Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дістемелік ұсыныстар. Социология ғылымының зерттейтін, қарастыратын объектісі қоғам




Социология ғылымының зерттейтін, қарастыратын объектісі қоғам. Қоғамды барлық гуманитарлық ғылымдар зерттейді. Сондықтан, ең бірінші мәселе, социология ғылымының ерекше көзқарасын анықтап алу. Ол үшін тарихта қалыптасқан қоғам туралы теорияларды талдау шарт. Естеріңізге сала кетейін, ең бірінші тақырыпта біз социология пәнін қарастырып , оның ерекшеліктерін анықтаған болатынбыз. Міне, сондықтан да, социологияның қоғамды қарастырғандағы ерекшіліктерін сипаттау қажет. Қоғам саналы жандар құрған қауым. Ол біртұтас, күрделі, өзін-өзі анықтайтын, өзін-өзі құрыстыратын, өзін-өзі дамытатын қауым. Ал күрделі деген ұғым қарастырған объектіміздің бөлшектен тұратынын көрсетеді. Сондықтан, бөлшек, біртұтастық, жүйе сияқты ұғымдарды анықтау қажет. Қоғам адамзаттың тарихы ұзарған сайын күрделеніп, өзгеріп отырады. Міне сондықтан қоғам тұралы теориялар, концепциялар әр түрлі. Олардың қайсысі болмасын сол күрделі динамикасы зор қауымды түсінуге тырысуда. Осыған орай қоғамға берілген органистикалық, объективистік, қоғамдық-экономикалық формациялық, құрылымды-функционалдық және т.б. теорияларға талдау жасап оларды салыстырмалы түрде анықтауға тырысу керек. Қазақстан қоғамында осы тұрғыдан қарастырған жөн.

Қоғамның типтері, оларды топтастырудың негізінде жатқан көрсеткіштер. Мәдениет пен өркениет, бұл ұғымдар турғысынан қоғамды қалай түсінуге болады. Әлеуметтік-мәдениеттік бағыт дегеніміз не? Неліктен қазіргі кезде осы бағытты қолданушылар көбеюде? Оның себептері неде? Қазақстан қоғамына түрлі теориялар тұрғасынан анықтама беру. Қоғамның даму кезінде азаматтық қоғам құрылды. Ол ұғымның мағасы не де?

Азаматтық қоғамның негізгі көрсеткіштері. Азаматтық қоғамға социологиялық тұрғыдан сипаттама беру. Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, нарықтық экономика ұғымдарына салыстырмалы түрде социологиялық тұрғыдан талдау жасау. Қазақстандағы азаматтық қоғам құру мәселесіне шолу жасау. Өз отбасыңның, өзіңнің күнделікті тіршілігіңді осы жоғарғы ұғымдар тұрғысынан талдау. Қоғамдарды типтестіргенде техникалық, технологиялық, ғылыми дамуы жоғары қоғамдарменен осы көрсеткіштері төмен қоғамды қалай салыстыруға болады? Ұтымды және ұтымсыз жағдайларын сипаттау.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 657. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2021 год . (0.002 сек.) русская версия | украинская версия