Студопедия — Оның түрлері. Нәтижесі. Болжамы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оның түрлері. Нәтижесі. Болжамы






Денсаулық және ауру - тірі ағзаның қоршаған ортамен байланысу тәсілі болып табылады. Денсаулық атрибутына ағзаның бүтіндігі мен бейімделуінің тұтастығы, ал аурудың атрибутына ағза бүтіндігінің және бейімделуінің бұзылыстары кіреді.

Денсаулық пен аурудың жалпы анықтамасы жоқ. Философиялық дефиницияны Карл Маркс«ауру дегеніміз адам өмірінің еркіндігінің шектелуі» («болезнь есть стесненная в своей свободе жизнь») деп жазған. Сырқат – сыртқы және ішкі ортаның залалды факторларының әсерінен пайда болатын және қорғаныс күштерінің жұмылдырылуымен, бейімделушіліктің төмендеуімен қатар жүретін үрдіс. Ауру адам ағзасының қоршаған ортамен тепе-теңдігінің бұзылысымен, адекватты емес реакцияларымен, жұмыс қабілетінің төмендеуімен көрініс береді.

Аурудың өзіндік себебі бар. Медицинада себеп туралы ғылым этиология деп аталады. Аурудың келесі себептері ажыратылады: механикалық (жарақат, радиация, температура), химиялық (улар), биологиялық (микроорганизмдер, токсиндер), психогендік (ақпараттың теріс әсері), генетикалық. Өз кезегінде, олар шартты түрде сыртқы және ішкі болып бөлінеді, бірақ сырқаттың барлық себептері қандай да бір деңгейде «сыртқы ортаның туындылары» болып табылады. Бұл генетикалық ауруларға да қатысты, себебі, сыртқы факторлардың кері әсерлері алдыңғы ұрпақтан берілуі мүмкін. Ауру болдыратын фактор өздігінен ауруды тудыра алмайды: «сырқаттың себебі әрқашанда ағзаның әсер етуші факторға қарым-қатынасына байланысты». Басқаша айтқанда, ағзаның реактивтілігі аурудың дамуы мен пайда болуын анықтайды.

Этиология ғылымы патогенезбен, яғни аурудың даму механизмімен тығыз байланысты. Патогенез дегеніміз «реакция білдіруші субстраттың қасиеті», «түрдік бейімделу мен дара (тұқым қуалаушылық) реактивтілік реакциясы». Патогенез ғылымының қағидасы өздігінен даму мен өздігінен реттелу принципіне негізделеді: себептік фактор өздігінен реттелетін фазалық патологиялық үрдістерді іске қосады. Кезеңді патогенетикалық фазаларға жатады:

- жасуша деңгейіндегі патологиялық үрдістер;

- тіндегі дистрофиялар мен қабынулар;

- бейімделу және орнына келтіру.

Осылайша, патогенезді функциясы мен құрылымының өздігінен бұзылысы ретінде қарастыруға болады. Патогенездің ағзаныңбелгілі құрылымдарына (тіндер, мүшелер, жүйелер) байланысты екенін көреміз, олар қандай да бір оқшауланған сырқат түрінде көрініс береді (пневмония, гломерулонефрит, миокардит). Сондықтан, аурудың жіктелуі мен диагностикасы негізіне органопатология қағидасы қойылған.

Аурудың әр түрлі көріністерін симптомдар (гр. symptoma - сәйкестік) деп атайды. Негізгі зерттеу тәсілдерімен (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация) анықталған симптомдар физикалық; деп аталады. Сонымен қатар, сырқаттардың өзіндік ерекшелігі: рентгендік, электрокардиографиялық, ультрадыбыстық және басқа да белгілері бар. Симптомдар мен олардың патогенезі және диагностикалық маңызы туралы ғылымды семиотика деп атайды.

Симптомдардың өзара патогенетикалық тұтастығын синдром (грекше Syn - тұтас, dromos - жүгіру) деп атайды, мысалы: өкпе тінінің ошақты тығыздалуы, тыныс алу жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі, артериалды гипертензия, мальабсорбция, бауыр жеткіліксіздігі, портальды гипертензия және басқалары. «Синдром» - «ауру» («нозологиялық бірлік») мен «аурулар жиынтығының» қатарындағы негізгі клиникалық түсінік пен диагностикалық үрдістің кезеңі болып табылады. Синдром мен нозологиялық бірлік өзіндік құрамы бойынша мағыналас еместігін айта кеткен жөн: синдром түсінігі бірінші кезекте патологиялық белгіні білдіреді, ал нозологиялық бірлік этиологиялық және патологиялық белгілерді, сонымен қатар, аурудың көрінісінің клиникалық-морфологиялық ерекшелігін біріктіреді. Синдром әр түрлі аурулармен де байланысты болуы мүмкін, мысалы: өкпе тінінің ошақты тығыздалуы пневмониямен, өкпенің қатерлі ісігімен және пневмосклерозбен байланысты болуы мүмкін.

Диагноздегеніміз жалпылама жіктеме және номенкулатурамен қарастырылған, терминологияны қолданып құрастырылған, ауруды анықтаудағы белгілі бір кезеңдегі медициналық тұжырым. Ол екіге бөлінеді: клиникалық (синдромдық және нозологиялық) және патологоанатомиялық диагноз. Өз кезегінде клиникалық диагноз келесі топтарға бөлінеді:

Әдістер бойынша:

- тікелей немесе аналогия бойынша диагноз;

- дифференциалдық диагноз немесе жоққа шығару диагнозы;

- синтетикалық немесе толық диагноз (diagnosis morbi et aegroti);

- бақылаудан кейін қойылған диагноз;

- емдік әсерге байланысты диагноз (diagnosis ех juvantibus).

Ауруды анықтау уақытына қарай:

- ерте қойылған диагноз;

- кеш қойылған диагноз;

- ретроспективті диагноз;

- қайтыс болғаннан кейін қойылған диагноз.

Негізделу дәрежесіне қарай:

- алдын ала қойылған диагноз;

- қорытынды диагноз;

- белгісіз диагноз.

Диагноздың құрылымы формальдық логика заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс: келісімді, сәйкестікпен,жеткілікті негізбен. Осындай талаптардың сақталуымен ғана диагностикалық тұжырым жасауға болады:

- түсінікті;

- қарама-қайшылықтың болмауы;

- дәлелденген.

Диагноздың құрылым негізіне нозологиялық қағида алынған (диагноз нозологиялық болуы тиіс, патологиялық немесе танотогенетикалық емес). Осы тұжырымды патологтар мен клиницистердің көпшілігі қолдайды, себебі, жоғарыда айтып өткендей, «нозология» этиология, патогенез және аурудың морфологиясын біріктіреді.

Кез-келген диагноздың құрылымы үш санатты көрсетуі тиіс: негізгі ауру, оның асқынуы, қосалқы болатын ауру. Медициналық көмекке жүгінуге себеп болған сырқат немесе өлім себебі негізгі болып табылады. Көбіне-көп негізгі ретінде екі немесе одан да көп нозологиялық бірліктер қарастырылады, олар «жұптасқаннегізгі ауру » терминімен көрінетін фондық және екіншілік бәсекелестік.Бәсекелестік деп әрбіреуі өз кезегінде өлім себебі (мидағы жіті қан айналым бұзылысы және асқазан обырының кеш сатысы) болатын екі ауруды айтамыз. Екіншілік деп өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ басқа аурудың (мықынның сынуы және простата аденомасы) ағымын ауырлататын сырқатты айтады. Фондық ауру деп негізгі аурудың ағымына жағымсыз әсер ететін және өлім тудыратын асқынуларға (жіті миокард инфарктысы кезіндегі атеросклероз) әкелетін ауруды айтады. Патогенетикалық асқынулар негізгі ауруға байланысты, бірақ анатомиялық және функционалдық өзгерістермен қатар жүретін клиникалық синдромдардың негізгі көрінісімен білінеді. Өлімнің себебі көбіне асқынулар болып табылатындықтан, қазіргі таңда олардың кейбір түрлері негізгі ауру ретінде қарастырылады, мысалы: атеросклерозбен асқынған жіті миокард инфарктісі немесе ми қан айналымының бұзылысы. Асқынулар негізгі (өлімге себеп болатындар) және қосымша (өлімге себеп болмайтындар) болып бөлінеді. Қосалқы ауру ретінде негізгі аурудың ағымына айрықша әсер ететін немесе оны ауырлататын сырқатты айтады. Қосалқы аурулардың асқынуы болмайды.

Тәжірибелік медицинада ең күрделісі болжам, (грек сөзінен, prognosis) яғни патологиялық үрдістердің даму заңдылығына негізделген сырқаттың ағымы мен нәтижесін алдын-ала болжау болып табылады. Анықтамаға сәйкес, клиникалық медицинада бірінші кезекте аурудың ағымы (жедел, созылмалы, рецидив) мен оның нәтижесі (сауығу, мүгедектік, өлім) болжамдалады. Дәрігерлік болжам бірінші кезекте нақты нозологиялық диагнозға (аурудың жалпы болжамына) сүйенеді, екінші кезекте науқастың жеке бас ерекшелігін қарастырады. Негізінде, ауруды болжамдау динамикалы, өзгермелі, әрі бірқатар факторларға байланысты (аурудың кезеңі, асқынудың болуы, емнің тиімділігі және т.б.) болып келеді. Дедуктивті логиканың заңдарына бағына отырып, дәрігердің жинақтаған білімі мен тәжірибесіне байланысты, болжамдау көбіне интуитивті болып саналады.

 

 

 

 

 


Тарау







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2428. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия