Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оғамның құрылымы.






Лекцияның мақсаты –әлеуметтік құрылым ұғымын, концепцияларын, әлеуметтік рөльді, мәртебелердің, жеке адамның, топтың қоғамдағы өміріне алатын орнын, атқаратын функцияларын қарастыру.

Негізгі ұғымдар:әлеуметтік құрылым, әлеуметтік мәртебе, жеке адамның мәртебесі, тұғаннан берілетін мәртебе, өзі қол жеткізетін мәртебе, негізгі мәртебелер, әлеуметтік рөль, рөлдік идентификация.

 

Лекцияның жоспары:

 

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
  2. Әлеуметтік құрылым концепциялары.
  3. Әлеуметтік мәртебе /статус/.
  4. Әлеуметтік рөлдер.

 

Қоғамның әлеуметтік құрылымын оның анатомиялық скелеті десек те болады. Құрылым деп қоғамның ішкі құрылысын құрайтын функционалды бір-бірімен арақатынастағы элементтердің жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік құрылымның элементтері болып әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер саналады. Олардың сандары, реттері, бір- біріне тәуелділігі нақты қоғамның құрылымына байланысты. Ежелгі қоғам мен қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымдары бір бірінен ерекше болады. Құрылым қоғамның тұрақты, қозғалмайтын құрылысын білдірсе де ол тарихи өзгеріп отырады. Оның өзгеруі индивидтердің арақатынасы процесіндегі әлеуметтік рөлдер. «Әлеуметтік мәртебе» деп міндет пен құқық жүйесі арқылы басқа позицияларменен байланысты қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы нақты позицияны айтамыз. Мысалы «ұстаз» мәртебесінің мәні тек қана «шәкірт» мәртебесі арқылы мағналы, ал «саудагер» немесе «инженер» ұғымдарына байланысты мүлдем мағнасыз. Ұстаз өз білімін шәкіртіне үйретуге, оның білімін, тәртібін тексеріп, қадағалауға міндетті. Егерде шәкіртінің білім деңгейі қанағатырмайтын болса, онда оны аттестаттамай қоюға құқы бар. Ал ол дегеніміз шәкірттің тағыдырына өз тиісті әсер ететіні сөзсіз. Шәкірт болса сабаққа қалмай үнемі қатынасып, берілген тапсырмаларды орындап, қойған сұрақтарға жауап беруге тиісті. Яғни ұстаз пен шәкірт екі үлкен әлеуметтік топ өкілі, екі әлеуметтік мәртебе иелері ретінді бір бірлеріменен әлеуметтік қатынасқа түседі. Жеке адам көптеген мәртебелердің иесі, өйткені ол көптеген топтар мен ұйымдардың мүшесі қызметін атқарады.Мысалы, ол ер адам, әке,әйелінің күйеуі, анасының ұлы, ұстаз профессор, орта жастағы адам және т.б. Бір адам бір біріне қарама -қарсы мәртебелерге де ие болады, бірақ та бір адамға ғана емес бөлек адамдарға: өз балаларына ол әке, ал өз анасына ол бала. Бүкіл мәртебелер жиынтағын мәртебелер жиынтығы дейді. Осы жиынтыққа байланысты негізгі мәртебе анықталады. Әлеуметтік және жекелей мәртебелер болады. Әлеуметтік мәртебе деп адамның бір үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде қоғамда алатын орнын айтамыз. Жекелей мәртебе деп оның кішігірім топта алатын орнын, сол топтың адамдарының оны қабылдауы және бағалауын айтамыз. Тұғаннан берілетін мәртебе адамның өзінің іс-әрекетіне байланысты емес. Оған ұлты, нәсілі, жынысы жатады. Өзі қол жеткізген мәртебе деп адамның өзі күш жігері, еңбек арқылы жеткен мәртебесін айтамыз. Адам қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан ол мәртебесіз өмір сүре алмайды. Бір мәртебеден кеткен адам міндетті түрде басқа мәртебеге өтеді. Әр мәртебенің артында үлкен әлеуметтік топ немесе әлеуметтік категория тұрады. Мәртебелер кей жағдайда бір бірімен үйлеспеулері мүмкін. Мысалы, индивид бір әлеуметтік топта жоғарғы мәртебенің иесі бола тұрып екінші топта төмегі мәртебе иесі болуы.

Әлеуметтік, саяси, діни, демографиялық, қандық, туыстық, экономикалық, кәсіби мәртебелер адамдардың әлеуметтік қатынастарының ұзақтығын, интенсивтігін, бағыты мен мазмұнын анықтайды. Ал әлеуметтік рөль болса,ол нақты мәртебеге арналған іс-әрекет. Рөлдерді мәртебелердің динамикалық жағы дейді. Әр адамнан оның мәртебесіне сай іс-әрекет күтіледі. Банкирден банкирге тән, ұстаздан ұстаздық және с.с. Сондықтан әлеуметтік рөль онымен функционалды байланысты топтардың мүшелерінің сол рөлді орындалуын күтуі. Рөлдер әлеуметтік нормалармен қамтамасыз етіледі, рөлге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Рөлдік жиынтық әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік мәртебелерді және соған тән рөлдерді орындауды талап етеді. Рөлдерге беріле ену рөлдік идентификациялану дейді.

Әлеуметтік құрылым туралы түрлі концепциялар бар. Негізінен оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі, Э.Дюркгеймнен бастау алатын әлеуметтік факт, яғни бізден тыс, тәуелсіз болмыс. Сондықтан, әлеуметтік құрылым біздің іс-әрекетімізді шектеп, олардың белгілі бағытта жүруіне мәжбүрлейді. Екіншісі, қарым-қатынастар теориясы бойынша қоғам мен әлеуметтік қатынастарда ешқандай тұрақтылық жоқ. Ол индивидтардың қарым-қатынасы негізінде минут сайын туып тұратын динамикалық процесс. Оның сыртында, онан басқа ешқандай құрылым жоқ. Осы екі бір-біріне қарсы концепцияларды ағылшын социологы Э.Гидденс біріктіріп қарастырды. Оның тұжырымынша іс-әрекет құрылымсыз болуы мүмкін емес. Құрылымдар адамдардың іс-әрекеттері арқылы ғана болуы мүмкін, яғни құрылымдар тек іс-әрекеттер арқылы ғана өмір сүреді.

Маркстік, кейінен маркстік-лениндік құрылым концепциясы бойынша социализмде «екі жарым таптар» концепциясы қалыптасты. Екі жарым дейтін себебі социализмнің әлеуметтік құрылымын екі тап-жұмысшы мен колхозшы және тап болып есетелмейтін интеллегенция құрайды. Жетекші рөлді жұмысшы табы атқарады. Мақсат коммунизм құрылғанда таптардың барлығы да жойылып тапсыз қоғам құру. Бұл концепция іс жүзінде тек қиял екені анықталды.

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1550. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.019 сек.) русская версия | украинская версия