Студопедия — Силлабус. «Балалар мен жасөспірімдер медициналық және санитарлық –эпидемиологиялық қамтамасыздандырылуы» электив пәні
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Силлабус. «Балалар мен жасөспірімдер медициналық және санитарлық –эпидемиологиялық қамтамасыздандырылуы» электив пәні

«Балалар мен жасөспірімдер медициналық және санитарлық –эпидемиологиялық қамтамасыздандырылуы» электив пәні бойынша

5B110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған

 

Дәріс _____ 10 (сағат)

 

Тәжірибелік сабақ ____ 20(сағат)

 

ОСӨЖ __ 30 (сағат)

 

СӨЖ __ 30 (сағат)

 

Емтихан ___ 10

(семестр)

Барлық сағат____ 90

 

Курс ______ 5

 

Семестр 9-10

 

Астана, 2014

 

 

2. Бағдарлама.

2.1 Кіріспе.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығы, сонымен қатар басқа халықтың топтары және әлеуметтiк факторларға бағынышты болуы, ата-аналардың денсаулығын, қоршаған ортаның күйiн, күнкөрiс көзін және бiлiм беретiн мекемедегі баланың тәрбиесi қадағалау. Балалар құрамын қалыптастыратын мәндi факторлар, денсаулықтарына, тәрбие жүйесіне, дене тәрбиесiне, психикалық денсаулықтың қорғауына қоса, сонымен бiрге дәрiгерлiк жәрдемнiң ұйымының болуы.Мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың қазiргi кезеңде тиiмдi медициналық қызметпен дұрыс қамтамасыз етiлуі және олардың денсаулық деңгейін жақсартуына шешім қабылданады.

2.2 Пәннің мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге дәрігерлік және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету туралы ұсыныс беру керек

2.3 Міндеттері:

1. Мектепке дейінгі ұйымдарды дәрігерлік қызмет көрсету негіздерімен таныстыру;

2. Орта білім және интернатты ұйымдарға дәрігерлік қызмет көрсету туралы ұсыныс беру;

3. Балалар мен жасөспірімдерге денсаулық күйлерін бағалауды үйрету;

4. Балалар мен жасөспірімдерге санитарлық-гигиеналык шараларды және тәрбиелерін дұрыс ұстауды үйрету;

5. Мекемелерде санитарлық-гигиеналық, сонымен қатар мемлекеттік- санитарлық қадағалауды жүзеге асыруды үйрету;

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

1. Балалар мен жасөспірімдерге санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық түсінікпен қамтамасыз ету;

2. Балалардың денсаулық күйлерін бағалау критерийлері;

3. Балалардың биологиялық жетілулері және функционалдық күйлерін бағалау белгілері;

4. Балалардағы метеотропты аурулар;

5. Балалар мен жасөспірімдердің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануы;

6. Балалар мен жасөспірімдердің негізгі нормативтік заңға сәйкес сүйенген акт және балалар гигиена бойынша әдістемелік құжаттар:

В. Студент білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті:

1 Балалар мен жасөспірімдердің мекемелеріндегі бөлмелердің гигиеналық көрсеткіштерін анықтауға баға беру;

2. Бөлмелердің микроклимат, жарық параметрлерін қолдана отырып, балалар мен жасөспірімдердің мектептік және мектепке дейінгі мекемелерін рационалды ұсыну;

3. Физикалық тесттер бойынша балалардың физикалық дайындықтарын бағалау;

4. Мәзір құру керек - «Негізгі азықтық заттар мен қайрат қажеттілігінің нормалары»;

5. Дәрумен және алиментарлы кәсіби аурулардың профилактикасына тиімді қоректенуді ұйымдастыру.

D. Студенттің коммуникативтік қабілетілігі болуға тиісті:

1. Пән аралық топтарда жұмыс істей білу;

2. Өзінің ғылыми зерттеу жумыстарының нәтижесін адамдарға жеткізе білу.

Е. Студент оқуға қабілеттілігін көрсете білуге тиісті:

1. Жаңа ғылыми мәселелерді өз бетімен зерттей білу;

2. Ашылған жаңалықтардан және әдістерден хабардар болу мүмкіндігін пайдалану, сонымен қатар оларды қолдану туралы кәсіпті түрде кеңес бере білу;

3. Бала және жасөспірімдер мекемелеріндегі дәрігерлік қызмет көрсетулерді бағалау;

2.5 Реквизитке дейінгі: экология, биохимия, патологическая физиология

2.6 Реквизиттен кейінгі: еңбек гигиенасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары:

Дәрістің тақырыптық жоспары:

  Тақырыптар Өткізутүрі Ұзақтығы
  Кредит №1    
1. Балалар мен жасөспірімге медициналық көмек көрсету Кіріспе дәріс  
2. Мектепке дейінгі мекемелерге дәрігерлік қызмет көрсету. Шолу дәрісі  
3. Орта білім ұйымдарына дәрігерлік қызмет көрсету. Шолу дәрісі  
  Интернаттық ұйымдарға дәрігерлік қызмет көрсету. Шолу дәрісі  
  «Мектеп - бала-бақша»кешені Шолу дәрісі  
  Кредит №2    
  Есептік-есеп беру құжаттама МДМ және орта білім ұйымдары   Шолу дәрісі  
  Балалар мен жасөспірімдердегі метеотропты аурулар   Шолу дәрісі  
  Интернат балалары мен әртүрлі кәсіби аурумен ауыратын балалардың күн тәптібі Шолу дәрісі  
  Көрудің нашарлауы анализаторының профилактикасы   Шолу дәрісі  
  Мектептегі балаларға қойылатын гигиеналық талаптар. Шолу дәрісі  
  Қорытынды    

 

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары Өткізу түрі Ұзақтығы
  Кредит №1    
  Медициналық қызмет көрсетуді бағалау Шағын топтарда жұмыс, жағдайларды модельдеу;  
  Балалар денсаулық жағдайын бағалау Шағын топтарда жұмыс,ауызша сұрау;  
  Жер телімін зерттеу Тесттік тапсырмалар мен жағдаяттық тапсырмаларды шешу, ауызша сұрау;  
  Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібін бағалау. Оны құрастыру ерекшеліктері. Тесттік тапсырмалар мен жағдаяттық тапсырмаларды шешу, ауызша сұрау;  
  Ғимараттарды тексеру Тесттік тапсырмалар мен жағдаяттық тапсырмаларды шешу, ауызша сұрау;  
  Кредит №2    
  Физикалық тәртіпті гигиеналық бағалау Шағын топтарда жұмыс, жағдайларды модельдеу;  
  Тағамтану мекемесін тексеру Тесттік тапсырмаларды шешу және жағдайларды модельдеу;  
  Санитарлық жағдайларды бағалау Шағын топтарда жұмыс,ауызша сұрау, жағдайларды модельдеу;    
  Физикалық тәртіпті медициналық бақылау Шағын топтарда жұмыс,ауызша сұрау, жағдайларды модельдеу;    
  Дәрiгерлiк кәсiби кеңестi жүргiзудiң әдiстемесi және жасөспiрiмдердiң кәсiби жарамдылығын анықтау тесттік тапсырмаларды шешу және жағдайларды модельдеу;    
  Барлығы: 20сағ

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары (ОСӨЖ):

ОСӨЖ тақырыптары Өткізу түрі Ұзақтығы
  Кредит №1    
  Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы мен денсаулық жағдайларын зерттеу үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Зерттеудің көрсеткіштік әдістемесі, балалар және жасөспірімдердің денсаулықтарын контингенттік күйде бағалау үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Физикалық дамуды зерттеу және бағалау әдістемесі үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Ұжымдағы балалардың физикалық дамуын бағалау әдістемесі үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Аралық бақылау үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Кредит №2    
  Физикалық тәрбиедегі медициналық бақылау үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Шынықтыру ұйымын дәрігерлік бақылау әдістемесі үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі тамақтануды гигиеналық бағалау үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Оқушылардың функционалдық күйлері және жұмысқа қабілеттіліктерін зерттеу әдістемесі үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Аралық бақылау үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация  
  Барлығы:  

 

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары:

СӨЖ тақырыптары Өткізу түрі Ұзақтығы
  Кредит №1    
  Балалар мен жасөспірімдердің ОЖЖ анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қажуды алдын алу презентации    
  Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру презентация  
  Балалар мен жасөспірімдердің УФ жетіспеушілікті алдын алу презентация  
  Балабақша ұйымының тәрбиелік күн тәртібі презентация  
  Түрлі жастағы балалар тобының киімін және аяқ киімін модельдеу ерекшеліктері Курстық жұмыс  
  Кредит №2    
  Акселерация Жағдаяттық тапсырмалар  
  Балалар мен жасөспірімдердің алыстан көрмеушіліктің алдын алу презентация    
  Инфекциялық аурулардың алдын алу презентация  
  Балалар мекемесінің медициналық қызметкерлер жұмысының мазмұны презентация  
  Түрлі жастағы балалардың жоғарғы жүйкенің қызметінің ерекшеліктері презентация  
  Барлығы: 30сағ

2.8 Сабақ беру және оқыту әдiстерi:

· Дәрістер: Кіріспе, шолу

· Тәжірибелік сабақтар: тесттік тапсырманы және жағдаяттық тапсырманы шешу, ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс, жағдайды модельдеу;

· Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратың жұмысы (ОСӨЖ): үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация

· Студенттің өз бетінше атқаратың жұмысы (СӨЖ): курстық жұмыс, презентация, жағдаяттық тапсырма

2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

· Ағымдық бақылау: тесттеу, жазба/ауызша сұрау, жағдаяттық тапсырмалар, тәжірибелік дағдыларын бағалау.

· Аралық бақылау: коллоквиум.

· Қорытынды бақылау: емтихан,ауызша сұрау

2.10 Ұсынылатын әдебиет:

негізгі:

Орысша

1. Гигиена детей и подростков: Учебник /Под ред. В.Р.Кучма. - М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008.- 480 с.

2. Гигиена детей и подростков: Учебник /Под ред. Неменко Б.А.. – Алматы-2013- 297 с.

қосымша:

1. Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к условиям воспитания, обучения и трудовой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. М.Медицина. - 2006.

2. Голубев В.В. и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. – М.: Издательский центр «Академия».2000.-200 с.

3. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными терминалами.- М.: Медицина, 2000.- 160 с.

 

Қазақша

Негізгі:

1. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық – Алматы «Ғылым». – 2002. – 300 бет.

2. Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы. – Алматы. Ғылым баспа орталығы. 2008.

қосымша:

1.Төлемісова А.М., Қасмақасов С.Х. Қазақстан Республикасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі. Әдістемелік оқу құралы. – Алматы 2008. – 230 бет.

2.9 Оқыту әдістері

· Дәріс: енгізу,проблемалық.

· Тәжірибелік сабақтар: тест тапсырмалары мен жағдаяттық тапсырмаларды шешу, ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс істеу: жағдайды модельдеу;

· Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ): үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация өткізіледі.

· Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ): реферат, презентация

2.10 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

· Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, жағдаяттық

тапсырмаларды шешу, практикалық машықтарды

· Аралық бақылау: коллоквиум.

· Қорытынды бақылау: емтихан, ауызша сұрау

 

 

 

Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі

Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдың цифрлық эквиваленті Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59  
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз
Балы Ауызша сұрау.
100 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Жауап толық, әрі дұрыс. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Спецификалық терминологияның негізгі терминдерін тірекке ала отырып, өз ойын сауатты, еркін жеткізе алады. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды; аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. Емдеудің классикалық түрлерін жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда өзіндік көзқарасын білдіріп, емдеудің өзге де тәсілдерін ұсына алады.
90 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді. Деректерді бағалай біледі, өздігінен ақылға салады, қорытындыны негіздеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді және оларды логикалық бірізділікпен түсіндіреді, бірақ жалпы мінездемелерде кейбір қателер жібереді, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде өзін жоғары деңгейде көрсетті. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.
85 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді, бірақ кейде теориялық қорытындыларды негіздей алмайды және логикалық негіздемелерді бере алмайды, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде жақсы деңгейді көрсетті, негізгі және қосымша материалдарды (басқа оқулық) пайдаланады. Студент сұраққа сенімсіз жауап береді. Кейде қателер жібереді және өзі түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Логикалық, клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.
80 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды жақсы меңгергендігін көрсетті. Бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі біліммен жақсы меңгергендігін көрсетеді, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады, өзінің көзқарасын жеткізе алады. Студент қателер жібереді және оқытушының жаңа сұрақтар қоюы арқылы түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.
бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, пайымдауда қателер жібереді, осыған қатысты бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі білім деңгейінің жақсы екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін нақты сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Тек қана оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті айқын.
70 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде білімін еркін қолдану оған қиынға соғады. Практикалық машықтарды орындаудың техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді емес. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін бөлшектеп сипаттап, дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық емес.
   
60 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең түсінбейді, логикалық ойларын негіздей алмайды, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Практикалық машықтарды қорытындылауды білмейді және тұжырымдай алмайды. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады, тексерудің қосымша әдістерін баяндай алмады. Дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге жасай алады, аурудың этиологиясы, патогенезі жөніндегі мәліметтерді толық қолдана алмады, болжаммен анықтады. Клиникалық ойлауды меңгермеген.
50 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды талдауда белсенділік танытпады, сондықтан бұрынғы оқыған пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп, оқытушының жаңа сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды. Практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді. Қорытынды жасай алмайды, сонымен бірге зерттеудің нәтижесін де сипаттай алмайды. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін, қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады және дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасай алмады. Диагноз қоюды бөлшектеп сипаттады. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге ғана жасай алады, түрлі аурулардың этиологиясы, патогенезі туралы мәліметтерді толық қолдана алмады, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ.
0 бал Студент сұраққа жауап бергенде тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Практикалық машықтарды білмейді. Жауап бере алмайды.

РРБ-на әрбір себепсіз қатыспағаны үшін 1 балл шегеріледі.

Білім алушылар рейтингісінің бағасы ағымдық және аралық бақылаудың бағаларынан құралады.

Пән бойынша рейтинг келесі формуламен есептеледі:

РРБ=(АББхX +РББхY + СӨЖхZ)

РРБ - рұқсат рейтингісінің бағасы.Сабаққа немесе емтиханға рұқсат рейтингінің бағасы. Бұл практикалық сабақтан, аралық бақылаудан алған және СӨЖ- ден алған балының орташа көрсеткішін есептегендегі алынған орташа бағасы.

АББ – практикалық сабақтан алған орташа баға (ағымдық бақылаудың бағасы) СӨЖ – СӨЖ- дің орташа бағасы

Рұқсат рейтингісі -студенттің қорытынды бағасы, кемінде 50 балл болуы керек.

Рұқсат рейтингісінде50 балдан төмен болса, қорытынды баға есептелмейді.

Білім алушылардың семестрлік балы 50 не одан жоғары болса емтиханға кіруге рұқсат беріледі.

Пән бойынша қорытынды бағағарұқсат рейтингісінің және қорытынды бақылаудың бағалары қоса есептеледі. Қорытынды бағаны есептегенде әрбір компоненттің үлесі есептеледі:

рұқсат рейтингісінің бағасы - 60%-ды құрайды, қорытынды бақылаудың бағасы - 40%-ды құрайды.

Білім алушының пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингісі білім алушы рұқсат рейтингісінен де, қорытынды бақылаудан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. (ҚБ) есептеуде емтихан қабылдаушы келесі формулаға сүйенеді:

ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4

Қорытынды бақылау 2- кезеңде өткізілген жағдайда 1 және 2- кезеңдегі емтихан бағалары ведомостың тиісті графаларына жеке-жеке қойылады және ҚБ келесі формулаға сәйкес есептеледі:

ҚБ= РРБ* 0,6 +(ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4

Пәндер бойынша ҚБ қорытынды бақылаудың әрбір кезеңдері бойынша тек оң баға (ҚББ≥50 бал) алған жағдайда ғана есептеледі.

Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды бақылаудан (ҚБ) қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қорытынды баға (ҚББ) есептелмейді.

 

Студенттердің білімін 100 % жүйе бойынша бағалау критериі:

жазбаша сұрау және СӨЖ

А - 4,0, А- 3,97

- СҒЗЖ және конференцияға қатысу СӨЖ және ОСӨЖ, практикалық жұмысы шығармашылық презентациясы шығармашылықты және көрнекті болу, презентацияға койылатын негізгі талаптар жоғары деңгейде сақталуы, жұмыс уақытында тапсырылуы, ақпарат кітаптан және монографиялардан, интернеттен алынған ақпаратты қарау және сараптама жүргізу, тесттік бақылау сұрақтарына дұрыс жауаптың болуы (қате 0-2) құқықтық нормативтік актілермен тіркеу есептік формалармен жұмыс жасай білуі, программа материалдарын өз бетінше жүйелеуді білуі.

85% - 89% -В+ 3,33

- СҒЗЖ қатысу, СӨЖ, ОСӨЖ және практикалық сабақтары бойынша презентация шығармашылықты және көрнекі, презентацияның негізгі талаптары орындаулы тиіс, бірақ әзірлегенде кішігірім қателіктер бар, жұмыс уақытылы өткізілген, интернеттен алынған материалдырды саралау және қарау, тесттік бақылауға дұрыс жауап беру (қате 0-3), құқықтық нормативтік актілермен, тіркеу- есеп беру формаларымен жұмыс жасай білу, программа материалдарын өз бетінше жүйелеу білу.

В -3,0

- СҒЗЖ қатысу, СӨЖ, ОСӨЖ бойынша презентация шығармашылықты және көрнекі, жұмыс презентация қойылатын негізгі талаптарға сай, бірақ жұмыс мазмұнынан кішігірім қателер және қатені студенттің жөндеуі интернеттен алынған ақпараттардың сараланып,қаралуы, тесттің бақылау сурақтарына дұрыс жауап (қате 0-3), құқықтық нормативтік актілермен, тіркеу есеп беру формаларымен жұмыс жасау, программалық материалды өз бетінше жүйелей білу.

 

В -2,67

- СҒЗЖ қатысу, СӨЖ,ОСӨЖ бойынша шығармашылықты және көрнекі презентация, жұмыс негізгі талаптарға сәйкес бірақ жұмыс мазмұнында көптеген қателер, кітаптан алынған ақпаратты саралау және карау, тесттік бақылау сұрақтарына дұрыс жауап (қате 3-6), құқықтық және нормативтік актілермен тіркеу есеп беру формаларымен жұмыс жасау, тақырыпты толық емес меңгеру.

 

70%-74% -С+ 2,33

- СӨЖ және ОСӨЖ бойынша презентация, жұмыс презентацияға қойылатын негізгі талаптарға сәйкес, бірақ мазмұнында күрделі қате болу, аудиторияларда жұмысты қорғау қабілетін корсетпеді, әдебиетті жеткіліксіз пайдалану, тесттік бақылау сурақтарына дұрыс жауап (қате 0-7), құқықтық және нормативтік актілермен, тіркеуесеп беру формаларымен жұмыс жасау, тақырыпты жеткіліксіз меңгеру.

С 2,0

- СӨЖ және ОСӨЖ бойынша презентация, жұмыс өте күрделі қателрмен жасалу, уақытысында өткізу, аудиторияда қорғау қабілетін көрсетпеу, қажетті әдебиетті қолданбау, тесттік бақылау сұрақтары 7-9 ға дейін қателермен жасалу, тақырпты толық емес меңгеру.

С 1,67

Реферат- кітаптан түсінік айту, сабаққа дайындалу барысында практикум, әдістемелрді, қосымша әдебиетті пайдаланбау, тақырып бойынша қорытынды және өз ойын білдіе алмау, тапсырманы орындауы пассивті, жауапсыз, тесттік бақылау сұрақтарын 7-9 ға дейін, қатемен жазу, тапсырманы кешіктірп және толық емес өткізу.

50% - 59% - Д+ - 1,33, Д 1,0

Мәліметтерді саралай алмау, пәннің негізгі өзегін құрай алмау, пәннің фундаментальді негізін және басқа пәндермен сәйкестігі болмау,оқу материалдарын әлсіз меңгерді.

50% төмен

Мәліметтерді сараламау, пәннің негізгі өзегін құрай алмау, пәннің фундаментальді негізін және басқа пәндермен сәйкестігін білмеу, мәліметті түсіргенде және жұмысты әрлеуде күрделі қателер жіберу, Жұмыс өте кқп кешіктірілген.

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Объяснения участников и очевидцев дорожно-транспортного происшествия | Список профессорско-преподавательского состава.

Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1055. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия