Желтоқсан жаңғырығы(Кездесу кеші)
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну. Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасына байланысты слайдтар, суреттері, буклет, банер, бейнематериалдар. Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздік бастауы болған- Желтоқсан оқиғасына міне 25жыл, Тәуелсіздігімізге 20жыл толып отыр.Айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген апаларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Қошеметпен қарсы алу.
Орыны ағалардың бізбен толсын, Сәбилер ағалардың жолын қусын, Бір минут үнсіздікпен еске алайық, Әруағы ағалардың ырза болсын! /1 минут үнсіздік/ Мұғалім: /Жукенова Кәмшат/ Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Мұғалім: /Авдхалым Әсия/ Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың асқақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
Мұғалім: /Жукенова Кәмшат/ Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. "Жаулаған елің өзіңе бағынсын десең - оның тілі мен дініне қол сұқпа", - деген екен Шыңғыс хан. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды.
Мұғалім: /Авдхалым Әсия/ "Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. "Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды. Құрметті ұстаздар мен оқушылар енді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Сырғагүл Сайлаубекқызына сөз берейік. /Оқушылар өз сұрақтарын қояды./
1-оқушы: 1980 жылдардың басында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық Республикаларында аса ауыр әлеуметтік –экономикалық жағдайлар айқын біліне бастады. Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі, ғылыми -техникалық ағымда артта қалушылық, тауар зәрулігі, ұлттаралық қатынастардағы шиеленістер, адамгершіліктің азуы, ұрлық маскүнемдік пен нашақорлық, коррупция етек алды. Миллиардтаған табыстың Республикаға титімдей ғана бөлігі бөлініп, жергілікті тұрғындарға ештеңе тимеді, ел мүддесі есепке алынбады. 1954-1986 жылдары қазақ тіліндегі 600 мектеп жабылды. Қазақ тілі тұрмыстық тілге айналып, өрісі тарылды. Тілге деген менсінбеушілік пайда болды. Мәңгүрттер көбейді. Ұлттық көңіл күй ауырлады. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың өзіне сөз жүзінде ғана жарияланған егемендік жағдайында жұмыс істеуіне тура келді. Анағұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде ғана қабылданып, онымен келіспеушілік, «партиялық тәртіпті бұзушылық» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып жазаланды. 2-оқушы: Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың тағдыры кремльде шешілді. 1986 жылы 16-желтоқсанда таңертең болған Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы Қазақстан Одақтық Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің басшысы Г.П. Разумовский жүргізіп, 16минуттың ішінде ұйымдастыру мәселесін шешті. 3-оқушы: 1986 жылы 16-желтоқсанда таңғы сағат 10да Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясы орталық Коммитетінің Үпленумы шешімімен қызметінен алынып, орнына Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Ульянов облыстық комитетінің бірінші хатшысы Геннадий Васильевич Колбин Қазақстан Коммунистік париясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Келесі сөз кезегін тарихи оқиғаға қатысқан апаларымзыға береміз. /Оқушылар тарпынан әр түрлі сұрақтар қойылып жауап берілді./ 7 «ә» сынып оқушысы Бибек Нұрсұлтанның орындауынды «Желтоқсанның алаңы» өлең оқиды.
1- Оқушы: Елім деп, қазағым деп, айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
|