Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Социология пәнінің қажеттілігі.






ХХ ғасырдағы ғылыми техникалық революция, қоғамды ақпараттандыру ғылымдардың дамуында үлкен серпіліс болып табылады. ХХ ғасырдың аяғы экономикалық қарым-қатынас, сауда-саттықтың дамуымен көзге түсті. Бірақ мұнымен қоса дүниеде болып жатқан табиғаттың нашарлауы, адамзаттың азғындауы, адамзаттың қаруланудағы жарысы сияқты келеңсіз оқиғаларға көз жұмып қарауға болмайды.

Сонымен, адамзат 2 мыңыншы жылдың аяғына қарай экономикалық емес социомәдениеттік факторларға басты назар аударды. Адамдардың арасындағы байланыс арта түсті, ғаламға жаңа бір біріне түснікті тіл керектігі туындады. Ғаламның қай нүктесінде болмасын адамдардың бір-біріне тигізетін әсері анық көріне бастады. Ұлтаралық қатынаста жаңа сапаға көтерілді. Қоғам дамуының маңызды көзі адам мен табиғат байланысының дұрыстығында деген түсінік қалыптасты.

Ресейде ең алғашқы болып 1920 жылы Петроград унтверситетінде социология факультететі ашылды. Оны алғаш басқарған П.А. Сорокин. 30 жылдарадағы қалыптасқан тоталитарлық жүйе кезінде социология пәні қудалана бастады. Себебі социология өкіметке қауіпті болды. Социология қоғамдағы жүріп жатқан нақты процестерді зерттеп, ақпарат құралдары арқылы адамдардың санасын оятты. Ал санасы оянған адам өкіметтің жүргізіп отырған саясатына наразы болатын. Сондықтан өкімет социология ғылымын жапты. Социология ғылымы ең бірінші болып репрессияға ұшыраған ғылым.

КСРО- да ХХ ғасырдың 60 жылдары социология қайта жаңғыра бастады. 1958 жылы Кеңестік социологиялық ассоцация құрылды. 1968 жылы социологиялық зерттеу институты ашылды. Бұған қарамастан социология бұл заманда да жақсы дами алмады. Кеңестік социология өз шарықтау шегіне 80 жылдарда Қайта құру кезеңінде жетті десек болады. Себебі сол кезеңнің теориялық негізінде биліктің, басқару жүйенің бұқара халықтың нақты жағдайын толық білмейді, ал бұл кемшілікті жоюдың бірден бір жолы социологиялық зерттеулер жүргізіп халықтың пікірін біліп, соны ескере отырып саясат жүргізу керек деген тұжырым болатын. Бірақта, социологияның теориясы марксистік-лениндік ілім болғандықтан қолданбалы социологиялық зерттеулер соның аясында жүргізілді. Сондықтан да барлық жиналып алынған деректер сол ілім елегінен өткізіліп отырды, ал оған сәйкес келмейтін немесе қарсы келетін деректерді жариялауға, тіптен дұрыстап талдауға мүмкіндік берілмеді.

Ал Америкада бұл пән 1892 жылы Чикаго университетінде әлемде ең алғашқы социология факультеті ашылғаннан бастап тек жоғарғы оқу орындарында ғана емес орта мектептерде де оқытылып жүр.

Қазақстанда социология саласы егеменділігімізді алғанан соң екінші рет туғандай болды. Бұл сала кәзір телеарналарда, газеттерде көп қолданылып жүр. Бірақ әлі де үлкен зерттеулерге қол жеткізе алған жоқпыз. Оның себебі мемлекетіміздің де, қоғамымыздың да қазіргі саяси, экономикалық, технологиялық, рухани жағдайымен байланысты. Бұл өтпелі кезең. Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптасқан кезде социологиялық зерттеулерсіз басқару жүйесін ғылыми негізге қою мүмкін емес екені белгілі. Социологияны өмір кітабы десек те болады. Бұл пән реалды өмірді, мұндағы қоғамды, оның даму кезеңдерін, және қоғамдағы өз орнымызды табуға, қоғамға деген өз үлесімізді косуға мүмкіндік туғызатын ғылым саласы.

Зерттеулік этика:

Социиологиялық зерттеу жасаған адам алынған мәліметтерді өз қалауынша өзгертіп өз мақсаттарында немесе басқа да мақсаттарда қолдана алмайды. Адамдар арасындағы келеңсіздіктер мен түсініспеушіліктерге жол ашпау үшін Американың социологиялық ассоцациясы (1980) келесі ереже заңдандырды:

  • Зерттеу жасаған адам өз құзыретін артық қолдануына болмайды;
  • Обьект туралы мәліметтерді құпия ретінде сақтау керек;
  • Зерттеуші объектке зерттеу барысында ешқандай зиян келтірмеу керек;
  • Егер де обьектке бір зиян келуі мүмкін болған жағдайда объектке ол білдіріліп келісімін алуы қажет;
  • Зерттеуші экономикалық, заңдық жақтарының бәрін қарастыра отырып керекті шаралардың бәрін қолдануы керек.

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1148. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.018 сек.) русская версия | украинская версия