Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.






           
     

  Социологиялық зерттеудің кезеңдері

 

Социологиялық зерттеулерге кіретін процедуралар

 

  • Методологиялық
  • Әдістемелік
  • Техникалық-ұйымдастырушылық

 

  • Пилотаждық зерттеу
  • Баяндық зерттеу
  • Аналитикалық зерттеу

 

  • Дайындық
  • Бастапқы ақпаратты жинақтау
  • Ақпаратты қорытуға және компьютерге өңдеуге дайындау
  • Қорытылған ақпаратты талдау
Ғылыми қорытындысын дайындау Толықтырулар мен қорытындысын шығару

 

  Социологиялық зерттеудің түрлері


 

 

Пилотаждық зерттеу-нақты социологиялық зерттеудің қарапайым түрі. Бұл зерттеудің түрі ұйымдасқан тапсырмаларды шешу үшін және кішкене ғана объектімен жұмыс істеу үшін арналған. Оны ажырататын белгілер: жеңілдетілген бағдарлама, әдіс және көлемі жағынан шағындығы.

Экспресс-сұрау – пилотаждық зерттеудің түрі болып саналады. Бұл көбіне ақпаратты тез жинау үшін қолданылады. Баяндық зерттеу (описательное) - социологиялық талдаудың тереңдетілген түрі. Зерттеу нысаны болып, жетерліктей үлкен қоғам, яғни олардың сипаттарын анықтау мәселесі қойылады.Себебі бұл зерттеу оларды салыстыруға, не салғастырумаға көмектеседі. Зерттеу барысында ақпараттың масштабының үлкеніне байланысты, ақпаратты өңдеуге компьютерлер қолданылады.

Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанында зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.

2. Социологиялық зерттеуді жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:

- Зерттеуге дайындық;

- Бастапқы социологиялық ақпараттарды жинау;

- Зерттеу материалдарын қорытуға және компьютерге өңдеуге дайындау;

- Ақпарат анализі, қорытынды мен социологиялық зерттеудің нәтижесін дайындау, байламдар мен толықтырулар.

Жүйеленген және негізделген ғылыми фактілер алдыңғы санаттағы білімді нақтылайды немесе жоққа шығарады.

Әлеуметтік зерттеулер әдіснамалық теориялық негіздеудің бағдарламасын жасаудан және нақты әлеуметтік құбылыс пен процестің методологиялық зерттелуінен басталады.

Бағдарлама элементтер қатарынан тұрады, олардан біз ең маңыздыларын айқындап аламыз. Кейіннен тақырып пен тапсырма таңдау болады. Ең негізгі құраушысы болып гипотезаның жасалуы, яғни зерттеу барысында расталып немесе жоққа шығарылуы мүмкін құбылыстық болжамы табылады. Негізгі және қосымша гипотезалар болуы мүмкін.

 

 

Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы

(оның дайындығы барысында жасалады)


 

әдіснамалық бөлім әдіс бөлімі

 

  • Мәселенің айқындалуы -зерттелетін жиынтықты

мен негізделуі. Анықтау.

  • Зерттеу пәнінің объектісін -алғашқы мәліметтер

анықтау. жиынтығының әдіснамала-

  • Зерттеу мақсаттары мен рының сипаттамасы.

гипотезалар айқындалуының -инструментарийдің қол-

анықталуы. данылуының бірізділігі

-компьютерде мағлұматтар

бағдарламасын өңдеу.

 

Бағдарлама сонымен бірге ұғымдық және эмпирикалық индикаторлардың сипаттамаларынан және зерттеу объектісін анықтаудан, инструментарийді жасаудан тұрады.

Зерттеу объектісі болып нақты қоғамның әлеуметтік мәселелері танылады. Ал олардың субъектілері болып нақты адамдар жатады. Зерттеуге анықталған барлық адамдар жиынтығын /барлық бірлікті қамтитын/ басты жалпылай жиынтық /генеральная совокупность/ деп атайды. Тәжірибе көрсеткендей жалпылай жиынтық тек қана кішігірім зертту объектерін қарастырғанда ғана қолдану мүмкін. Негізгі зерттеулер іріктеп алынған жиынтықтар арқылы жүргізіледі. Негізгі талап-- іріктеп алынған жиынтық бас жалпы жиынтықтың құрылымының микромоделі болуы қажет. Іректеп алудың қазіргі кезеңде ғылымда қалыптасқан әдістері бар.

Іріктеудің ең негізгі әдістері:

· механикалық әдісі. Басты жиынтықтан бірдей аралықтар арқылы қажетті респонденттер саны анықталады (мысалы, әрбір 10-ыншы);

· сериялық әдісі. Басты жиынтық бірнегізді бөліктерге бөлінеді және әрбір бөліктен анықтауға қажетті бірліктер пропорционалды түрде алынады;

· ұялық /кластерлық/ әдісі. Іріктеп алынатын объектілер кішігірім бірліктер ұялары /кластерлер/, немесе топ.

· квоты әдісі. Респонденттер таңдауы бірнеше көрсеткіштер негізінде өтеді.Бұл көрсеткіштер жалпылай жиынтықтың әлеуметтік-демографиялық және де с.с. статисткалық көрсеткіштерден құрастырылады.

 

 

Репрезентативті зерттеу деп іріктелген жиынтықтың тексерім белгілері 5% аспайтын ауытқушылықтары бар зерттеу аталады. Егерде жалпы жиынтық саны /мысалы, факультет көлемінде/ 100-250 адамнан аспаса, онда олардың барлығына сауалнама жүргізіле. Ал егерде сауалнама бүкіл жоғарғы оқу орны көлемінде жүргізілсе, онда студенттердің 25% -н сұрау жеткілікті, ол репрезентативті болып саналады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1568. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.021 сек.) русская версия | украинская версия