозидтері, оксигенотерапия жиі қолданылады, кейде тыныс алу стимуляторларын, т.б қолданады. Науқас жағдайын қиындататын стимуляторлардың пайда болуында, оларды сәйкес препараттардың көмегімен жояды. Тырыспаларды тырыспаға қарсы белсенділігі бар анксиолиттік диазепаммен емдеуге болады. Ми сусіңділенгенде дегидратационды терапия жүргізіледі (маннит, глицерин көмегімен). Қышқыл-негізгі жағдайда көп зер салу керек және бұзылулар туғанда оған қажетті түзетулер жүргізу керек. Ацидозды емдеуде трисамин, натрий гирокарбонаты ерітіндісін, ал алкалозда – аммоний хлоридін қолданады. Су-электролитті балансты қолдаудың өзі маңызды.

Осылай дәрілік заттармен жедел уланғанды емдеуге симптоматикалық, керек болған жағдайда реанимациондық терапияны детоксикационды шаралар комплексімен сәйкестендіріп қолданады.

 

Д) Жедел уланулардың алдын алу.

Негізгі тапсырма – жедел улануларды болдырмау. Бұл үшін дәрілік заттарды негізде босату және медициналық мекемелер мен үй жағдайларында дұрыс сақтау қажет. Медикаменттерді тамақ тұратын шкафтарда, тоңазтқыштарда сақтауға болмайды. Дәрілік заттарды сақтау орны балалардың қолы жетпейтін жерде болуы керек. Қажетсіз препараттарды, еш мақсатсыз үйде сақтау керек емес.

Жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды қолдануға болмайды. Қолданылатын препараттардың атауына сәйкес этикеткалар міндетті түрде болуы керек. Әрине, дәрілік заттардың көбісін тек қана дәрігердің нұсқауымен, олардың мөлшерін қадағалай отырып қабылдау қажет. Бұл әсіресе улы және қатты әсер ететін препараттар үшін маңызды. Өзіндік емделуге болмайды, өйткені бұл жедел уланулар мен басқа қолайсыз әсерлердің себептері ретінде, жиі кездеседі. Химиялық заттардың сақтау және дәрілік препараттарды дайындаумен айналысатын лабораториялар мен химико-фармацевтикалық мекемелерде олармен жұмыс істеу ережелерін қадағалау аса маңызды. Барлық осы талаптардың орындалуы дәрілік заттармен жедел улану жиілігін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.





<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Малые группы. | Дата проведения:в воскресенье, 19.10.14г.

Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 953. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия