Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекцияның жоспары




  1. Социологияның пәні. Социология ғылымының өзектілігі және маңыздылығы.
  2. Социологиялық ұғымдар, парадигмалар.
  3. Социологияның құрылымы, атқаратын функциялары.
  4. Социологияның басқа ғылымдарменен арақатынасы.

 

«Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше « білім, ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз. Адамзат қоғамы – бұл ерекше құбылыс. Ол тікелей немесе жанама түрде көптеген ғылымдардың обьектісі болып саналады ( тарих, философия, экономика, психология, құқықтану,саясаттану және т.б.), олардың әрқайсысы қоғамды түрлі қырынан қарастырады, зерттейді. Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы, тұлға мен қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік институттар арасындағы процестер.

Кезкелген ғылым секілді социология өз бастауын сонау ежелден алады.Тарихтағы тұңғыш қоғам туралы еуропалық теориялар антикалық философияның негізінде пайда болған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ежелгі грек философтары – Платон мен Аристотельге тиесілі. Платонның жарқын қоғамдық көзқарасы «Мемлекет» диалогында толығымен суреттелген. Оның басты идеясы адамзат қоғамы саналы түрде құрылған және мақсаттылық пен саналылық қағидаларына сәйкес интелектуалды элитамен басқарылатын идеада қоғамдық жүйені іске асыруы тиіс дегенге келіп саяды.Қоғамда тәртіпсіздік, әлеуметтік шиеленістен онда қашан қатаң тәртіп орнағанша шыға алмайды, мұнда әрбір азамат өз ісімен айналысып (еңбек бөлінісі) басқа азаматтардың, таптардың, жұмыстарына араласпауы тиіс (әлеуметтік бөлініс). Тұрақты деп ол негізінен үш тапқа бөлінген қоғамды айтады: ақсақалдылардан, мемлекет басшыларынан тұратын жоғарғы тап; тәртіпсіздіктен қорғайтын жауынгерлерден тұратын ортаңғы тап; шаруалар мен құлдардан тұратын төменгі тап. Платонның есептеуінше интелектуалды элита тумыстан пайда болады.

Аристотель тәртіптің негізі деп – ортаңғы тапты есептейді. Одан басқа екі тап бар: бай плутократия және бар мүлкінен айырылған кедейлер. Мемлекет барынан айырылған кедейлер басқарудан алшақтатылмағанда ғана жақсы басқарылады, бай плутократияның эгоистік қызығушылықтары шектеледі; ал ортаңғы тап алдыңғы екеуіне қарағанда көп және күштірек болуы тиісті. Аристотельдің айтуынша қоғамның кемшіліктері өзара теңестірілуімен емес, адамдардың моралдық тұрғыдан жақсаруынан түзеледі. Заңдастырушы барлығының теңдігіне емес, өмірлік қабілеттердің теңдігіне ұмтылуы тиіс. Жекеменшік, таза эгоистік қызығушылықтарды арттырады. Олар бар кезде адамдар бір-біріне мән бермейді. Жеке меншікте байлық пайда болады және теңсіздік туындайды, алайда тек сол ғана оларға жомарттық көрсетуіне мүмкіндік береді.

Алайда шектен тыс меншіктегі теңсіздік мемлекет үшін қауіпті. Аристотель қарапайым ортаңғы тап өкілдері басым қоғамды дәріптейді.

Орта ғасырдың ортасында Томас Гоббс азаматтық қоғамның негізгі түсінігіне айналған қоғамдық келісімнің теориясын жасап шығарды. Гоббс: «Қоғам қайткенде болмақ?» деген сұрақ қойып оған былай жауап береді: адамдар қоғамдық өмірге дүниеге икемсіз келеді де оған деген бейімділікті тәрбиенің нәтижесінде қалыптастырады. Екіншіден, азаматтық қоғамда бірін-біріне деген қорқыныш сезім бар. Гоббстың ойынша - адамдардың табиғи жағдайы « ол бәрінің барлығына қарай соғысы»; тіршілік ету үшін индивидтердің абсалютті бәсекелестігі. Бұл қоғамның табиғи жағдайы адамдардың бір-біріне деген қорқыныш сезімін туындатады. Осындай қорқыныш сезімі азаматтық қоғам құруға итермелейді, яғни бұл келісім қоғамның әрбір мүшесін басқалардың өштестілігінен қорғаншылық қызметін тудырады. Қорқыныш адамдарды бөлмейді, керісінше біріктіріп барлығына қауіпсіздікті ойлатады. Мемлекет- мұндай қажеттіліктің ең жақсы өтелуі. Азаматтық қоғам- дамудың жоғарғы сатысы. Ол барлығы мойындаған заң нормаларына сай болады. Азаматтық қоғамда үш түрлі билік формасы бар:

1.Демократия

2. Аристократия

3.Монархия

Қоғамдық келісімнің нәтижесінде бәрінің жалпыға соғысы аяқталды: тұрғындар өз еркімен бостандықтарынан бас тартып, орнына сенімді қорғаныс алады.

Өзіндік көлемді үлесін социологияға Джамбаттисто Вико қосқан.Ол ағарту эпохасында тарихи тәсілдердің қағидаларын сонымен қатар «азаматтық әлемді» тану шарттарын ұсынған. Щарль Луи Монтескье болса, социология ғылымының теориялық-идея негізінің қалауына зор ықпал еткен. Оның «Заңдар рұхы туралы» деп аталатын еңбегі баршаға мәлім. Оның есімімен географиялық детерменизм теориясының пайда болуы байланысты. Жан Жак Руссо ‘Ordre natural’(«Табиғи реттілік») концепциясын жасап шығарған. Руссо Гоббсқа қарағанда «адамдар табиғатынан бір-біріне жау дегенге келіспейді». Оның түсінігінде адам табиғатынан мейірімді, азат және жан-жақты. Руссоның саяси теориясының негізі болып – халықтың егемендікті жалпы еріктің іске асуы деп қабылдауында жатыр.Ол кезегінде заңдардың бастауы әділеттіліктің өлшемі мен басқарудың басты қағидасы болып табылады деп түсінеді.

Социологияның ғылым ретінде дамуы.Жоғарыда аты аталған идеялар мен еңбектер келесі бір маңызды еңбектің тууының алғышарттарына негіз болды.Ол социологияның негізін қалаушы болып саналатын /социология терминін ғылымға енгізген/ Огюст Конттың (1798-1857) «Позитивті философия курсы» еңбегі.Ол өзінің басты шығармасында тарихтың дамуы мен адамзат танымының біркелкі заңын негіздейді. Конт ұсынған адамзат тарихының үш кезеңін адамзат рұхы өтуі тиіс: теологиялық немесе жалған; метафизикалық немесе абстрактілі; ғылыми немесе позитивті кезеңдер. Бірінші теологиялық кезеңінде адамзат ақылы әлемді немесе жан-жақта болып жатқан құбылыстарды тура немесе үнемі тылсым күштердің әрекетімен түсіндіреді. (Бұл кезең үш сатыға бөлінеді:фетишизм жоғарғы формасы – аспан денелеріне табыну; политеизм-көптеген діни негіздердің үстемдігі; Монотеизм- бұл кезде біркелкі рұхани қағиданы мойындау- түрлі рұхани өмірлерді бірлігіне әкелеу. Екінші метафизикалық кезеңінде антропоморфты кереметтер абстрактлы күштермен алмастрылады. Олар әлемнің түрлі жаратылыстарына негізделеген сан алуан абстракциялар болуы мүмкін. Үшінші позитивті кезеңін Конт былайша сипаттайды: «адамзат ақылы- абсалютті білімді ала алмайтынын мойындап, құбылыстардың пайда болуының ішкі сұрақтарына жауап іздеуден бас тартады. Енді ол тек «пайымдаулардың бірлігімен және бұл құбылыстардың шынайы бақылауларының басқалай айтқанда реттілістіктің өзгермес қарым-қатынасымен өзара ұқсастықтарының көмегімен ғана жаңалық ашумен айналысады». Ғылым адамзат дамуына септігін тигізеді. Социология позитивті ғылым ретінде келешекте « позитивті қалып» бағытында мемлекеттің дамуына септігін тигізетін саяси іс-әрекеттерді жеңілдететін таныммен қамтамасыз етуі тиіс.Осылайша Конттың «Позитивтілігі» біржағынан танымға, екінші социологиялық құрылымға қатысты. Позитивті қалып тек құрал ғана емес, сонымен қатар рұхани дамудың мұраты «табиғи заңдардың» көмегімен қоғамдық қатынастардың ауызбіршілігіне әкелетін жетістік те болып табылады. О. Конттың негізгі теориясының графикалық үлгісі келесі кестеде беріледі:

 

ҒЫЛЫМ Тәсіл
Абстракті (математика) Логика
Нақты (геометрия, механика) Бақылау
Астрономия Бақылау
Физика Бақылау+тәжірибе
Химия Бақылау+тәжірибе+жіктеу
Биология Бақылау+тәжірибе+жіктеу+салыстыру
Социология Бақылау+тәжірибе+жіктеу+салыстыру+тарихи тәсіл

 

▪О. Конт тарихқа позитивизмнің негізін қалаушы ретінде енді. Позитивті философия қиял мен болжамдарға емес, ғылымның өзіне негізделеді. Конттың ойына сәйкес қоғамның дамуына адам санасының интелектуалды эмоциясы әсер етеді. Ғылым интелектуалды эволюцияның жоғарғы көрінісі.

▪Конттың енгізген ұғымдары. Социологиялық динамика қоғам дамуы мен қолданылуының механизмін айқындайды. Социологиялық статика – қоғам жүйесін түсіндірумен социоинституттардың өзара қатынасы.

Социологиялық талдау дәрежелері:

Кәзіргі таңда социологиялық талдаудың екі түрі қалыптасқан:

  • Макросоциология – қоғам дамуындағы үлкен заңдылықтарды қарастыратын теориялар жиынтығы; Қоғамдық жүйенің басты байланыстары, топ аралық қарым-қатынас және фундаменталді процестер.
  • Микросоциология – кіші топтар арасындағы немесе тұлға аралық қарым-қатынастар туралы теориялар.
  • Макросоциология мен микросоциология қоғам өмірі, оның тіршілік көзі, ондағы жаңалықтар мен өзгешеліктерді, оның социологияға тигізер әсерін зерттейді.

Басқа ғылымдар секілді социологияның да өзіне тән ұғымдары, категориялары, парадигмалары бар. Оларсыз ғылым өз дербестігіне ие бола алмайды. Қоғамдық ғылымдар арасында тек социология ғана нақты, яғни реалды қоғамды жан-жақты және біртұтас тұрғыдан қарастырып,зерттейді. Ол адамдардың іс-әрекеттерінің барлық түрлерін әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, зерттеп, түсіндіруге тырысады.

Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар. Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бейімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социология ұғымы сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.

Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғарықұдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді.

Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.

Сонымен қатар социологияның салалық бөлінуіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.

Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.

Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды дамуда, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.

Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың есімімен.

Социологияның теориялық бағыттары:

Социология тарихындағы теоретиктер мен практиктер, макроаналитиктер мен микроаналитиктер, жанжалшылдар мен эволюционисттер арасындағы дау – даумай әлі де жалғасып келе жатыр.

Мысалы социология ғылымының негізін қалаушы О. Конт эволюционист, ал Э. Дюркгейм функционалист болған. Осындай ғалымдардың ұстанымындағы қарама-қайшылықтар жиі кездесіп тұрады. К. Маркс, Э.Райт және кәзіргі заман классигі Р.Дарендорф атақты жанжаншылдар болып табылады. Олар қоғам дамуының басты себептерінің бірі жанжал деп таныды және оны қоғам дамуының динамикалық күші деген тұжырымдар айтты.

Сайып келгенде, жанжаншылар эволюционисттер сияқты қоғам болмысында фунционалды бірлікті емес карсылықтарды көрді десе де болады.

Жанжаншылар адамдар арасындағы қарама-қарсылықтар, дау-даумайлар, бәсәкелестік қоғам дамуындағы маңызы деп қарастырады.

Эволюционистер болса адамдар арасындағы бірлікті, түсіністікті, бірігіп әрекет етуді қоғам дамуының негізгі қағидалары деп санайды.

Біз олардың қатарына көрнекті ғалымдар Питирим Сорокин, Толкот Парсонс, Роберт Мертондарды жатқыза аламыз.

Пьер Бурдье және Николас Луманды социологияның синтетиктері деп атасақ артық болмас, өйткені бұлар социологиялық өмірдің теориялық моделін жасаған адамдар. Социологияның кәзіргі зерттеушілерінің бәріне таныс деуге болатын тағы бір топ ғалымдар: Энтони Гидденс пен Натан Смелзер. Олар кәзіргі замандағы социозерттеулер туралы кітап жазған ғалымдар. Екеуі де эволюционисттерге жатады.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 710. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.005 сек.) русская версия | украинская версия