Студопедия — Кіріспе. Экономикалық теория негіздері – Юнеско – БҰҰ арнайы құрылымдық бөліммен бекітілген
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Экономикалық теория негіздері – Юнеско – БҰҰ арнайы құрылымдық бөліммен бекітілген






Экономикалық теория негіздері – Юнеско – БҰҰ арнайы құрылымдық бөліммен бекітілген, міндетті пәндер тізіміне енген әлеуметтік–гуманитарлық білім жүйесіндегі аса маңызды оқу пәні. Оның объектісі қазіргі заманғы қоғамның өмір сүру қызметінің аспектісі ретінде ел экономикасы болып табылады. Экономикалық теория негіздері экономиканың қалыптасу заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді.

Білім беру деңгейін арттыру мен тәуелсіз Қазақстанның жаңа қатарыңың дүние танымдарын қалыптастыруда экономикалық теорияның орны ерекше бар. Экономикалық теорияны оқу табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы адамның орны мен ролін объективті және сауатты анықтауға экономикалық процестер арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге мүмкіндік береді.

Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталған үлесін құру және әлемдік жүйедегі экономикалық қатынастарда болып жатқан жаһандық процестер адам мен қоғамның экономикалық іс-әрекетінің қағидаларына түзетулер енгізеді.

Мұндай жағдайда экономикалық теорияның ғылым ретінде маңызы артады, өйткені ол экономикалық процестердің диалектикасын ғылыми-техникалық прогреспен, мемлекеттік саясатпен, ұлттық және әлем мәдениетімен өзара байланыста зерттейді.

Қазіргі кезде экономикалық теория негіздерін оқыту кезінде мынаны ескеру керек, экономикалық теория негіздері – бұл уақыт өткен сайын ролі жоғарылап келе жатқан дербес оқу пәні.

Пән мақсаты:

Студенттерде экономикалық өмір сферасындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларды өз бетімен талдау дағдыларын қалыптастыру, медицинадағы экономиканың ролін түсіндіру, экономикалық құбылыстар туралы қажетті білім беру, студенттерде түсініктілік аппаратын қалыптастыруға ықпал ету.

Экономикалық дүниетану және Қазақстан Республикасының алдында тұрған мемлекетік және әлеуметтік экономикалық саясатты жүзеге асыруда белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру.

Оқу міндеттері:

Студенттерде Қазақстандағы және одан тыс болып жатқан экономикалық процестерді түсіне білу және еркін бейімделуді қалыптастыру.

 

Оқудың соңғы нәтижелері:

Дескрипторлар Оқудың соңғы нәтижелері Құзыреттілік
А Зерттелу саласындағы және осы саладағы кейбір алдынғы қатарлы элементтерді қосқандағы жоғары білімділік пен түсініктілікті көрсету Пәннің анықтамасын, медицина мамандығын қалыптастырудағы оның ролін анықтау, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудағы экономикалық процестердің мәнің бейнелеу. 3,7
В Алынған білім мен түсініктерді кәсіптік деңгейде пайдалану Терминалогиялық түсініктерді қолдану, денсаулық сақтау саласында экономика заңдылықтары жайлы білімдерді пайдаланып, оқу тапсырмаларын орындау және семинарлық сабақтарда қолдану. 3, 4
С Аргументтерді қалыптастыру және зерттеу саласындағы проблемаларды шешу Ерте заман мен жаңа заман экономистерінің ойларын талқылау, сонымен қатар денсаулық сақтау саласының экономикалық өмір сферасындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларды бағалау және түсіндіру 3, 4, 5
D Ақпараттарды жинау мен интерпретациясын қалыптастыру, әлеуметтік, этикалық, ғылыми негіздерді ескеру Экономиканың негізгі проблемалары негізінде ақпарат қолдану, жеке көзқарасын білдіру, презентация түрінде реферат, жобалар дайындау және тәжірбиелік сабақта пайдалану. 3, 4, 5, 7
Барлық ақпараттар мен проблемалар шешімі жайлы мамандар мен маман еместерге хабарлау Студенттерге /оқытушыларға/ экзаменаторларға экономикалық теориялар негіздерінің негізгі тақырыптары бойынша алған білімдері негізінде өз ойын жеткізе білу 3, 4, 5, 7
Е Өз бетінше оқуды жалғастыру мүмкіндігі Әлеуметтану (әлеуметтік әдістер көмегімен нарықтық контексте үлкен әлеуметтік топтардың өкілдері ретінде адамдардың мінез-құлқын зерттейтін жалпы әлеуметтану саласы ретінде экономикалық әлеуметтануды өз бетімен оқуды жалғастыру қабілеті). Философия (экономика негіздері ғылымын философиялық тұрғыда қарастыру кезінде шаруашылық, жеке меншік, тауар және ақша философиясы, экономикалық саясат, бөлу принциптері, қоғамдағы тұтынушылық таңдау, бюрократияның экономикалық табиғатын, сонымен қатар шаруашылық этиканы қоса өз бетімен оқуды жалғастыру қабілеті). 4, 7

 

Құзыреттіліктердің тізімі: 1. Биомедициналық білім. 2. Клиникалық дағды 3. Коммуникативті дағдылар 4. Ғылыми зерттеулердің дағдылары 5. Топта жұмыс істеу дағдысы 6. Кәсіби 7. Тұрақты өзін өзі жетілдіру дағдысы

 

Реквезитке дейінгі: Қазақстан Тарихы (мектеп бағдарламасы)

Реквезиттен кейінгі: Әлеуметтану, Философия

 

Пәнінің қысқаша мазмұны.

Пәнді оқу кезінде негізгі теориялық көзқарас, негізгі экономикалық құбылыстардың мәні, нарықтың өзін-өзіреттеу механизмдерін, экономиканы реттеудің принциптерін қарастыру. Мемлекеттік реттеу сұрақтары қарастырылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарттарына көп көңіл бөлінеді

Денсаулық сақтау экономикасына кіріспе. Денсаулық сақтау экономикасының пәні, мақсаттары және міндеттері. Экономика терминіне анықтама, даму кезеңдері. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері, танып білу әдістері. Экономикалық заңдар, категориялар. Денсаулық сақтау экономикасының түсінігі. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы. Қоғамдық өндіріс түсінігі. Өндірістің атқаратын қызметтері, түрлері. Өндірістік факторлар түсінігі. Экономикалық ресурстар. Өндірістің негізгі мәселесі. Денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік. Меншік түсінігі, даму кезеңдері. Меншік түрлері. ҚР жекешелендіру кезеңдері, ҚР меншік түрлері. Кәсіпкерлік түсінігі, түрлері. Денсаулық саласында кәсіпкерлікті ұйымдастыру негізі. Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары. Денсаулық сақтаудың негізгі үлгілері. Экономикалық жүйе түсінігі, типтері. Дәстүрлі экономикалық жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері. Жоспарлы экономикалық жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері. Аралас экономикалық жійенің ерекшелігі. Нарықты экономикалық жүйенің ерекшелігі. Денсаулық сақтау саласының негізгі үлгілері. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша. Натуралды шаруашылық:оның белгілері мен ерекшеліктері. Тауар өндірісінің пайда болу себептері. Маркстік және маржиналистік теория тауар өндірісінің категорияларының мәні туралы.Тауар: мәні, қызметтері. Еңбек құн теориясы. Шекті пайдалылық теориясы. Ақшаның пайда болуы, қызметтері және түрлері. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Нарық экономикасы жүйе ретінде және оның элементтері. Нарықтың қалыптасу жағдайлары, мәні және қызметтері.

Нарық түрлері. Қазақстандық нарықтық экономика үлгісі. Сұраныс пен ұсыныс. ҚР медициналық қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігінің концепциясы. ҚР медициналық қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Бәсеке және монополия. Медициналық қызмет нарығындағы бәсекелестік. Бәсекенің мәні. Жетілген бәсеке теориясы. Таза монополия нарығы: сипаттамалары, түрлері, сұраныстың ерекшелігі. Пайданы мейлінше көтеру.Қысқа және ұзақ мерзімдегі бәсекелес монополияның тепе-теңдігі. Олигополия нарығы және оның моделдері. Антимонополиялы заңдылық және антимонополиялық саясат. Медициналық қызмет нарығындағы бәсекелестік. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым. ҚР-дағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру. Негізгі және айналым капиталы. Кәсіпорын қорларының құрылымы.Өндіріс уақыты және айналым уақыты. Кәсіпкерлік капиталды тиімді қолданудың көрсеткіштер жүйесі. ҚР-дағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру. ҚР-ның денсаулық сақтау саласына шығындар. Өндіріс шығындарының ұғымы және олардың құрылымы. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.Фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары (FC, VC, TC, MC, AC) және оларды графиктің көмегімен сипаттау.Ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындарының ерекшеліктері. Фирманың жалпы және орташа табысы. Фирманың пайдасы. ҚР-ның денсаулық сақтау саласына шығындар. Өндіріс факторларынын түсетін табыстар. Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы еңбек ақы. Пайданың экономикалық табиғаты. Еңбек ақы. Еңбек ақы формалары және жүйелері.Пайыз капитал табысы ретінде. Пайыз ставкасын анықтаушы факторлар.Экономикалық рента жер және оның қойнауын пайдаланудың табыс формасы ретінде. Жер бағасы.Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы еңбек ақы. Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика. ҚР-дағы медициналық кластердің дамуы. Ұлттық экономика және оның мақсаттары. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың ерекшеліктері. Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері: табыстар және шығындар легі бойынша. Жалпы ұлттық өнім шығындарын өлшеудің индексті әдісі. Дефлятор. Жалпы ішкі өнім. Таза ұлттық өнім. Ұлттық табыс. Жеке табыс. Қолдағы жеке табыс.ҚР-дағы медициналық кластердің дамуы. Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу. Экономикалық тепе-теңдіктің «AD-AS» үлгісі. Жиынтық сұраныс (AD) және оның факторлары. Жиынтық усыныс (AS) және оның факторлары. AD және AS –тың өзара байланысы. Экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделі. Сэй заңы және оның кемшіліктері.Экономикалық тепе-теңдіктің кейнстік моделі. «Табыс-шығын» моделі. Тиімді сұраныс. Экономикалық өсудің мәні, типтері, қарқыны және факторлары.Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық. ҚР-ның денсаулық сақтау Министрлігіндегі медициналық қызметін бақылау комитеті. Циклдық сипат – экономикалық дамудың заңды формасы ретінде. Экономикалық циклдың типтері және факторлары. Циклдың экономикалық табиғаты.Дағдарыстардың мәні және олардың классификациясы. Жұмыссыздық пен инфляция. Жұмыссыздық пен инфляцияны мемлекеттің реттеуі. ҚР-ның денсаулық сақтау Министрлігіндегі медициналық қызметін бақылау комитетінің қызметтері және міндеттері. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары. «2011-2015 жылдарына Саламаты Казахстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру сұрақтары

Нарықтық экономиканы мемлекеттің реттеуінің қажеттілігі. Мемлекеттік реттеу әдістері. Ақша жүйесі және оның элементтері. Ақша агрегаты. Несие жүйесі. Несиенің формасы және түрлері. Қазіргі банк жүйесінің құрылымы. Монетарлы саясат және оның құралдары. Мемлекеттің фискальды саясаты және оның мақсаттары. Лаффер қисығы. «2011-2015 жылдарына Саламаты Казахстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру сұрақтары

Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты. Медициналық қызмет нарығында ҚР халқының әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары. Нарықтық табыстарды бөлу және қолдану. Табыстардың дифференциациясы. Нарықтық экономикадығы кедейшілік және теңсіздік мәселелері. Қоғамның табыстарын қайта бөлу механизмі. Лоренц қисығы. Джинни коэфициенті. Мемлекеттік әлеуметтік саясаты. Әлеуметтік қорғау жүйесі және оның формалары. Медициналық қызмет нарығында ҚР халқының әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары. Халықаралық экономикалық қатынастар. Денсаулық сақтау саласының халықаралық ұйымдар. Халықаралық еңбек бөлінісінің тиімділігі. Салыстырмалы артықшылық теориясы және оның дамуы. Халықаралық валюта қатынастары және казіргі валюта жүйесі. Денсаулық сақтау саласының халықаралық ұйымдар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Халықаралық сыртқы сауданың қажеттілігі. Сауда саясаты және оның құралдары. Сыртқы саудадан ұтыста болу. Капитал мен еңбек ресурстарының халықаралық миграциясы. Капитал мен еңбек ресурстарының халықаралық миграциясының себептері. Халықаралық экономикалық интеграция ұлттық экономиканы интернационализациялаудың формасы ретінде.

1 қорытынды тапсырма ТС, ОСӨЖ және СӨЖ келесідей тақырыптардан тұрады:







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1453. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия