Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Этносоциология.




Лекцияның мақсаты-түрлі этникалық ортада және әлеуметтік топтарадағы әлеуметтік процестерді қарау, этникалық мәдениеттің, дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этникалық қарым-қатынастарды, соған байланысты дау жан-жалдарды көрсету.

Негізгі ұғымдар: этнос, этникалық дәстүр, этникалық мәдениет, этникалық өмір сүру үлгілері, эникалық қарым-қатынас, этнос және ұлт, этникалық идентификация.

 

Лекцияның жоспары:

  1. Этникалық социологияның пәні, маңыздылығы.
  2. Этнос, ұлт, диаспора.
  3. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті мәселелері, шешу жолдары
  4. Қазақстандағы этносаралық мәселер. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы.

 

Этносоциология этностардың мәселелерін, этникалық мәдениеттің және дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этника аралық карым-қатынастарды, дау жан-жалдарды, этникалық идентификацияны зерттейтін социологияның саласы. Оның зерттеуіне әр ұлттың, этностың әлеуметтік құрылымдарын, этникалық ерекшіліктердің әлеуметтік өзгерістердің динамикасына әсері кіреді. Соныменен қатар отбасындағы қатынастардағы этникалық дәстүр, этникалық мәдениеттің орны мен әсері, этникалық топтардағы тіл, этникалық сана сезімнің өсу динамикасы, этноәлеуметтік мәдени ділдің ерекшіліктерін қарастырады. Қәзіргі кезеңде аса маңызды мәселе ол дәстүрлі этникалық мәдениеттің модернизациалынған мәдениетпен арақатысын зерттеу болып отыр. Этносоциология этнографияға қарағанда этникалық мәселелерді әлеуметтік қатынастардың кең көлемінде қоғамның бөлігі ретінде қарастырады. Этносоциологияның бастаунда Э. Дюркгейм, Леви-Брюль, А. Рэдклифф-Браун, Б. Малиновскилердың алғашқы тайпалардың этникалық мәдениеттік зерттеу арқасында әлеуметтіктінің не екенін түсінуге тырысуында болатын. Қәзіргі этносоциология этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік параметірлерін зерттеуге бағытталған. Этносоциологияның маңызды бөлігін этномәдениеттерді зерттеулер құрайды. Модернизациялау кезіндегі қәзіргі қалалар менен ауылдардың айырмашылықтарына байланысты этноәлеуметтік мәдени өзгерістердің динамикасы, дәстүрдің индивидтер мен этникалық топқа тигізетін әсерін социологиялық тәсілдерменен зерттеу арқылы нақтылы фактлерге негізделген жаңа ақпараттар алынады. Соныменен қатар этникалық идентификация және өзіндік идентификация процестері; этностардың арақатынасының динамикасы соның ішінде этникааралық дау жан-жалдардың шығуы мен оның дамуы; этникалық мобилділік пенен елдер арасында және де республикасының ішкі миграция процестінің әлеуметтік мәселелері; этникалық диаспоралардың өмірге келуі менен олардың мәселелерінің әлеуметтік жағы. Этносоциология өз мәселелерін қарастырғанда міндетті түрде басқа да гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін, зерттеген материалдардың мәліметтерін қолданады. Соныменен қатар этносоциология өзінің негізгі ұстаннымдары деңгейінде жалпысоциологиялық теориялық методологиялық парадигмаларменен тығыз байлыныста болады. Мысалы, этносоциологияның қәзіргі кездегі қарайтын мәселелері жалпы модернизация теориямен байланысты. Көпке дейін модернизация теориясы модернизациялық процестерөді альтернативсіз жағымды процесс деп дәлелдеуге тырысты да және осы жолда айтарлықтай жетістіктергетде қол жеткізді. Бірақ та, оның жағымдылығы этникалық салт-дәстүрді, өзімдік мәдениетті қолданатын этностардың қарсылығын туғызды. Оны әлеуметтік тәжірибе де дәлелдеді. Этностың этномәдениетінен алшақтауы, жейіркенуі, дәстүрлі әлеуметтік институттарды жою және қалыптасқан өмірінің салт-дәстүрінен бас тарту прогрестің орнына хаос және қоғамның ыдрап, жоқ болуына әкеп соқты. Қәзіргі социологиялық теория бойынша дәстүр менен модернизацияны бір-біріне қарсы қоюға болмайтынын дәлелдеді. Соңдықтан қәзіргі кезде этносоциологияның әлеуметтік болмыстың дәстүрлі этникалық формаларын зерттеу, оларды қәзіргі жүріп жатқан модернизация процесімен салыстыру мәселелері актуалды бағыт болып саналады.

Қазақстандағы этносаралық мәселері қәзіргі кезде мемлекеттің тұрақтылығына, оның дамыған, демократиялық құқықты елдер қатарына қосылуына зор ықпалы бар. Этникалық мәдениетті, дәстүрлерді унитарлық мемлекеттің гүлденуіне, өркендеуіне қызмет етуі үшін олардың жетістіктерін, ерекшеліктерін жалпы мемлекеттің, елдің игілігіне жұмылдыру қажет. Мысалы, қәзіргі нарықтың экономикаға көшу әр этностың өзіне тән дәстүрінің, ділінің, еңбекету тәжірибесінің, рухының қаншалықты дайын екендігін нақты көрсетті. Сондықтан саудаға, нарыққа жақын этностардың тәжірибесін үйрену әр этнос өкілінің қажетті ісі деп танылуы дұрыс болар. Кеңестік заманда сауда сатыққа ыңғайлы адамдарды, ұлттарды жек көрінішті етіп көрсету үйреншікті жағдай болатын, соған орай адамдардың ойлауы, ділі қалыптасқан еді. Қәзіргі кезде де осы келеңсіз жағдай іс жүзінде әлде болса жойыла қойған жоқ.

Кеңестік жүйе өз саясатында интернационалдық ұлттардың, этностардың теңдегі деп жариялап, оны пәрменді насихаттады, ал іс жүзінде одақтас елдерді және де кішігірім этностарды жоюға бағытталғаны этностардың тарихы дәлел боп отыр. Соның салдарынан мәнкүрттену процесі қарқынды жүрді. Оның бір көрінісі жертілікті ұлттармен этностардың өкілдері өз ұлтынан, этносынан жиіркеніп, оны кемсітітетін жағдайға дейін жетті.

Кезінде Рессей империясына көптеген ұлттар, этностар зорлықпен қосылды, оларға хайуандықтар жасалды. Міне оның барлығы халықтардың, ұлттардың, этностардың тарихи жадында сақталуда. Сондықтан, этностарлық ынтымактастың болу үшін болған фактілер жарияланып, өзіне тиісті бағаларын алуы керек. Осы тұрғыдан еврей ұлты өзінің кезінде көрген қорлықтарының бірін қалдырмай қарастырып, оған кінәлі жеке адам болсын, бүкіл ұлт болсын құқықтық, экономикалық жазасын алып жатыр. Міне осы тәжірибе басқа ұлттар тұрғысынан қарстырылуы міндетті түрде керек. Олсыз ұлтаралық қатынастар терең және түбегейлі өзгермейді. Сондықтан қазақ ұлтының Рессей империясы, кейіннен Кеңес үкіметі кезінде көрген этногеноцидін сол еврейлер сияқты дәрежеде баға берілуі керек. Этносоциология адамзат тарихында этникалық мәселелер күн тәртібінен түспейтіні, адамзаттың демократиялық, гуманистік дамуы әр этностың өзіне тән мәдениетін, тілін, дінін, ділін дамыту, өркендеу негізінде ғана жүрегінін дәлелдеп отыр.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1598. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2021 год . (0.001 сек.) русская версия | украинская версия