Студопедия — Сұрастыру. Зәр шығару мүшелері зақымданғанда негізгі симптомдары ісіну, зәр бөлінудің бұзылуы (дизурия)
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сұрастыру. Зәр шығару мүшелері зақымданғанда негізгі симптомдары ісіну, зәр бөлінудің бұзылуы (дизурия)






Зәр шығару мүшелері зақымданғанда негізгі симптомдары ісіну, зәр бөлінудің бұзылуы (дизурия), бел тұсында және несеп ағар бойында ауырсыну сезіміне, қан қысымының жоғарлауы, басының ауырсынуы, ентігу, диспепсия, дене қызуы көтеріледі.Бүйрек тұсындағы ауырсыну бүйрек қабының тез және біраз керілуінен пайда болады; өзіндік бүйрек паренхимасында ауырсыну рецепторы жоқ. Диффузды қабыну ауруы (гломерулонефрит) және бүйрек ісігінде ауырсыну сезімі болмайды; мұндай науқастар тек бел тұсында ауырсынуды сезінеді. Үдемелі, ұстамалы ауырсынулар (бүйрек шаншуы) несеп ағардың жедел таспен немесе қан ұйындысымен бітелуі салдарынан, несептің бөлінуінің қиындауынан және бүйрек түбекшелерінің керілуінен болады. Мұндай ауырсынулар көп су ішкеннен немесе селкілдегеннен (қисық жолмен жүргенде) соң бел тұсына, несеп ағар бойымен шапқа, зәр шығару түтігіне, бұт аралыққа немесе санға (сирек жағдайда қабырға астына) беріледі. Ауырсыну ерлерде - ұмаға, әйелдерде – үлкен жыныс ернеулеріне беріледі және бел тұсын қаққанда (Пастернадский симтомы) немесе ауыратын жағындағы жұмыртқаның қысылуынан ауырсыну үдейді. Бел тұсының D12–L2 аймағында терінің сезімталдығы жоғарлағаны (гиперестезия) байқалады. Бүйрек шаншуында жылу қолданса, ауырсыну азаяды (жылы ванна қабылдау).

Бел тұсында үдемелі, үнемі ауырсынулардың қабырға астына гомолатеральді берілуі паранефритте сезіледі. Осы ауырсыну ауыратын жағының тізесін бүккенде ауырсыну бәсеңдеп, жазғанда күшейеді. Қасаға үсті маңы ауырсынуы жедел цистит, қуықта тастың түзілуіне немесе қуық обырының белгісі болуы мүмкін.

«Д изурия» ұғымы зәр жібергенде сыздауын, тәуліктік зәрдің мөлшерінің өзгеруін, тәуліктік зәр ырғағының бұзылуын айтамыз. Қуықта 200 мл зәр жиналса, дәретке отыруға қажеттілік туады. Дені сау адамдарда тәулігіне 2 л дей зәр бөлініп, 5-7 рет кіші дәретке отырады. Зәр мөлшері азайып, жиі дәретке отыру (поллакиурия) циститте, перициститте, қуықта тас болғанда, уретраның қабынуында, простатит немесе қуықасты бездің аденомасында байқалады. Функционалды және органикалық поллакиурия түрін ажыратады. Функционалды поллакиурия қуықтағы нерв ұштарының сезімталдығының күшеюінен, тек күндіз анықталады. Органикалық поллакиурия тәулік ішінде анықталады. Зәр шығарудың жиілеуі тәуліктік зәр мөлшерінің көп бөлінуінде (полиурия) де орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда бір шығарымдағы зәр көлемі өзгермейді.

Зәр шығарғанда ашып, сыздап ауырсыну (стангурия) жедел циститте немесе уретритте анықталады. Цистит кезінде странгурия зәр жіберудің соңында, уретритте – зәр жіберу кезінде анықталады.. Зәр шығару алдында рефлекторлы түрде поллакиурия және странгурия мына жағдайларда: нефролитиаз, пиелонефрит, бүйрек туберкулезінде байқалады. Зәр шығару кезінде уретрада ашыған ауру сезімі оксалурия белгісі (зәр қышқылы тұздарының жоғары болуы), бірақ, жиі невроз жағдайында да кездеседі.

Тәуліктік зәр мөлшерінің 500 мл аз болуы (олигоурия) бүйректік және бүйректен тыс болып бөлінеді. Экстраренальдық олигоурия сусыздану (ішкен сұйықтық көлемінің аз болуынан, ыстық климат, қатты терлеу, тоқтаусыз іш өту, қызу көтерілгенде, тоқтаусыз құсу), декомпенсирленген жүрек жетіспеушілігі салдарынан дамиды. Ренальдық олигоурия бүйрек жетіспеушілігінің бір белгісі. Айқын (300 мл аз) тәуліктік зәр мөлшерінің азаюы (анурия) бүйректік (секреторлы) немесе бүйректен тыс (экскреторлы) болуы мүмкін. Секреторлық анурия бүйректің диффузды созылмалы ауруы (гломерулонефрит), есеңгіреу, гиповолемия, созылмалы жүрек жетіспеушілігінде кездеседі.Осы кезде зәрде азотты қалдықтар жиналып қалуы (уремия) қаупі бар. Экскреторлы анурия қуық парезы салдарынан және несеп обструкциясында (сырттан басылу, тастар,орнықсыз бүйректің иірілуі) немесе уретраның стриктурасында зәр түзілуінің төмендеуі.

Қуық қапшығының толығымен босамауы (ишурия) декомпенсирленген қуықасты безінің аденомасында, уретраның стриктурасында, қуық қапшығының атониясында (жұлын ұшы зақымдалғанда, М-холиноблокаторды көп қолданғанда, комада) анықталады.

 

 

Арау

 

Бүйрек тұсын қарағанда қандай да бір патологиялық өзгерісті мүше өте ұлғайғанда (обыр, эхинококк) немесе бүйрек маңы клетчаткасында көп мөлшерде экссудат жиналғанда (паранефрит) анықтайды. Бұл жағдайда бүйрек алдыңғы құрсақ қабырғасымен жанасып, гомолатеральдық қабырға асты сырт жағында ісініп тұрады немесе артқы жағынан бел тұсында бұлтиып тұрады. Паранефритте бұлтиған аймақ терісі ісінген, пальпацияда ауырсынады, ұстаса, жылы болады. Науқас мәжбүрлі жағдайда –жамбас және тізе буындарын бүгіп отырады.

Ісіну бүйректің негізгі себебі болып табылады. Олардың патогенезі үш фактор бойынша әсер етеді: гипопротеинемия, натридың бүйректік жиналуы және жүйелі қан тамыр өткізгіштігінің жоғарлауы. Қан тамыр өткізгіштігінің жоғарлауы және плазманың онкотикалық қысымының бәсеңдеп, гипопротеинемияның дамуы транссудаттың интерстициалды тінге өтіп, айналымдағы қан көлемінің азаюына әкеледі. Осыған жауап ретінде «ренин-ангиотензин-альдестерон» жүйесі белсендіріліп, натрийдің бүйрек арқылы жиналуын жоғарлатады. Натрийдің жиналуы бүйректе шумақтық фильтрацияны бәсеңдетіп, оның түтікшелік реабсорбциясын жоғарлатады. Натрийдің жиналуы және гиповолемия антидиуретикалық гармондардың синтезін жоғарлатып, судың жиналуына әкеледі.

Бүйрек ісінуінде қабақ көзге көрінер-көрінбес ісініп, айқын анасаркаға дейін жетеді. Нефротикалық синдромда сұйықтық көп мөлшерде жиналып, ал созылмалы гломерулонефритте ісіну болмауы да мүмкін. Нефритикалық ісінулер тері асты май клетчаткасының борпылдақ жерлерінен анықталады. (қабақ, ұма, жыныс еріндері). Жүректік ісінулерден ерекшелігі, олар тыныштықта пайда болады немесе күшейеді, таңертең, күндіз азаяды немесе жойылады. Жүректік ісінулерде тері түсі көкшіл, ал нефритикалық ісінуде -бозарған. Нефротикалық ісінулер жүректік ұқсас, дененің төменгі бөлігінен басталып (аяқ ұшынан) және физикалық жүктемеден соң күшейеді, жұмсақ және симметриялы орналасқан.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 4530. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия