Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

A) 2002 ж 9 тамыз




B) 2002ж 30наурыз

C) 2002ж 29мамыр

D) 2002ж 6ақпан

E) 2002ж 6маусым

 

3. ҚР Прокуратурасын Ұйымдастыру;оның қызметінің тәртібі және прокурордың өкілеттілігі кімнің бҰйрығымен айқындалады?

A) Бас прокурордың бұйрығымен

B) сот төрағасымен

C) Өкіметтің

D) Парламенттің

E) ҰҚК

 

4. ҚР Бас прокурорының өкілетті мерзімі?

A) 5

B) 8

C) 3

D) 7

E) 4

 

5. ҚР Бас прокурорын Парламент сенатының келісімімен кім тағайындайды?

A) Прецидент

B) Мәжіліс депутаты

C) сот

D) адвокаттың

E) Өкіметтің

 

6.ҚР Бас прокуратурасына кім басшылық етеді?

A) Бас прокурор

B) облыстық прокурор

C) судья

D) тергеуші

E) адвокат

 

7. Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары тиісті прокупрордың..... бекітіледі

A) бұйрығымен

B) қаулысымен

C) Ұйғарыммен

D) өтінішімен

E) Ұсынысымен

 

8. ҚР «Прокуратура туралы» заңында неше тараудан және неше баптан тұрады?

A) 12тарау 59бап

B) 12тарау 68бап

C) 8тарау 23бап

D) 16тарау 88бап

E) 12тарау 93бап

9. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңының нешінші бабында көрсетілген?

A) 25бап

B) 43бап

C) 12бап

D) 4бап

E) 28бап

 

10. Қай процесте азаматтық сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мїдделерін білдіруге байланысты өкілеттілігі туралы баяндалады?

A) азаматтық

B) қылмыстық

C) әкімшілік

D) ҚР Конституциясы

E) мемлекеттік құқықтық теория

 

 

№ 2 тест тапсырмалары

1. ҚР прокурорлық қадағалау қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын тұлға?

A) прокурор

B) судья

C) тергеуші

D) адвокат

E) анықтаушы

2. 2002 жылы 9 тамызда қабылданған заң?

A) «Прокурорлық қадағалау» туралы заң

B) ҚР Азаматтық қҰқық

C) ҚҰқық қорғау органдары туралы заң

D) Неке және отбасы

E) Әкімшілік қҰқық

3.Бас прокурордың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босататын орган?

A) ҚР Парламент сенаты

B) ҚР Парламент мәжілісі

C) ҚР судьясы

D) Ішкі істер органы

E) ҚР Президенті

 

4. Азаматтық іс жүргізу заңында прокурордың азаматтық іс жүзгізуіне қатысының неше нысаны көрсетілген?

A) 2

B) 8

C) 4

D) 6

E) 3

 

5. Прокурор жазбаша түрде

A) барлық жауап дұрыс

B) қылмыс жасады деп сезік келтірген немесе айып тағылған адамды қамауға алуға

C) Қылмыстық іс жїргізу заңдарында көзделген жағдайларда тінту

D) айып тағылған адамды сараптама жїргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру

E) шетелдіктерді әкімшілік тәртіппен аластау үшін ұстауға

 

6. ҚР Конституциясының бабының тармағында не қарастырылған

A) әркім жеке басының бостандығына құқығы бар

B) отбасын асырауға байланысты мемлекеттің ақша төлеу туралы мәселесі

C) мемлекеттік тіл туралы

D) парламенттің қызметі туралы

E) зейнетақы туралы

7. Прокурордың санкциясынсыз адамды қанша сағаттан аспайтын мерзімге ғана жїргізіледі?

A) 72сағ

B) 36сағ

C) 10тәулік

D) 25тәулік

E) 1жыл

 

8. Әлемде қамауға алуға соттық емес санкция беру қанша мемлекетте ғана жүргізіледі?

A) 15аса мемлекете

B) 20

C) 30

D) 5

E) 75

 

9. Прокурордың өтінішіне мемлекеттік баж бен өзге де салымдар салынады ма?

A) салынбайды

B) салынады

C) салынады егер бҰны пркурор талап етсе

D) дұрыс жауап жоқ

E) кей кездерде салынуы мїмкін

 

10. Прокурор нұсқау бере алады:

A) барлық жауап дұрыс

B) қылмыстық істерді қозғаумен тергеу жүргізуге байланысты анықтама және тергеу органдарына

C) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға

D) заңмен белгіленген өзге де жағдайларда нұсқау береді

E) заңмен белгіленген өзге де жағдайларда және жеделіздестіру қызметін жїзеге асыратын орган

№ 3 тест тапсырмалары.

1. Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының қай бөліміне енгізілген?

A) «соттар және сот төрелігі»

B) «Парламент»

C) «Їкімет»

D) «Жалпы ережелер»

E) «Конституциялық кеңес»

 

2. Прокурорлық қадағалау ҚР мемлекетіатынан жїзеге асырала ала ма?

A) асырады

B) асырмайды

C) маңызы жоқ

D) барлығы дҰрыс

E) заңда қарастырылмаған

 

3. Прокурорлық қадағалауесеп береді...

A) Президент

B) сот

C) ҰҚК

D) Өкімет

E) Ішкі істер министірлігі

 

4. Қай жылы «ҚР Прокурор туралы заң» қабылданды?

A) 1985ж 21желтоқсан

B) 1996ж 21 желтоқсан

C) 2003ж 21 желтоқсан

D) 1998ж 21 желтоқсан

E) 2006ж 21 желтоқсан

 

5. «Прокурорлық қадағалау мәселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қай жылы қабылданды?

A) 2002 ж 9 тамыз

B) 2002ж 30наурыз

C) 2002ж 29мамыр

D) 2002ж 6ақпан

E) 2002ж 6маусым

 

6. ҚР Прокуратурасын Ұйымдастыру;оның қызметінің тәртібі және прокурордың өкілеттілігі кімнің бҰйрығымен айқындалады?

A) Бас прокурордың бҰйрығымен

B) сот төрағасымен

C) Їкіметтің

D) Парламенттің

E) ҰҚК

 

7. ҚР Бас прокурорының өкілетті мерзімі?

A) 5

B) 8

C) 3

D) 7

E) 4

 

8. ҚР Бас прокурорын Парламент сенатының келісімімен кім тағайындайды?

A) Прецидент

B) Мәжіліс депутаты

C) сот

D) адвокаттың

E) Їкіметтің

 

9. ҚР Бас прокуратурасына кім басшылық етеді?

А) Бас прокурор

В) облыстық прокурор

С) судья

тергеуші

Е) адвокат

 

10. Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары тиісті прокупрордың..... бекітіледі

A) бұйрығымен

B) қаулысымен

C) Ұйғарыммен

D) өтінішімен

E) Ұсынысымен

 

СӨЖ арналған жалпы мақсаттары мен әдістемелік ұсыныстар.

Жалпы мақсаттар – қарастырылатын тақырыпты ашық талқылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет.

Әдістемелік ұсыныс.

«ҚР-дағы Прокурорлық қадағалау»курсы бойынша өзіндік жұмыс шеңберінде оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып таңдалған тақырыпты терең оқу. Таңдалған тақырыптарды барлық пәндер жүйесінде маңыздылығын анықтау; қаралатын сұрақтардың өзектілігін, олардың теориялық және тәжірибелік мәнін қоғам өміріндегі рөлін анықтау. Аталған курстың тиісті тақырыптарын оқи отырып, қолданыстағы заңдармен танысу және зерттеу. Қолданыстағы заңдардың өзерістеріне, ресми қабылданған және жарық көрген нормативтік құқықтық актілерге көңіл бөлу.

Жұмыс жоспарын жеке жасап, аталған курсты жүргізетін студенттерге бекіттіру, жұмысты жазу кезінде пайдалану және оқу үшін әдебиеттер тізімін жұмысқа тіркеу. Жұмыс текстін ғылыми жұмыстарды хаттастыру бойынша менеджмент сапа жүйесінің талабына сәйкес жасау.

Семинар сабақтарында реферат бойынша сөз сөйлеп, оның негізгі қағидаларын қорғау.

Өзіндік жұмысқа сабағына әр тақырыпқа тіркелген оқулық пен әдебиеттермен дайындалу керек. Бір семестр уақытында студент төмендегі жұмыс көлемін орындауы қажет:

таңдаған тақырып бойынша рефераттар және баяндамалар дайындау және қорғау. СӨЖ (студенттердің өзіндік жұмысы) тақырыптары бойынша конспект тапсыру

 

 

СӨЖ – дің күнтізбелі-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  1. ҚР мемлекеттік органдарының жүйесінде прокуратура органдары ның алатын орны.     4-апта 1) слайд 2) кесте құру 3) конспект  
Прокуратура органдары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары.
Прокурорлық қадағалау салалары.
Прокурорлық қадағалау курсының жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым қатынастары     7-апта 1) конспект, 2) слайд 3) конспект,
ҚР прокуратура органдарына кадрлар ды сұрыптау, орналастыру және тәрбиелеу.
Қылмыс және басқа құқық бұзушы -лықтармен күресу жөнінде құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру.
Прокуратура мен Республика Президентінің өзара іс-қимыл жасау түрлері.   11-апта 1) баяндама 2) конспект 3) кесте құру
Прокуратура және биліктің заң шығарушылық тармағы. Прокуратура және биліктің атқарушылық тармағы.
Прокуратура және сот тармағы.
Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурор лар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар.     14-апта 1) слайд 2) кесте құру 3) конспект    
Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау.
Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.
  Барлығы:    

Глоссарий:

1.Прокурор- француз тіліндегі procteur деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан-ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта мемлекет мүддесін білдіреді.

2.«Прокурорлық қадағалау» - прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР Конституциясын дәл сақталуына және ҚР барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және әрбір нақты жағдайларында кез-келген орындалуына тексеріс жүргізу болып түсіндіріледі.

3.Конституция- қоғамның негізгі тәртібін бекітетін мемлекеттің ең басты заңы. Елдегі аса маңызды өзгерістер конституцияда бейнеленіп, сол арқылы іске асады. Ата заң мемлекеттің қоғамдық құрылысын, саясатының негіздерін баянды етеді, азаматтардың, сондай-ақ азаматтық алмағандардың да құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін айқындайды. Сондықтан конституцияда мемлекеттің негізгі заңы болып табылады. ҚР конституциясы 1995жылы 30тамызда бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы референдумда қабылданды.

4.Кодекс - біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.

5.Заңдар – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.

6.Қылмыстық процесті жүргізуші орган – сот, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша істі сотқа дейін жүргізу кезінде прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы.

7.Республика Президенті- мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымды тұлғасы. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік, мемлекет тік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

8.Парламент - заң шығару қызметін жүзеге сасыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы.

9.Үкімет - ҚР атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызтетіне басшылық жасайды. ҚР Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

10.Салалар – бұл прокурорлық қадағалаудың біртұтас өзара байланысты бөлігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметінде бөлек-бөлек әрекет етеді.

11.Қадағалау- заңдылықты қамтамасыз ету бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметінің бір саласы.

12.Қадағалау сатысы- тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағым, наразылығы бойынша істі қадағалау тәртібінде қарайтын сот.

13.Қадағалау өндірісі- сот қадағалау тәртібімен шешімдерді қайта қарау азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде заңды күшіне енген шешімдерде анықталған қателерді жояды, сондай-ақ заңдылық талаптарына дәлме-дәл келетін сот тәжірибесінің біртұтастығын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қояды.

14.Қадағалау тәртібімен наразылық, шағым келтіру - Қадағалау тәртібімен наразылық, шағым келтіруге құқылы тұлғалар азаматтық іс жүргізу заңымен реттелген.

15.Наразылық келтіруге құқылы тұлғалар: ҚР Бас прокуроры, ҚР Бас пркурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, процеске қатысушылардың шағымдары бойынша ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, ҚР Жоғарғы Соты алқасының судьялары тиісті сот сатысына шағым жасалған сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгізеді.

16.Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны- қадағалау сатысындағы соттың қаулысы Қазақстан Республикасының ҚІЖК сәйкес аппеляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

17. Прокурорлық қадағалудың актілері-бұл өкілетіліктерін іске асыру тәртібінде тек қана прокурордың енгізетін өзгеше құқықтық актілері.

18. Ұғарым- заң бұзушылықты жою туралы жазбаша ұғарымды прокурор енгізеді және оны заң бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға, не жіберілген заң бұзушылықты жоюға өкілетті органға немесе лауазымды адамға жіберіледі деп белгілейді.

19.Прокурорлық қадағалау - прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР конституциясын дәл сақталуына және ҚР барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және әрбір нақты жағдайларда кез-келгенінің орындалуына тексеріс жүргізу болып түсіндіріледі.

20.ҚР прокуратурасы – республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті

Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.

21.Ақтау үкімінің күшін жою – прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай - ақ сот арқылы ақталған, ақталу негіздемелерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюы.

22.Бас прокурордың – жазбаша түрде Елбасының әкімшілігінеберілген ұсынымы бойынша, Бас прокурордың орынбасарларын, прокуратура ведомсваларының басшыларын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босататын орган.

23.Бас прокурор – Республика Конституциясына сәйкес, Президентінің қабылдаған заңдары мен жарлықтарын және өзге де нормативтік – құқықтық актілерді жүзеге асыру жөніндегі өкілеттікті атқаратын, еліміздің прокуратура органдарының жүйесіндегі лауазымды тұлға. Өзінен төменгі прокуратура қызметтеріне басшылық етеді. Бас прокурорды Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Істі соттарда қараған кезде заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретінің шегінде соттардың орналастыру отырыстарына, соттың бастапқы сатыдағы істі қарауына, шағым және қадағалау тәртібімен қатысады. Бас прокурор және оның қарауындағы прокурорлар тұтқынның ұсталатын, алғашқы үкім шығарылатын жерлерде және жазаның қолданылуы кезінде заңның сақталуын қадағалайды.

24.Бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс –бейне және өзге де хабарлары мен материалдары.

25.Бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс – бейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз таратудың басқа да нысаны.

26.Бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны.

27.Заң актісі – Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, заң Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы Сенат пен Мәжілістің қаулылары.

28.Заңды түсіндіру – органның немесе лауазымды адамның не азаматтың заңдарды білмеуі немесе дұрыс түсінбеуі салдарынан оларды дұрыс

қолданбауға әкеліп соғатын жеткілікті негіздер бар деп санаған ретте, прокурор заңның мазмұнын, ал қажет болған жағдайда заңды бұзған үшін көзделетін жауапкершілікті түсіндіреді.Құқықтық актінің жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда прокурор актіні қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға заңның талабын түсіндіреді.

29.Заттай дәлелдемелер – заттар, егер өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән – жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса.

30.Заңдылық – сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР ҚІЖК 10 бабының 1 бөлімінде көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндеттігі.

 

Дәріс кешені:

1 Дәріс.

Тақырып: Қазақстан Республикасындағы прокукрорлық қадағалаудың пәні мен міндеттері.

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының прокурорлық Қадағалаудың ұғымы мен маңызы.

2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері.Прокурорлық қадағалау курсының мәні.

3. Прокурорлық қадағалаудың салалары.

4. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының пайда болуы және дамуы.

5. Тәуелсіз Қазақстан прокуратура органдары.

Негізгі ұғымдары: Прокурорлық қадағалау,«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы,Салалар

1. «Прокурорлық қадағалау» термині : мемлекеттік қызметтің дербес түрі;заң ғылымының дербес саласы; оқулық деп түсіндіріледі.Прокурорлық қадағалау заң ғылымы ретінде қадағалауды, нысандарды, оны іске асыру құралдары мен тәсілдерін, қдағалауды іске асыру саласында қоғамдық қатынастарды дамытудың заңдылықтарын, осы қызметтің тиімділік және т.б. мәселелерін іске асыру бойынша прокурор қызметін реттейтін заңдылықтар туралы білімдерінің жинағын білдіреді.

Прокурорлық қадағалау ұғымы дегеніміз не?

Прокурорлық қадағалау– Бұл прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР Конституциясын дәл сақталуына және ҚР барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және әрбір нақты жағдайларда кез-келгенінің орындалуына тексеріс жүргізу болып түсіндіріледі.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы – Құқықтық мемлекет құруда заңдарды қолданудағы жоғарғы қадағалау.

 

2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері. Прокурорлық қадағалау курсының мәні.

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмұны, шешімдерінің құралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының құзыреті бойынша бөлінеді.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттері үш түрге бөлінеді:

Жалпы міндеттері – ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілермен, мысалға ҚІЖК,АІЖК – мен анықталады.

Арнаулы міндеттер – көбінесе Бас прокурордың шығарған бұйрықтарымен және өзге де құқықтық актілермен реттеледі.

Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады.Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты болады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, тұтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі,соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі.

Прокурорлық қадағалау курсының мәні дегеніміз құқықтық реттеу, тағайындау, міндеттері,функциялары, ҚР прокуратурасының қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары.Оның органдары мен мекемелерінің жүйесі және құрылымы, жоғары қадағалауды іске асыру кезіндегі прокурорлардың өкілеттігі, сотта мүддесін білдіру, қылмыстық қудалауды іске асыру, құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметтері, мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіру.

3. Прокурорлық қадағалаудың салалары.

Салалар –бұл прокурорлық қадағалаудың біртұтас өзара байланысты бөлігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметінде бөлек-бөлек әрекет етеді.

Прокурорлық қадағалау салаларын Президент анықтайтын жеке міндеттердің ерекшеліктерімен, немесе криминогендік жағдайдың не заң салаларындағы ерекшеліктермен белгіленетін прокуратура қызметтерінің жеке бағыттарымен араластыруға болмайды.

ҚР Конституциясының 83-бабына,ҚР «Прокуратура туралы» Заңына және ҚР Бас прокурорының бұйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің келесі салалары анықталады:

1.Республика аймағындағы заңдардың және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуын қадағалау;

2.жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау;

3.сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот қаулыларының, сондай-ақ әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;

4.Заңда белгіленген шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

4. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының пайда болуы және дамуы

Қазақ АССР прокуратурасы «Прокурорлық қадағалау туралы ережені» 2-ҚАЗОАК шақырылуындағы 3-сессиясының қаулысымен 1922 жылдың 13- шілдесінде бекітілген.

1923 жылдың аяғына қарай ҚазССР әділет халық комиссариатының прокуратура бөлімінде төрт кіші бөлімдер ұйымдастырылған:

1. Жалпы басқару (ұйымдастырушы-нұсқаушы)

2. Жалпы қадағалау жөнінідегі

3. Тергеу мен анықтау органдарын, КТУ және бас бостандығынан айыру орындарын бақылау жөнінідегі

4. мемлекеттік айыптаушы және сот қадағалау (Жоғарғы Сот жанындағы прокурорлар).

Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары 1991 жылғы 17 қаңтарда республика Президенті қол қойған «ҚР прокуратура туралы» ҚР Заңымен реттеліп құрылды.

2 Дәріс

Тақырып: Прокуратура органдары қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері.

Жоспар:







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 949. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.03 сек.) русская версия | украинская версия