Студопедия — Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі. Олардың ерекшеліктері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі. Олардың ерекшеліктері.






Жер қатынастарын реттейтін мем/к органды бірнеше топқа бөлуге болады:

1) Жалпы құзіреті бар органдар. Олардың қатарына: Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатады. Осы жерде Үкіметтің құзіреті, ЖКне сәйкес, жер қатынастарын реттеу саласындағы құзіретіне мыналар жатады: ҚР жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мем/к саясаттың негізгі бағыттарын анықтау; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс шаралардың кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі мем/к бағдарламаларды әзірлеу; жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына берілетін құжаттардың нысандарын бекіту; мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу; жерді пайдалану мен қорғауды мем/к бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу; обл.ң, астананың, РМБқалалардың арасындағы жер қатынастарын реттеу; т.б. Ал жергілікті өкілді органдар мен өзін өзі басқару органдарының құзіреттеріне: жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарынсқорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекіту; елді мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекіту; т.б.жатады.

2) Арнайы құзіреті бар органдар: ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі. Бұл агенттіктің құқықтық мәртебесі Жер Кодексімен және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген ережемен реттеледі. Агенттіктің негізгі міндеттері: жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мем/к саясатты жүргізу; жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Ал осы агенттіктің құзіреттеріне тоқталсақ, олар: мем.саясатының қалыптасуын қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар; мем.саясатының ж.а.н бақылау функциялары; мем.саясатының ж.а.н бақылау функциялары; экономикалық қызметті мем/к реттеуді қ.е. функциялары; т.б.

3) Функционалды құзіреті бар органдар: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстарын басқару жөніндегі комитет, құқық қорғау органдары, сот органдары, салық органдары.

 

27.Сауықтыру және рекреациялық мақсаnтағы жерлердің құқықтық тәртібі мен табиғат ескерткіштері, тарихи және мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Рекреациялық мақсаттағы жер

Халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады.

Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлық және шатырлы туристiк-сауықтыру лагерьлерi, балықшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияқты басқа да объектiлер орналасқан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерi де жатады. Рекреациялық мақсаттағы жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар белгiлейдi.Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен келiсiм бойынша белгiленген туристiк соқпақтар мен трассаларды пайдалану сервитуттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.Рекреациялық мақсаттағы жерде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн қызметке тыйым салынады.

Сақтандыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады.Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгiленедi.

Сақтандыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды. Белгiленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерiн шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бiрiншi белдеуi) көзделетiн жағдайларды қоспағанда, санитарлық-қорғау аймақтары шегiндегi жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгiленген шарттарға сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылады.Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудiң белгiленген режимi сақтала отырып жүзеге асырылады. Тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жер пайдаланушылар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынады. Халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады. Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлық және шатырлы туристiк-сауықтыру лагерьлерi, балықшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияқты басқа да объектiлер орналасқан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерi де жатады. Рекреациялық мақсаттағы жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар белгiлейдi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен келiсiм бойынша белгiленген туристiк соқпақтар мен трассаларды пайдалану сервитуттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн қызметке тыйым салынады. Сауықтыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды. Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудiң белгiленген режимi сақтала отырып жүзеге асырылады.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 828. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия