Студопедия — Тақырып:Еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын реттеу ерекшеліктері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып:Еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын реттеу ерекшеліктері.






Лекция жоспары:

1.Еңбекті қорғау салдасындағы даулардың түсінігі мен түрлері.

2. Еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар.

3. Еңбек дауларын қараудың тәртібі.

Лекция мақсаты: еңбек дауларын түсінігі мен түрлерін анықтау, еңбек дауларын реттеу тәртіптері мен олардың қарау тәртіптерін қарастыру.

Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы тікелей келіссөздермен реттелмеген, қолданыстағы заңдарда қолдану, жаңа еңбек жағдайларын белгілеу және еңбек жағдайларын өзгерту жөніндегі мәселелерге қатысты келіспеушіліктер танылады.

Субъективтік құрам бойынша, яғни, еңбек дауына қатысушылардың құрамы бойынша еңбек даулары жеке және ұжымдық еңбек даулары болып бөлінеді.

Жеке еңбек даулары бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру немесе тануға байланысты, еңбек туралы заңдарға, ұжымдық шартқа және еңбек туралы өзге де келісімдерге байланысты талаптарын жұмыс берушіге білдірген жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды.

Жеке еңбек даулары тек еңбек құқығы қатынастарының мазмұнына ғана емес, сонымен қатар, еңбек шартын бекіткенге дейінгі, оның әрекет еткен кездегі және оны бұзғаннан кейінгі жағдайларға да қатысты туындауы мүмкін (мысалы, қызметтен заңсыз босату және т.б.).

• Ұжымдық еңбек даулары келесі құқықтық қатынастардан туындайды:

• а) еңбек ұжымының басшылықпен, соның ішінде, ең жоғарғы басқару

органмен арасындағы құқықтық қатынастардан;

• б) кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы құқықтық

қатынастардан.

Ұжымдық еңбек дауы – бұл тараптардың арасындағы келесі мәселелерге қатысты туындайтын келіспеушіліктер:

• а) еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын және өндірістік тұрмысты өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеуге қатысты;

• б) ұжымдық шартты, кесімді бекітуге немесе өзгертуге қатысты;

• в) еңбек туралы заңдардың талаптарының орындалмауына қатысты.

Еңбек даулары өзінің сипаты (пәні) бойынша

• талап-арыздық

• талап-арыз еместік деп бөлінеді

Талап-арыздық еңбек даулары – бұл сотта бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру туралы тиісті өтініштің (талап-арыздың) негізінде қаралатын даулар.

Талап-арыздық емес еңбек даулары - бұл заңдармен немесе еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген еңбек жағдайын өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеу туралы даулар.

Еңбек дауларының себептері болып дауласушы тараптардың еңбек құқықтары мен міндеттерін бағалауындағы қарама-қайшылықтар табылады.

Бұл:

• а) жеке сананың қоғамдық санадан қалып қоюы.

• б) құқықтық мәдениеттің жеткіліксіз деңгейі, яғни, басшылықтың да,

жалданбалы қызметкерлердің де еңбек туралы заңдарды білмеуі немесе нашар білуі.

Еңбек дауларын қарастыратын органдар

• Еңбек дауларын не арнайы уәкілетті органдар, не еңбек дауларын

шешу міндетіне және осы үшін белгілі бір өкілеттіктерге ие соттар қарастырады.

Еңбек дауларын қарастыратын органдарға мыналар жатады:

- басшылық және/немесе кәсіподақ органы (еңбектің жеке

жағдайларын белгілеу немесе өзгерту туралы);

- келісім комиссиялары (тараптардың келісімі бойынша);

- бітімгершілік комиссиялары және еңбек арбитраждары (еңбек және

тұрмыстың жағдайларын өзгертуге және жаңа жағдайларды белгілеуге, ұжымдық шарттарды және өзге де келісімдерді бекітуге және орындауға байланысты);

- жоғары тұрған ұйым;

- сот.

Еңбек дауларын қарастырудың түрлері:

• а) жалпы тәртіп, бұл кезде еңбек дауы келісім комиссиясында немесе

сотта қарастырылуы мүмкін. Қызметкер еңбек дауын қарастыру үшін қандай органға шағымданатынын өзі шешеді. Алдымен ол еңбек дауларын шешу жөніндегі келісім комиссиясына шағымдана алады немесе еңбек дауын сот тәртібімен шешу үшін сотқа жолдана алады;

• б) ерекше тәртіп, бұл кезде қызметкерлердің белгілі бір санаттарының

еңбек даулары белгіленген ережелерге сәйкес қарастырылады. Қызметкердің штаттық немесе штаттан тыс, уақытша, маусымдық екеніне және кәсіподақтағы немесе партияға мүшелігіне қарамастан келісім комиссиясында да, сотта да жеке еңбек даулары қарастырылады.

Соттарда мынадай еңбек даулары қарастырылады:

• а) қызметкердің өтініші бойынша:

• - жұмысқа қайта алу туралы;

• - жұмыстан босатудың себебін және күнін өзгерту туралы;

• - амалсыздан жұмыссыз жүрген немесе жалақысы төмен жұмысты орындаған уақыты үшін ақы төлеу туралы;

• ә) басшылықтың өтініші бойынша:

• - қызметкердің ұйымға келтірген материалдық зиянын өтету туралы;

• б) келесі тұлғаларды жұмысқа алудан бас тарту туралы даулар:

• - басқа ұйымнан ауысу тәртібі бойынша шақырылған тұлғаларды;

• - жүкті әйелдерді және жас балалы аналарды;

• - мүгедектерді және т.б.

Ұжымдық еңбек даулары

• Ұжымдық еңбек дауларының пәні болып қызметкерлер ұжымы мен

жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктердің негізі ретіндегі еңбек ұжымының құқықтары мен мүдделері табылады.

Жалпы алғанда, мынадай келіспеушіліктер орын алуы мүмкін:

• а) ұйымда еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын өзгерту

немесе жаңа жағдайларды белгілеу;

• ә) ұжымдық шартты бекіту және орындау.

Ұжымдық еңбек дауларын шешудің келесі кезеңдерден тұрады:

• - бірінші кезең – талаптар қою;

• - екінші кезең – дауды тараптардың қарауы;

• - үшінші кезең – дауды келісім комиссиясының қарауы;

• - төртінші кезең – ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен шешу (әрқашанда бола бермейді);

Жеке еңбек дауларын қарау тәртіптері:

ҚР еңбек кодексінің 170-бабына сәйкес жеке еңбек дауларын қарау

жөніндегі органдар жатады: келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.

Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.

Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады.







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 2472. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия