Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дістемелік ұсыныстар. Қолданбалы социологияның социология ғылымына қажеттілігін анықтап алу қажет




Қолданбалы социологияның социология ғылымына қажеттілігін анықтап алу қажет. Ол үшін социологияның өмірге келуге байланысты қоғамдық қажеттіліктің қойған талабын еске түсіру керек. Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың жаңа ғылымды жазып шыққандағы осы ғылымның басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшелігіне аса көп көңіл бөледі және соған байланысты ғылымдардың күнделілігіне, маңыздылығына, сапасына қарай оларды реттейді. Социология ғылымына ең жоғары баға береді. Оның себебі неде? Міне сонда біз қолданбалы социологияның ерекшеліктерін, мәні, мазмұнын түсінеміз.

Жаратылыс, техника ғылымдары табиғаттың заңдылықтарын, заттардың арақатынасын зерттеп соған байланысты ғылымдар қалыптасып отырса, қоғамдағы заңдылықтарды өлшемге салу, арақатынасын тұрақты қарастыру тіптен мүмкін емес. Қоғам да адамдар тіршілік етеді, әр адамның тек өзіне ғана тән жеке ұғымы, мүддесі, сезімі және т.б. қасиеттері бар. Әрине осы жекеленген қасиеттердің бәрі жалпы адамға тән. Міне сондықтан осындай миллиардтаған ерекше дүниені, тез өзгеретін сипаттарды қалайша ортақтандаруға, жалпылауға болады. Жалпылау дегеніміз жеке нақты адамға тән қасиетті ескермеу, ал олай болса оны жансыздандырып математикалық цифрларға теңестіру емес пе? Яғни социология ғылымы міндетті түрде адамдардың адами қасиеттерін зерттегенде жоғалтып алмауға тиісті. Міне сондықтан да социология нақты өмірді, тіршілікті адами тұрғыдан қарастыруға мүмкіндігінше тырысады. Осыған орай ол философиялық, жалпы ғылыми ұғымдарды бөлшектеп өлшемдік деңгейге сай қылады. Мұндай тәсілді ұғымдарды «операциялизациялау» яғни бөлшектеу дейді. Ұғымдарды жалпылық, философиялық тұрғыдан нақтылық, бөлшектікке түсіргендіктен олар күнделікті тіршілікті өлшей алатын ғылыми құралға айналады. Сондықтан қарастыратын мәселелердің категорияларды операционализациялау қажет. Тек сонда ғана қарастыратып мәселені жаратылыстану, техника ғылымдары секілді нақты өлшей алуға мүмкіндік пайда болады. Қолтанбалы социологиялық зерттеулерді түсіну үшін өздерің кішігірім зерттеулер жасауға тырысу керек. Ол үшін кішкене зерттеу тобын құрса жөн. 3-4 студенттерден құрылған. Зерттеу жұргізу үшін ең алдыменен қарастыратын мәселені анықтап, оны мәселе ретінде жан-жақты қарастырып қоя білу қажет. Енді мәселені шешкенде қандай нәтижеге жетеміз міне соны алдын ала болжап гипотеза құру, мақсатты анықтау, оған жетер жолдарды, шешетін мәселелерді реттеп, топтастырып оларды зерттейтін тәсілдерді, құралдарды анықтау. Осыған орай арнай зерттеу құралдарын дайындау, құру. Мысалы, сауалнама жүргізу үшін арнайы сауалнама жасау. Сауалнаманы жасаудың тәжірибеден әбден өтіп қалыптасқан технологиясы бар, сол технологияны бұлжытпай орындау.

Филология факультетерінің студенттеріне өз мамандықтарына тиімді құжаттар талдау тәсілі. Бұл тәсілдің формалды және мағналы түрін ретіне сай қолдану арқылы текстерді социологияық талдаудан өткізу. Социологиялық зерттеу тек қана социология ғылымының өзіне ғана пайдалы емес, ол басқа ғылымдар социологиялық зерттеу тәсілдерін қолдана отырып өз пәндерін, мамандықтарын да терең, жан-жақты түсінуге, талдауға мүмкіндік алады. Осыған орай Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін социологиялық тәсілдер арқылы талдау. Сухбат жүргізу арқылы әлеуметті маңызы бар мәселелерді жеке адам, әлеуметтік топтың ішкі дүниесіне, таңдауына байланысты білу.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 659. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.001 сек.) русская версия | украинская версия