Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЯҚТЫҢ КӨК ТАМЫРЫНЫҢ ВАРИКОЗДЫ( КЕҢЕЮ) АУРУЫ.




Аяқ қөқ тамырларыньщ анатомиясымен физиологиясы.Аурудың этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы және диагнозы мен емдеу тәсілдері.Ауруының асқыныстары.

Варикоз немесе флебэктазия көк тамырдың цилиндрше (толық) немесе түйіншектеніп кеңеюін атайды. Науқас халықтар арасында кең тараған және Гиппократ заманынан белгілі. Бірақта осы уақытқа дейін науқастың себебі мен даму механизімі толық анық емес. Көк тамырдың варикозы деп оның формасының, құрылысының және қызметінің бұзылуынан қан ағынның нашарлануын атайды.Науқас ұзаққа созылады және уақыт өткен сайын ауырлай түседі. Варикоз науқасы алғашқыдан ерекше немесе басқа аурудың көріністерін беруі мүмкін. Науқас өте кең тараған. Көк тамыр варикозденуі тек аяқта емес, ішкі мүшелерде - ішек, өңеште де байқалады. Науқастың мол жайылғандығы, емделуінің ауырлығы, аурудың мүгедектенуінің мүмкіндігі, бұл науқастың маңызын дәлелдейді. Сондықтан қазіргі уақытта медицинаның арнайы бөлімі ФЛЕБОЛОГИЯ пайда болды.

Аяқ-қолдың көк тамырларының құрылыстары бір-бірінен ерекше. Жоғарғы және төменгі(саяз және терең )көк тамырлар системаларының ішкі арнайы клапандарының сандары бір-бірінен өзгеше . Қолдың клапандары саусақтардаң бастап иыққа дейін, ал аяқтың клапандары башайлардың жамбасқа /бедро/ дейін орналасқан. Қолда 20 клапандар, аяқта 25 клапандар бар. Жоғарғы /саяз/ көк тамырлар артериялармен қатар орналасады. Саяз көк тамырлар қанды терең көк тамырға құяды және өз ара қосымша /коммуникантты/ тамырлармен байланысады.. Көк тамырлар жүйесі көмір қышқылы көп және алмасу заттарына бай қанды / (венозды/) тасымалдайды. Қанда ішкі бездерден шығатын гормондар, ішек-қарыннан сіңетін қоректік заттар бар. Бұнымен қатар қан арқылы әр түрлі науқастар тарауы мүмкін- тромбофлебит. ісік клеткаларының метастаздануы, майлы, ауалы эмболия/ Венадағы қан қысымы артерия қысымының төмен және ағыны бәсең. Көк тамырлардағы қан көлемі артериялардағыдан екі есе мол. Екінші ерекшелігі- венозды қан өзінің салмағына қарсы ағынмен ағады. Сондықтан веналар гидростатикалық қысым көреді. Көк тамырмен қан ағуына дененің, аяқ-қолдың мускулды еттерінің тырысуы, тыныс алу қимылы, диафрагма, кеуде қуысының тарылып- кеңеюі /вдох-выдох/ зор әсер көрсетеді. Венозды қан ағынына кедергі пайда болса коллатералды/ жалғастырғыш/ қан тамырлары арқылы қосымша ағын жолдары ашылып бір системадан/ тереннең саязға/ екіншіге қан ағыны орындалады.

Варикозды аурудың түрлері :

1. Алғашқыдан/ первичный/ шын варикоз.

2. Екінші- басқа себеп- салдарынан: тромбоздан, жарақаттан, қан ағуының қиындауынан пайда болатын варикоз.

Тері астының көк тамырының варикозының түрлері :

1. Магистральды/ стволды/ түрінде үлкен немесе кіші тері асты көк тамырының негізгі сабағы /стволы/ кениді.

2. Бұтақталынған / рассыпная/- бұл түрінде қан тамырының ұсақ бұтақтары кеңейеді.

3. Аралас/ смешанная/ тамыр стволдары және бұтақтары қоса кениді.

Ағашқыдан ( Первичный) варикозданудың себептері:

1. Констунционалды кемістіктер( көк тамыр қабырғаларының мускулды қабатының кемістігі/) тұқым қуалау.

2. Клапандар кемістігі

3. Эндокринді- гормоналды және механикалы әсерлер

4. Инфекциялы науқастар

5. Мамандық ерекшеліктері

Көк тамырлар созылып кеңейуіне семіздік және табандар деформациялары/(плоскостопие, деформация пальцев) жағдай туғызады. Бұнымен қатар басты себеп- гиподинамия- жаяу жүрмеу, аз қозғалу, қан айналысына, қан тамырлары тонусына, жүрекке зиянды әсер көрсетеді.

Первичный варикоз ауруының клиникалық көріністері:

Тері арқылы кеңейген көк тамыр түйіншіктері.көрінеді

Көбінесе варикоз үлкен тері асты тамырында, аяқтың ішкі бетінде, сирегірек -тірсектің сыртқы бетінде орналасады.

Аяқ венозды системасының анатомиясымен физиологиясы. Аяқтың тері астынын үлкен қөк тамыры терең көк тамырларымен коммуникантты (немесе перфорантты) веналар арқылы анастомозданады. Тері астының (поверхностные) венозды системасының кұрылысы әр адамда өзгеше. Тіпті бір адамның екі аяғында екі түрлі болуы мүмкін. Аяқтың тері астының үлкен венасы (Vena saphena magna) аяқ басының ішкі бетімен тізе ойшығына жетеді. Осы жерде ол жамбас венасына (бедренная вена) жалғанады

Аяқтың тері астының кіші венасы (Vena sapnena парва сыйрақтың артқы — сыртқы беті мен келіп тізенің терең қөк тамырына қүяды.

Көк тамырдың үшінші тобы — коммуникантты, (анастомозды), перфорантты веналар. Олар тері астының үлкен венасын терең венасына тікелей жалғайды (прямые вены) және непрямые вены терең венаны саяз веналарға еттер веналары арқылы жалғайтындар.

Аталынған тері астының үлкен көк тамыры мен терең веналардың көптеген клапандары бар, ал өте жуан веналар (нижняя полая) клапансыз. Тері астының үлкен көк тамырының 10—12 пар клапандары бар. Адамдар қартая келе тамыр клапандары (редуцирование клапанов) қысқарып калынданады.

Венозды системадағы қан қысымы 10—12мм. сынап столбасына тең.Венозды система арқылы қан ағыны бірнеше себептермен байланысты. Көк тамырмен қан ағынының шапшаңдығы 50—140см/ сек., артериямен ағын 500см/сеқ. Тең. Венозды қан ағыны еттер тартылуы әсерінен, әсіресе жаяу жүргенде еттер тартылуы қан тамырын қысып, қанның вена арқылы төменнен жоғары ағынын қамтамасыздандырады. Бұған қоса венозды тамырларының аз ғана болса да қабырғасының тартылуы және венамен қатар орналасқан артерияның тартылу қимылы көмектеседі, әсіресе кеуденің (вдох ) сорғыштық әсері.

Браунның сорғыш аппараты аталатын шапта, тізе ойшығында орналасатын "сорғыш" қасиетті арнайы құрылыстар да венамен қан ағының қолдайды. Терең және саяз орналасқан венозды системалар арасындағы қөптеген анастомоздар аркылы . осы екі система арасында саяздан тереңге және тереңнен саязға (в двух направлениях) қан алмасуы қамтамасызданады . Аяқтарын басып түрған (вертикальное положение) cay адамның венозды қысымы 5—9 рет көтерілсе, варикозды науқаста 12 рет қөтеріледі. Венозды системаның сиымдылығы (емкость) артериялық системаның сиымдылығынан 10 есе артық. Венозды системада қанның 85% жиналған. Аталынған ерекшеліктер венозды системаның адам жағдайы үшін зор маңыздылығын көрсетеді.

Көк тамыр варикозының себептерімен даму механизімі (этиология и патогенез).

1. Көқ тамыр қабырғаларының әлсіздігі және клапандар кемістігі. Тамыр қабырғаларының соеденителъді ткандерінің жұқарып әлсізденуі (приобретенные).

2. Іштей пайда болатын (врожденные) себептер- (наследственные причины) артерио - венозды анастомоздар (врожденные шунты).

3. Конституциялық теория — варикозды түтас организмнің соеденителъді тканінің нашарлығымен байланыстырады. Бірақта варикозденген көк тамырдың мышечная атрофиясы науқастан бұрын емес, оның саддарынан байқалады.

4. Көк тамырдың кеңейуін әйелдердің жүктілігімен (беременность), механикалы және эндокринді әсерлермен байланыстырды. Канда қан тамырының тонусын бәсеңдететін (желтое телодан шығатын) гормондар көбеюі варикозге ұшыратады деп есептеушілер де бар.

5. Клапандардың іштей кемістігі біріншіден науқастың себебі болса, екіншіден клапандар кемістігі варикоздың (науқастың) салдарынан пайда болады да науқастың асқынып дамуына ұшыратады.

Клапандардың кемістіғіне вена қабырғаларының және клапандардың қабыну науқастары да (флебит, тромбофлебит) ұшыратады.

Клапан кемістігіне үшыраған көк тамырмен қан кері қарай ағады. Бүның салдарынан тері асты веналарында жиналатын қан мөлшері өсіп көк тамырдағы қысым көтеріледі. Төменгі клапандар осы көтерілген қысымға қарсы тұра алмайды, бұл тамырлар созылады, олардың қапшығы жүқарады (атрофируется). Клапан кемістігі теориясы варикоздың дамуын осылай ұғындырады.

6. Варикоз науқасының басталуында аурудың мамандығы (профессия) зор маңызды. Гиппократ заманынан ұзақ уақыт аяғында тұратын адамдарда варикоздың жиі кездесетіндігі белгілі. Казіргі кезде әрбір жасы 45—тен асқан әйелдердің 6/1, еркектердің 15/1 варикоз науқасымен ауырады. Бұған себеп әйелдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері саналады. Әйелдерде жамбас (таз) кең, қан тамырының бұрылыстары (перегибы) көп. Етек кірі кезінде жамбас көк тамырларында жиналатын қанның мөлшері көп, әйелдердің қан тамырлары жүқа және оларды қоршаған ткандердің (мышц) әлсіздігі. Ең маңызды себеп — жиі бала көтеру (частые роды).

7. Вельяминов — Томашевский теориясы бойынша варикозға флебосклероз. (артериосклерозде байқалатындай өзгерістер) себеп болады деп саналады. Бірақта көк тамырлардың барлығы емес, жеке біреуінің ғана варикозге шалдығуы бүл теорияның қателігін көрсетеді. Бұнымен қоса флебосюіероз варикозден бұрын емес одан соң оның әсерінен басталады.

8. Көк тамырдың компенсаторлы созылуы. Тамырдың бітелуі — тромб, сыпной тиф, жамбас қуысының ісіктері, екі қабаттылық (беременность). Бұл варикоздер симптомдық немесе компенсаторлық болатындығынан оларды венэктомиямен емдеу қателік саналады.

Көк тамырдың варикозды ауруының жіктелуі (классификациясы).

А.Ф.Хархута (1966ж.)

1—Тері асты көк тамырының алғашқыдан анық (первичное, истинное) варикозы

1. Компенсациялы кезең (түрі)

2. Декомпенсациялы кезең (түрі)

П—Көк тамырдың екінші себептен варикозденуі (Вторичное расширение вен:)

1. Асқынбаған (неосложненные)

2. Асқынған (осложненные).

Ill—Көк тамырдың іштей варикозденуі (Врожденнве расширение вен (болезнь Клиппель—Тренонэ—Паркс—Вебера—Рубашова) өте сирек кездеседі.

Көк тамырдың варикозды ауруының клиникасы - Науқас 30-50 жастар арасында жиі байқалады (60—65%). Алғашқыда процесс жеқе бір аяқтың қөк тамырында басталады. Науқастың 50% тері астының үлкен көк тамырында орналасады.Науқас ешбір маңызды көрініссіз (безсимптомно) басталып кейінде (парадоксаньное кровообращение) қан ағыны бұзыла келе әр түрлі көріністер береді.:

1. Аяқтың шаршампаздануы және аяқтың ауырлануы — "пуды подвешаны". Кейбір аурулардың аяғында судорогтер байқалады.

2. Бұдан әрі созылған түйіртпектенген көк тамыр пайда болады.

3. Сирақтың терісінің түсі бұзылады, тері қышынады, экземаланады. Тері көкшілденеді, одан соң қара-қоңырланады, қатаңданады, қалынданады (не берется в сқладку). Язвалар пайда болады.

4. Үзаққа созылған түрінде периостит (рентгенде) байқалады.

5. Түс ауа аяқтың ауыруы күшейеді.

Варикоз ауруының асқыныстары :Тромбофлебит, трофикалы язвалар , тері қабынуы (рожистое воспаление), қан ағуы ,язаның тері рағына шабуы. .

Диагноз — қиын емес. Теқ қана науқас аяқты тексерумен диагнозды аныктауға болады. Көк тамырдың созылуының цилиндрическое, змеевидное, немесе мешотчатое болуы және ақырғы еқеуінің аралас болуы мүмкін. Созылған, керіліп үлкейген қан тамыры- ауруды жатқызғанда басылып кішірейеді, ал аяқты жоғары көтергенде толық көрінбей кетеді. Кейде көк тамыр бойында қатаң түйіртпектер (тромбтар) байқалады.

1. Троянов — Тренделенбург симптомы.Науқасты шалқасынан жатқызып

ауру аяғын жоғары көтереді. Қан тамырын төменнен жоғарыға сипап оны қаннан босатады. Бүдан соң тері астының қөк тамырын оның жамбас тамырына жалғасатын жерінде саусақпен басып тұрып ауруды аяғына тұрғызады. Венозды тор бос. Көк тамырды басқан саусақтарды көтеріп тамырды босатысымен қан жоғарыдан төмен көк тамырды толтырады. Бұл венозды клапандардың кемістігінен қанның керісінше жоғарыдан төмен ағуын көрсетеді

2. Гахенбрухтың жөтел симптомы —

Ауру жөтелгенде венаны басып тұрған саусақтар жөтел қозғалысын сезеді. Кейде бүл симптомды қөзбен көруге болады.

3. Делъбе — Пертес симптомы (маршевый симптом) — Созылған веналары бар аякқа эластикалы бинт салып ауруды жұрғізеді. Біраз минуттен соң бинтті алып аяқты тексергенде тері астының кеңейген көк тамырлары көрінбесе бұл коммуникатты веналармен қанньгң саяз венозды сеттен терең вена арасының анастомозының дұрыстығын дәледдейді.

4. Венография (внутривенная, внутриқостная) — гипак, диодон егілгеннен соң рентгенография орындалып терең және саяз венозды сеттің жағдайы анықталынады. Аталынған обьективті тексерістерге қоса әйелдерде вагинальды, еркектерде ректальды тексерісті орындау қажет.

Аяқтардың язвасы кездескенде оның себебін айыру үшін Вассерман реакциясы және микробтердің антибиотиктерге сезімталдығы анықталынады.

Обьективті, рентгенді, лабораторлы тексерістерден кейін шешілген диагнозда аурудың атын ғана анықтап қоймай оның дәрежесін (кезеңін) де анықтау қажет.

Көк тамыр варикозын 3 дәрежеге бөледі:

1. Басталу (начальная стадия) кезеңі. Тамыр созылып ауыр кеңімеген, көзбен көрінбейді.

2. Тамыр кеңіген..анық көрінеді.

3. Тамыр өте ауыр кеңіген, иректенген (извитая).

Диагноздың жіктелуі (Дифференциалды диагноз)—

1. Сан жарығы (бедренная грыжа)

2. Көк тамырдың компенсаторлы кеңейуіне соғатын науқастардан айыру қажет.

Варикоз науқасының ақыры— науқас адам өміріне қатер туғызбайды дегенмен үзақ уақыт дамыған варикоз бірнеше ауыр асқыныстарға соғады. (тромбофлебит,трофическая язва, кровотечение,рак кожи на месте язв). Сондықтан көк тамыр варикозын ерте емдеген дұрыс.

Емдеу тәсілдері - консервативті және оперативті болып екі негізгі топтарға бөлінеді.

Консервативті тәсілдер - науқастың алғашқъі кезеңдерінде қолданылады.Алдымен ұзақ аяғымен тұруды қысқартады, жүру зиянсыз, бірақта ұзақ уақыт қозғалмай түру зиянды (ткачи, парихмахеры, хирурги). Бұл мамандарға және басқаларға — "ходьба на месте", екі аяғын көтеріп жату (4—5 рет) әр—бір жұмыс күнінде, эластикалы чулоктер киу, асыкпай жаяу жүру.

Бұдан көп жылдардан бері созылған көк тамырлардың склерозын беретін дәрілерді тамырға еғу (солицилді натрий, тұзды ерітінді, глюкоза, варикоцид т.б.) қолданылады. Бұл ерітінділер қан ұюын қүшейтіп көк тамырдың тромбоздануын — бітелуін шақырады. Асептикалық қабынуға үшыраған вена облитерацияланып бітеледі.

Қазіргі уақытта тек варикоцид пайдаланылады. Бұл асептика, антисептика шарттарын бұлжытпай сақтап варикозданған венаға алдымен 3—8 мл.препарат егіледі. Әрбір 4—6 күннен соң қайталанып варикозды венаның басқа бөлшегіне егіледі. Барлығы 15 рет. Өкінішке орай бұл тәсілден соң науқастың қайталануы жиі байқалады. Және эмболия мен гангрена қауіпі сақталады.

Операциямен емдеу- первичный варикозде (недастаточность клапанов большой и малой подкожной вены), науқастың асқынған түрлерінде (кровотечение из вен, отек, дерматит, экзема, трофические язвы, рецидивирующий тромбофлебит т.б.) қажет.

Операциямен келесі жағдайдағы науқастарды емдеуге болмайды:

- Жалпы жағдайы нашар ауруларды,

- Организімнің жалпы немесе жеке іріңді инфекциясында.

- Компенсаторлы варикозде

- Екі қабат әйелдерде.

Троянов –Тренделенбург операциясы (1888ж.) — Бүл операция Тренделенбург сомптомы байқалатын ауруларда пайдаланылады. Шап сіңірінен төменде (у овального отверстия) вена екі қабат байланып кесіледі-немесе 6—8 см.үзындықта резекцияланады. Бұл операция науқастан толық құтқара алмайды.

Сондықтан қазіргі уақытта бір адамға бірнеше операция тәсілдері қоса орындалады.

Бебкок операциясы ~~ Америка маманы 1907 жылы ұсынған.Бұл операцияны орындау ұшін арнайы зонд немесе гитар шегі пайдаланылады. Шап сіңірінен төменде венаға зонд енгізіледі. Зонд немесе гитар шегі тірсекке дейін өтсе осы жерде вена кесіледі, оның ұшы зондқа мықтап байланады да зонд жоғарыға суырылып онымен қоса тері асты қөк тамыры толық жүлынып алынады.

Егер зонд жоғарыдан тірсекке дейін өтпесе аяқта қосымша тілік орындалады да зонд екі рет өткізіледі.Алынған вена айналдырылып шешілген шұлыққа үқсайды. Бұл тәсілмен орындалган венэктомия операциясында барлық анастомоздық тамырлар үзіледі. Үзілген тамырлардъщ интимасының тамыр "көзін" бітеуіне (вворачивание в просвет сосуда) байланысты қан ағуы байқалмайды.

Операциядан соңғы кезенде науқас бір тәулік аяғын көтеріп шинаға салып (шина Белера) жатады. Келесі кұннен бастап аяқтың басын қозғауға рұқсат беріледі.

Аяқ буындарын қозғау қан тамырларында тромб пайда болуының алдын алу ұшіи зор маңызды. Бұрын қан тамырларына жасалған операциялардан кейін эмболиядан қауіптеніп ауруды ұзақ уақыт қозғалыссыз ұстайтын. Қозғалмау қан айналысын бәсеңдендіріп тромб пайда болуын күшейтеді. Оның алдын алу үшін ауру аяғына түрады, жүреді, 7—8 күннен соң тігін жіптері алынады. 10—11 күннен соң үйіне шығарылады. 2—3 ай бойы аяққа эластикалы бинт қолданылады, аяғын салбыратып отырмайды. Одан жату немесе жүру дүрыс.

Варикоздың стводды (цилиндрлі) емес бұтақты (рассыпной тип) түрінде Мадалюнг (1884ж.) операциясы орындалады - Бұл операцияда варикозды стволдың бойымен ұзын тілік орындалынып венозды стволға қоса онымен жалғасатын вена бұтақтары алынады. Екінші тіліқпен тірсек веналары алынады. Бұл операция косметика талаптарына сай емес — операциядан соң шаптан тілерсекке дейін тыртық қалады.

Сондықтан Нарта тәсілі қолданылады. Вена шап тұсында байланады. Осы қысқа тілік арқылы вена төменге босатылады (выделение тупо). Бүдан соң екінші тілік орындалып ол арқылы вена тағы да төменге қарай босатылады. Қажет болса тағыда осы секілді бірнеше қысқа тіліктер арқылы варикозды вена толық алынады. Сонымен Нарта тәсілі Менделюнг тәсіліндегі өте ұзын тілікті бірнеше қысқа тіліктермен ауыстыру болады.

Аяқ терісін тілмей инемен түйреп варикозды венаны бірнеше жерде байлау тәсілі (обкалывание подкожной вены) — ертеден белгілі. Бұл тәсілді Вельпо, Дельпеш,Шеде,Кохер т.б. бұрынғы ғасырдың мамандары пайдаланған. Г.С.Топровер (1957ж.- Иілген инемен бүтін тері арқылы кетгут жібін варикозды вена астынан айналдыра өдкізеді. Инемен жіптің теріге енетін және одан шығатын тесігі біреу. Сондықтан жіп байланғанда оның түйіні тері астына батып қетеді.

Дельбе операциясы (1906ж.) - Сафено-бедренный анастомоз — тері астының үлкен венасын сан венасымен жалғау. Операцияның орындалуы қиын және нәтижесі шамалы болғандықтан қазіргі уақытта өте сирек қолданылады.

Электрокоагуляция тәсілі — Бебкокк тәсілінше бірнеше тіліктер арқылы вена ашылып байланып, кесіледі. Жоғарыдан төменге қарай арнайы зонд венаға енгізіледі. Зонд полиэтиленді қапшықпен жабылған. Үшы ашық. Үзындығы 80см. Варикозды венаға енгізілгеннен соң зондтың сыртқы ұшын диатермия аппаратына жалғап тоқ жібереді.

Көк тамырдың варикоз ауруының ең жиі асқынысы — трофикалық немесе варикозды язва. Бұл язвалар ұзаққа созылады, оларды емдеу өте қиын.

Алғашқыда дерматит байқалады одан соң язва ашылады. Бұл язвалар әрқашанда тілерсектін төменгі бөлшегінде орналасады, язваның тұбі іріңдеген, жиектері бір тегіс емес. Язваның айналасындағы тері пигменттенген, қатанданған склерозденген.

Трофикалы язваларды емдеудің — қөптеген тәсілдері белгілі.

1 — Язваның өзін жоюға бағытталған операциялар.

П— Язваның себебін жоюға бағытталған операциялар.

Лериш операциясы (интимоэктомия артерии).Разумовский операциясы-— артерия алкоголизациясы.Нусбаум операциясы - Язва жиегінен 0,3-0,5см. қашықтықта язваға ұшыраған ткандер сүйекке дейін кесіліп тілінеді. Бұнымен язва айналасындағы (қатаң) склерозденген, язвада қан айналысын нашарлататын ткандер тілінуі, жаңа қан тамъірларының пайда болуын күшейтіп язваның жазылуына кажетті жағдай туғызады.

Язваны терімен жабу тәсілдері- . Тирш,Девис,Реверден,Филатов тәсілдері.

Трофикалы язваны емдеудің консервативті тәсілдері:

1. Әр түрлі майлар пасталар (паста Унна)

2. Липки пластырмен жабу — Астров—Байтон тәсілі.

3. Лер тәсілі-балық майымен байлам салу — майда витаминдер С.Д көп.

4. Шырындарды қолдану — повязки с апельсиновым лимонным, томатным соками. Бұл тәсілдер туралы В.М.Мыш соктарды язваға емес ішке беру пайдалы деп сықақтаған.

5. Басқа адамның (гомо) немесе аурудың өзінін (ауто) қанымен байлам салу.

6. Язвасы бар аяққа гипсті байлам (глухая гипсовая повязка) салу. Бұл тәсілді қолдаңу оңай, ол материалды аз талап етеді, гипс ірінді сорады, язвадағы жылылықты сақтайды.

7. Паранефралды новокоин блокадасы.

8. Физиотерапиялық тәсілдер.

Сонымен, трофикалық язваны емдеудің негізі оның себебін жоюмен тікелей байланысты.Варикозденген көк тамырды операциямен жою трофикалық язваның жазылуын қамтамасыз етеді.

Сурет 10.1 Аяқ көк тамырының асқынған варикозы. Сурет 10.2 Тромбофлебиттен соңғы синдром (язвалы тұрі).

 

Наукас 21. 49 жасар жүмыскер әйел. Клиникаға келесі шағымдармен түскен. Сол тірсектің сыздап ауыруы және аяқтың басымен өкшесінде жазылмайтын жара пайда болған.

Екі рет жүқті болып, екі рет босанған. Еқі қабат кезінде аяқтар ісінуі байқалған. Үзақ жылдар ауыр қара жұмыс орындаған. Бүдан 5 жыл бұрын сол тірсекте қызғылт бөртпелер одан соң оның орнында язвалар пайда болған. 2 айға созылтан стационарлы емнен кейін язва жазылған. Бұдан соң 2 жылдаң кейін язвалар қайта ашылып оларды емханада емдеген. Кейінгі уақытта язва үлкейіп олардан қан ағуы байқалады.

Аяқтың көқ тамырлары зор кеңейген, олардың бойында қөптеген түйіншектер мен тері жүқаруы байқалады. Язвалар және оның айналасының терісі ауырғыш.

Тренделенбург симптомы, Маршевая проба анық, қан анализінде — РОЭ—36мм.

Диагноз — сол аяқтың тері астының үлкен көқ тамырының варикозды науқасы. Аяқтың трофикалы язвасы.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 7804. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия