Студопедия — Маскалар 7 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маскалар 7 страница






Пациенттің проблемаларын және осы проблемаларды тудыратын факторларын диагностикалау арқылы анықтайды. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болатын) проблемалары мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Әдебиеттерде бұл проблемаларды мейірбике диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейірбике үрдісінің екінші кезеңі болып саналады.

Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда

анық немесе потенциалдық проблемалар беріледі, мұндай проблемалардың

мейірбике өздігімен алдын алып шеше алады.

Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді.

Мейірбике қызметін анықтау мақсатында мейірбике диагноздардың жіктелуі бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991 жылы мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі проблемалар берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.

Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар:

- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген реакциясын білуге бағытталған;

- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін;

- дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбике

диагнозында мейірбикенің кірісуі қажет.

- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, ал мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады.

- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.

Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты

14 топқа бөлінеді:

- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)

- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)

- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)

- асқорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі)

- зәр жолдары (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)

- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)

- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)

- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)

- назарлық (өз бетінше, еріксіз)

- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)

- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)

- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)

- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызмет көрсетуіндегі проблемалар және т.б.)

Организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.

Мейірбикелік диагностиканың негізі, пациентпен әңгіме құру және бақылау болып табылады. Мейірбике пациенттпен қарым-қатынас жасау арқылы, ол пациенттің жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болуы немесе болмауын анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп мәлімет береді. Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін, сондықтан мейірбике пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы: тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара бастап ұялады, немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейірбике пациент туралы барлық мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейірбике картасына тіркеп отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін силауға тырысып, оның проблемасын айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейірбике қандай көмек көрсетуін жоспарлауға тиісті.

5.10. Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі – пациентке қажетті көмекті жоспарлау

Мейірбикелік кірісудің мақсатының түрлері және элементтері.

Күту мақсаттарын екі себеп бойынша қою керек:

1. Жекелік мейірбикелік кірісудің бағыты анықтау.

2. Кірісудің тиімділік дәрежесін анықтау.

Пациент жоспарлау процессіне белсенді қатынасады. Әрбір доминанттық қажеттіктер немесе мейірбике диагноздары мейірбикелік күту жоспарында жекелік мақсат ретінде жазылып отырады, ол қажет деп табылған нәтиженің алуын көздейді.

Әрбір мақсат міндетті түрде 3 компоненттен құрылады:

1. Орындау (етістік, іс-әрекет).

2. Критерий (белгі) (күні, уақыты, арақашықтығы).

3. Жағдай (біреу немесе бір нәрсенің көмегі арқылы).

Мақсат қоюдағы қойылатын талаптар:

-мақсаттар нақты да, жетістікке жетімді болулары тиіс;

-әрбір мақсаттың орындалуының нақты мерзімін қояды;

-пациент әрбір мақсаттың талқылануына қатысуы керек.

Мерзіміне қарай мақсат екі түрге бөлінеді:

1. Қысқа мерзімді, бір апта ішінде орындалуы тиіс.

2. Ұзақ мерзімді - ұзақ уақытқа созылады, кейде пациенттің ауруханадан шыққаннан кейінде жалғаса береді.

Мейірбикелік кірісудің көлемі

Мейірбикелік кірісудің көлемін анықтаудағы қойылатын талаптар:

1. Мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау (тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелді іс-әрекеттер).

2. Мейірбикелік кірісуді пациенттің қанағаттанбаған қажеттілік негізіне жоспарлау.

Мейірбикелік кірісудің 3 түрі бар: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелді іс-әрекеттер.

Тәуелді деп - мейірбикенің дәрігер нұсқауы бойынша анықталатын іс- әрекеттерін

айтады.

Тәуелсіз іс-әрекеттерді - мейірбике өзі орындайды. Мысалы: пациенттің еміне реакция беру, ауруына үйрену, көмек көрсету, жекелік гигиена шараларын орындау, аурухана ішілік жұқпалардың алдын-алу, пациентті үйрету.

Өзара тәуелді іс-әрекеттер деп – мейірбикенің басқада қызметкерлермен

бірігіп көмек және күтім көрсетуге бағытталған іс-әректтерін айтады.

Мысалы: аспаптық, лабораториялық тексерістерде қатысулары

және т.б.

Мейірбикелік кірісу әдістері

Мейірбикелік кірісулер әдістері қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері болып саналады.

Келесі әдістер ұсынылады:

-алғашқы жәрдем көрсету;

-дәрігердің нұсқауларын орындау;

-пациентке оның негізгі қажеттіліктерін қанағатандыру мақсатында жайлы жағдай жасау;

-пациентке және оның жанұясына психологиялық көмек көрсету;

-техникалық манипуляциялар мен процедураларды орындау;

-денсаулықты нығайту, асқынулардың алдын-алу шараларын орындау;

-пациенттермен және оның жанұя мүшелерімен кеңес және әңгіме өткізуді ұйымдастыру.

5.11. Мейірбикелік үрдістің төртінші кезеңі - мейірбикелік кірісу жоспарын енгізу

Жоспардың жұмыс істеуіне мынадай қызметтердің жүйелі орындалуын талап етеді:

1. Көзделген іс- әрекеттерді орындау, және оларды тіркеу, үйлестіру.

2. Жоспарланған, бірақ күтім жасалынбағаны туралы тіркеу.

3. Пациентті және оның отбасы мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру.

4. Емдеу процессіне мейірбикелік күтім жоспарын іске асыра, үйлестіру және интеграциялау.

Бұл жұмыстарды жоғары деңгейлі білімі бар немесе жоғарғы білімді мейірбикелер

орындайды.

Жоспарды енгізуге қойылатын талаптар:

1. Жоспарды үнемі орындау.

2. Көзделген іс- әрекеттерді үйлесімді орындау.

3. Пациентті және оның жанұя мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру.

4. Көрсетілген күтімдерді тіркеу.

5. Егер жағдайы өзгерсе, онда жоспарланған күтім орындалмауы мүмкін.

6. Алғашқы көмек пациенттің жекелік қасиеттеріне қарай мейірбикелік стандарттар бойынша көрсетіледі.

7. Мейірбикелік манипуляциялар кәсіби қызмет алгоритмдері (стандарттары) бойынша жүзеге асырылады.

5.12. Мейірбикелік үрдістің бесінші кезеңі – мейірбикелік күтімге баға беру

Қорытынды баға қоюдың мақсаты мейірбикелік көмектің нәтижесін анықтау. Мейірбике мағұлматтарды үнемі алып, оны сынап талдайды және сонымен қатар пациенттің көрсетілген күтімдерге деген көз қарасын ескеріп, жаңадан туындайтын проблемаларға назар аударып отырады.

Сондықтан бағалаудың негізгі аспектілері:

- Мақсатқа жету, күтім сапасын анықтау;

- Пациенттің мейірбикелік кірісуіне деген әсері;

- Пациенттің күтім бойынша қажеттілігін ашудағы жаңа проблемаларды белсенді іздестіру және оларды бағалау.

Егер қойылған мақсаттар орындалып, проблемалар шешілсе, онда мейірбике өзінің жоспарында берілген проблема бойынша мақсатқа жеткендігі туралы белгілейді (күні, сағаты, минуты және қолы қойылады).

Егер қойылған мақсаттары орындалмаса, онда себебін анықтап, әрі қарай қайта бағалау жүргізіледі

 

 

А. Маслоу бойынша адамның негізгі қажеттілік сатылары:

 

 


 

14. Ойнау, оқу, жұмыс атқару

V

Өз

болмысын

айқындау,

қызмет

ету.


 

13. Табысқа жету

IV

Өзінің адамгершілігін

сезіну - табысқа жету

 


12. Қатынасу

III

Әлеуметтік қажеттіліктер.

11. Қозғалу Тиістілік.

10. Аурулардан,

қауіптерден аулақ болу 7. Киініп-шешіну

 

II 6. Таза болу

9. Дені сау болу Сенімділікке деген қажеттілігі - 5. Демалу

8. Дене қызуын ұстау қауыпсіздік 4. Шығару

 


I 3. Су ішу

Физиологиялық негізгі қажеттіліктер. 2. Тамақ ішу

Тірі қалуы. 1. Демалу

 


Бақылау сұрақтыр мен тапсырмалары

1. Ф.Найтингейль, В.Хендерсон мейірбике ісіндегі рөлдерін атап шығыңыз?

2. Мейірбике үрдісінің кезеңдерін атап, оларға сипаттама беріңіз?

3. Пациенттің физиологиялық қажеттіліктеріне сипаттама беріңіз?

4. Медициналық этико – деонтологиясы туралы түсінік беріңіз?

5. Мейірбикелік философияның маңыздылығын айтып беріңіз?

 

 

6-тарау.

Емдеу мекемелердегі жұқпаларды тексеруін ұйымдастыру және жұқпалардың алдын - алу

Қазіргіденсаулық сақтау саласында аурухана ішілік жұқпа маңызды проблема болып саналады.

Бүкіл дүниежүзілік әлемде жүргізілген зерттеулер бойынша аурухана ішілік жұқпа госпитализацияның асқынуы болады. Емдеу мекемелерінің көбеюі, жаңа медициналық құралдардың шығуы, препараттарды қолдану, ағзаның иммунитеттінің төмендеуі т.б. факторлар жұқпалардың таралуына себеп болады. Аурухана ішілік жұқпа бұкіл әлемде, біздің мемлекетпен қоса кәзіргі медицинаның манызды мәселесі болып есептелінеді. Кемінде ауруханаларға түскен аурулардың 7% ішкі ауруханалық жұқпаға ие болады. АІЖ-лар жана туған нәрестелердің, реанимация бөлімшелердің ауруларының өлуіне себеп болады. АІЖ-ның бастауы ерте замаңға кетеді. Алашқы ауруханаларда, аурулар түскеннен бастап ішкі жұқпалар пайда болуымен қосақтасты. Осы ауру туралы білімнің жоқтығынан күресуде көп қиыншылықтар туғызды. Антисептиктермен, антибиотиктердің пайда болуымен АІЖ-ның таралуы төмендей бастады.Бірақ, әдеттен тыс дәл сол антибиотиктерге тұрақтылық қалыптасқаннан, антибиотикке тұрақты госпиталдық штаммдар, АІЖ-ның өсуіне және таралуына себеп болды. ХХ ғасырдын ортасында АІЖ ғаламдық проблеманы туындырды. Жыл сайын АҚШ-да 2 млн адамдар алтын түсті стафилоккокпен жұқтырып алады, жылына 100мын адамдар өледі. Ресми мәліметтер бойынша Ресейде АІЖ -лар жылына 50мынға жағдайға дейін пайда болады, бірак нақты түрде 3млн пациенттер АІЖ –ға шалдығады. Осы көрсеткіш жыл сайын 1% өсіп отырады. Ресей мен Қазақстанда АІЖ туралы өлім-жітім статистикасы жүргізілмейді. БДДСҰ –нің мәліметтері бойынша АІЖ-ның деңгейі әлемде орташа 6-7% болады. АІЖ-ның жалпы санының 50% парентералдық жолмен жұқтырылады. Ал медицина қызметкерлердің арасында ауру деңгейі пациенттердің гөрі жоғары. Ерекше қауып әкелетін С гепатиті, 20-30 жылдан кейін адамзаттарға негізгі қауып қатер болады.Жұқпалық тексеру жүйесінің енгізу мақсаты АІЖ -ның алдын алу болып саналады.

Аурухана ішілік жұқпа дегеніміз - ауруханаға түскен немесе поликлиникаға емдеу мақсатпен келген пациентке жұқпаның және аурухананың ішіндегі жұмыс істейтін медициналық персоналдардың денсаулығына симптомдарына байланысты емес зиян келтіретін клиникалық анықталған ауру.

Аурухана ішілік жұқпаның;көбеуіне әсер ететін факторлары:

- ЕМ –нің қаржылауландыруының шектелуі (дәрілердің, антисептиктердің, дезинфекциялық заттардың, медициналық құрал жабдықтардың т.б. жетіспеушілігі);

- Антибиотиктерге тұрақты және госпиталдық дезинфектанттар штаммның өсуі;

- Медициналық аппаратураларға зарарсыздандыру мен залалсыздандыруды жүргізу күрделігі. Аурухана ішілік жұқпа- көбінесе медициналық көмек сұрауға келген пациенттерде және жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерінді болады.Медицина қызметкерлерінің осы қызметінің мақсаты қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою болып табылады.

Аурухана ішілік жұқпаның көбеюі, дамуы жинақтық факторлармен анықталады:

1. Ірі ауруханалық жинақтардың құруы халықтың тығыздығынан
байланысты, көбінесе әлсізденген пациенттер, аурулармен тығыз
қарым қатынас жасайтын медицина персоналдар; орын ауыстырушылық процесспен, айналадағы ортаның қоршауымен (палаталар емдеу және диагностика жасау кабинеттері), микробиологиялық сипатынын ерекшелігі (шартты патогендік микроорганизмдердің алмасуы);

2. Күрделі жасанды жұқпалардың қоздырғыштарының таралу
механизімінің құрылуы, инвазиялық кірісулермен емдеу және диагностиқалық процедуралармен, мед құрал жабдықтармен байланысты;

3. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары табиғи механизмінің бәсеңдеу әсірінен, ауа тамшының және қатынастық тұрмыстық ауруларымен медициналық қызметкерлердің араласуы;

4. Ауруханаға жұқпалы аурулары анықталмаған пациенттер, жұқпа
қоздырғышының үнемі көзі болып саналады, олардың ішкі жұқпасы аурухананың ішіндегі негізгі ауруына қосылып мед.персоналдармен қабаттасады;

5. Кең түрде ретсіз антибиотиктерді қолдану;

6. Госпиталдық штаммдардың ішінде дәрілерге микроорганизмдердің тұрақтылығынын құрылуы;

7. Қауып контингенттің көбеюі;

8. Экологиялық жағдаймен (гиподинамия, стрестер, шулар, вибрациялар, магнит т.б.) байланысты халықтың қорғаныш күшінің төмендеуі;

9. Кең түрде диагностикалық және емдеу аппаратураларды,
жабдықтарды қолдану. Күрделі техника ерекше зарарсыздандыру
және залалсыздандыру әдістерін қолдануға талап етеді;

Клиницистардың баяу психологиялық бет бұрысынан, кейбір аурухана ішілік жұқпалар дұрыстап қаралынбайды, сол себептен алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар уақытымен қолданылмайды.

Аурухана ішілік жұқпаның;пайда болуын үшке бөлуге болады:

- пациенттер, емханалық көмек алу барысында жүқтырады;

- пациентер, стационарлық көмек алу барысында жүқтырады;

- медицина қызметкерлері, медициналық көмек беру барысында жүқтырады.

Жұқпаны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер - емдеу мекемесі. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынын Европалық аймақтық бюросы аурухана ішіндегі жұқпаға мынадай анықтама берді:

“ Аурухана ішілік жұқпа дегеніміз - ауруханаға келгенде пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алатын кез келген жұқпалы ауру”. Аурухана ішілік жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады. Обьективті себептері бұл ЕМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер:

- қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы; - көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;

- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы.

Субъективті себептер - бұл жоюға болатын себептер:

- медицина қызметкерлерінің сапасыздық дайындалуы;

- санитарлық-эпидемиялық саласының қызметкерлері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы;

- кейбір аппарат түрлеріндегі залалсыздандыру сенімділігінің болмауы; пациенттердің өзара қарым-қатынасы және пациенттің медициналық қызметкерлерімен қарым-қатынасының өсуі;

- медицина қызметкерлерінің арасында анықталмаған бактериотасымалдаушылардың кездесуі;

медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасының төмен болуы.

Аурухана ішілік жұқпаныңкөзі болуы мүмкін:

- жұқпалы аурумен ауыратын медицина қызметкерлерінің өз қызметін жалғастыруы;

- аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер;

- ауруханаға келетін келушілер — пациенттің туысқандары.

А урухана ішілік жұқпаның таралу жолдары:

- экзогенді - ағзаға жұқпаның қоршаған ортадан түсуі;

- эндогенді - жұқпаның ағза ішінде таралуы.

Жұқпаның экзогенді түріне жатады:

- ауалы-тамшылы: жұқпаның ағзаға жағымсыз ауа арқылы енуі;

- қарым-қатынасты залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтармен, емдік манипуляцияларды орындау кезінде;

-имплантациялық-залалсыздандырылмаған протездерді, тігіс материалдарын қолданғанда;

- трансмиссивті - жәндіктердің тістеуі арқылы;

- алиментарлы- сапасыз тағамды қолданған кезде. Жұқпаның эндогенді таралу жолы қан және лимфа арқылы екіге бөлінеді. Алдын алуды нәтижелі жүргізу үшін аурухана ішілік жұқпаның көзі мен таралу жолдарын білу керек, сонда ғана емдеу сауықтыру мекемелерінде жұқпаның таралуын болдырмауға болады.

6.1. Аурухана ішілік жұқпаның қоздырғыштары

Емдеу мекемелерде жиі кездесетін бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар. Әлсізденген ағзаға қоздырғыштың қонуы микроорганизмнің айналадағы ортаға өмір сүруіне байланысты. Ағзаға микроорганизм түскенде, жұқпаның дамуы міндетті емес. Ешқандай әсер жасамай, ол ағзада өмір сүре береді (осы жағдайды колонизация деп атайды)

Микроорганизмнің жұқпаға әкеліп соғуы біраз ішкі себептерден байланысты:

- жұқпалық дозадан;

- иесінің жасушаларына қону қабілетінен;

- инвазивтық процедураларының көбеюінен;

- токсиндерді шығару қабілеті;

- иесінің иммундық жүйесінің жойылу қабілетінен.

Жұқпаның дамуы және клиниқалық белгілерінің ауырлығы, қоздырғыштан басқа тағы да бірнеше факторлармен байланысты:

-жасынан;

-қосымша аурулардан;

-иммундық статустан;

-ағзаның тұрақтылығынан;

-иммунизациядан;

-пайда болған аурулардан;

-психологиялық жағдайлардан.

Госпиталдық жұқпалардың болатын орындары.

Теріде 10 - 20% (кейбір жағдайда 40% дейін), жаңа босанған әйелдерде бесінші күнде терісінде - 30%, ал төсінде -60%-ке дейін стафилококтар болады. Ішек таяқшалары пациентерде 13-21%, медперсоналдарда 6-9%, энтерококтар 27-29% пайда болады. Шаштарында көбінесе 17-40%, мұрынның қуысында 90% дейін,ауыз қуысында 90%-ке дейін стафилококк болады. Жаңа туған баланың көзінде, кіндігінде стафилококк 70% дейін пайда болуы мүмкін. Қынапта 9-16%. Ішекте энтеровирустар, сальмонелалар, шигеллалар, стафилококтар, саңырауқұлақтар дамиды.

 

6.2.Жұқпалардың таралу жолдары және механизмі

Жұқпалар даму үшін қоздырғыш жұқпа жерінен әлсізденген иеге барады. Негізгі жұқпаның механизмі- артифициалдық таралуы.

Қоздырғыштың таралу механизмі әр-түрлі жолдарымен, факторлармен байланысты (аурухананың пішінінен, пациенттер контингентінен, емдеу диагностикалык процедуралар көлемінен)

БДДСҰ мәліметтері бойынша медициналық манипуляциялардың көлемі өсуде, оның 30% диагностикалық процедуралары болатын қанның анализі, зондтау, эндоскопиялар, пункциялар. Емдеу процедураға жатады: қанның трансфузиясы, қан сарысуы,қанның сұйық бөлігі, әр түрлі инъекциялар, жасанды дем қолдану, катетеризациялау т.б.

Инвазиялық медициналық процедуралардың тізімі жыл сайын медициналық технологиясының дамуымен байланысты толықтырылып отырады.

Артифициалдық механизмнен басқа жұқпалар ауыз, нәжіс, ауа тамшы, трансмиссивтық, қатынастық, кәсіби түрде таралады.

Емдеу мекемесінде жұқпаның енуін алдын алу мақсатында жүргізіледі:

- жұмысқа қайта келушілерді қарау және зертханалық тексеруден өткізу;

- емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию;

- медицина қазметкерлерін ЕСМ-нің санитарлық эпидемиялық тәртібі туралы бұйрықтары және нұсқауларымен таныстырып отыру, жүйелі түрде санитарлық минимум тапсыруды үйымдастыру.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 7701. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия