Студопедия — Кпенің тінінің тығыздалу синдромы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кпенің тінінің тығыздалу синдромы






Анықтамасы. Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы деп әр түрлі патологиялық жағдайларға байланысты өкпе ұлпалары сұйық жиналғандықтан, басқа тығыз тіндермен алмасқандықтан немесе ауадан босап солып қалуынан қатайғанын атайды. Өкпе ұлпасының тығыздалу синдромы өзіне тән морфологиялық, рентгенологиялық, клиникалық белгілерден құрылады. Практикалық салада ол көбінесе клиникалық және рентгенологиялық мәліметтер арқылы анықталады.

Пайда болу себептері және механизмдері. Өкпе паренхимасының тығыздалып қатаюы бір неше механизмдерге қарай туындайтын дерттік жағдай: альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналуы, өкпе тіндері басқа тығыз тіндермен алмасуы, өкпе тіндері ауадан босап солып қалуы. Ең алдымен, өкпенің қатаюы альвеолалардың зақымдануына байланысты болып келеді, альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналу салдарынан. Альвеолаларға экссудат (қабынба сұйықтығы), транссудат (тамыр іргелерінен сүзіліп өткен қабынба емес сұйықтық), қан сияқты сұйықтықтар жиналуы мүмкін. Экссудат жиналу – қабыну процесс көрінісі, пневмония, туберкулез ауруларына тән. Альвеолаларға құрамында жасушалық элементтер, лейкоциттер көп, фибрин талшықтары бар, микроорганизмдер және олардың токсиндері бар жабысқақ сұйықтықтар жиналады. Өкпе тіндерінің тығыздалуы альвеолаларға қан жиналғандықтан да пайда болатын синдром. Қан жиналу – өкпе ұлпаларының ыдырауымен (деструкциясымен) жүретін патологиялық жағдайларға тән: өкпе инфарктісі, өкпе туберкулезі, өкпе қатерлі ісігі, өкпе іріңдігі. Транссудат жиналу – организмде су-электролиттер тепе-теңдігі бұзылу, қанның осмостық, онкотикалық қысымының өзгеруі, тамырлардағы гидростатикалық қысым жоғарылауына байланысты туындайды.

Өкпе ұлпаларының тығыздалып қатаюы туындайтын келесі механизм - өкпе тіндерінің басқа ауасыз тығыз тіндермен алмасуы: дәнекер фиброзды тіндермен алмасуы – пневмосклероз, қатерлі ісіктер тіндерімен алмасуы - өкпе обыры, өкпе тіндерінің іріңдеп ыдырауы - өкпе абсцессі.

Өкпенің ауадан босап солып қалуы ателектаз деп аталады. Морфология-лық өзгерістер тұрғысынан қарайтын болсақ, ателектаз да өкпе тіндерінің тығыздалуы болып табылады. Ателектаз деген сөздің дәлме-дәл мағынасы жазылып созылмауы дегенге келеді. Өкпенің сырт жақтан басылып қалуы (плевра қуысына сұйықтық немесе ауа жиналу, үлкен қатерлі ісіктер) – компрессиялық ателектаз деп аталады. Бронхтар бітеліп (бөгде зат, қатерлі ісік), бронхтар бойымен өкпеге ауа бармағандықтан өкпе тіндері солып қалуы – обтурациялық (бітегіш) ателектаз болып келеді.

Сонымен, өкпе тіндерінің тығыздалып қатаюы әр түрлі ауруларда және патологиялық жағдайларда кездесе береді. Аталған аурулардың әр қайсысының өзіне тән көптеген ерекше әйгіленімдері болғанымен, бұлардың барлығына ортақ болып келетін бір қатар белгілерді іріктеп алуға болады. Бұл белгілер жиынтығы өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы болып табылады.

Клиникалық белгілері. Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы көріністері науқасты тексеру барысында, тікелей, физикалық зерттеулер қолданғанымызда және инструменталды тексерулер қолданғанымызда анықталады.

Сұрастыру арқылы науқас ентігетінін білеміз. Өкпе тіндерінің тығыздалуына әкелетін механизмдерді еске түсіретін болсақ, науқас көбіне демін ішке ала алмай қиналады – инспираторлық ентігу. Ентігу дәрежесі тығыздалып, істен шыққан өкпе көлеміне байланысты болып келеді, мысалы бөліктік пневмония жағдайында бұл көрініс айқын келсе, ошақты пневмониямен сырқаттанған науқас ентікпеуі де мүмкін.

Альвеолаларға сұйықтықтар жиналған болса, науқас жөтелетініне шағым айтады. Жөтелі құрғақ болуы мүмкін, немесе қақырық тастап жөтеледі (кілегейлі, кілегейлі-іріңді, серозды), кейде сонымен бірге қан түкіреді.

Қарап тексергенде, науқас ентігіп отырғанын көреміз. Қатайып тығыздалған өкпе көлеміне қарай цианоз (терінің көгеруі) байқалуы мүмкін. Көкірек қуысын қарап тексергенде ауырған жағының тыныс қозғалыстарынан қалып отырғаны көрінеді. Пальпация әдісін пайдаланып тексергенде өкпе тіндері тығыздалған тұстардан дауыс дірілі күшейгені білінеді, өйткені қатайып тығыздалған өкпе паренхимасының дыбыс өткізу қабылеті жоғарылайды.

Перкуссия әдісімен тексергенде өкпенің ашық дыбысы дәрежесі әр түрлі келетін тұйық дыбысқа айнала бастайды. Әсіресе айқын өзгерістер зақымданған өкпе ұлпалары беткей жатқанда, және де оның көлемі айтарлықтай үлкен болғанда анықталады.

Аускультация тәсілімен тексергенде қатайған өкпе тіндерінің дыбыс өткізу қабылеті жоғарылағандықтан, дәл осы тұстан көкірек қуысының сыртына бронхтар бойымен жоғарыдан келіп түскен көмей-кеңірдек шуылы тарап өте бастайды (патологиялық бронхылық шуыл). Бронхофония тәсілін қолданатын болсақ, өкпе тіндері тығыздалған тұстардан бронхофонияның күшейгенін анықтауға болады.

Зертханалық және аспаптық зерттеулер. Рентгенограммада тығыздалған өкпе тіндері қарайған ошақтар ретінде көрінеді. Қарайған ошақтын сипаты патологиялық процесс ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, пневмония ауруында қарайған ошақ көлемі қабыну көлеміне сәйкес келіп тұрады, ол біркелкі емес, шеттері айқын көрінбейтін, көбіне өкпенің төменгі бөліктерінде орналасатын болады. Рентгенологиялық зерттеуден басқа спирометриялық тексеру қолданылады: өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), өкпенің максималды вентиляциясы (ӨМВ), тыныс алудын резервтік көлемі азайғандары анықталады. Қанның газдық құрамын тексеретін болсақ: оттегі парциалды қысымы (75-100мм сбб) төмендеуі, көміркышқыл газы парциалды қысымы (35-45 мм сбб) жоғарылауы анықталуы мүмкін.

Өкпе тіндері тығыздалуы синдромының балалардағы ерекшеліктері. Балаларда өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы көбіне пневмония ауруына байланысты болып келеді. Жаңа туған нәресте пневмониясының ерекшеліктеріне орталық жүйке жүйесінің бұзылыстарына байланысты тез арада пайда болатын токсикоз; қабыну процестің генерализациясы, анемия, гиповитаминоздардың туындауы. Аурудың бас кезінен бастап неврологиялық статус өзгерістері анықталады: әлсіздік, немесе қозғыштық, ұйқының бұзылуы, бұлшықеттер гипертонусы, қимыл-қозғалыстардың артуы. Бала жылағанда дауыс дірілінің күшейгені білінеді. Жөтел болмаса, оның орнына науқас баланың ауызынан көпіршіктенген сілекей бөлінуін көруге болады. Перкуссия әдісімен тексергенде көбіне ашық өкпе дыбысы естіліп тұрады, кейде аздаған тимпаникалық реңі болуы мүмкін. Пневмония жайылмалы болып кетсе, айқын тұйық дыбыс пайда болады. Аускультациялық көріністерге құбылмалылық тән, тыныс шуылдарының сипаты, бұлардың жан-жаққа таралуы әр түрлі болып келеді. Крепитация, көпіршікті сырылдар бала терең дем алғанда ғана естілуі мүмкін. Пневмонияның ерте пайда болатын рентгенологиялық көріністеріне өкпе ұлпалары мөлдірлігінің төмендеуі, тамырлар суретінің күшеюі, пневмониялық инфильтраттар өкпенің медиалды бөліктерінде орналасқан ошақты көлеңкелер болып көрінеді.

Бронхтардың обструкция синдромы - Обструкция синдромы деп бронхоспазм нәтижесінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуынан пайда болған организмнің патологиялық жағдайын атайды. Бұл синдромның клиникалық белгілерінің негізінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы, соның нәтижесінде нашарлаған әр келкі вентиляция және өкпенің қалдықты көлемінің ұлғаюы жатады. Нақты бронхобструкция синдромына ұсақ бронхтардың өткізгіштігінің өзгеруі жатады. Бұндай жағдай бронхтардың шырыш қабатының қабынуы мен ісінуінен, дағдыды шырыш қабатының ісінуімен бірге жүретін бронхспазмнан, көбінесе бронхтарды сырттан қысып тарылатын диффузды перибронхиалды фиброздан пайда болады. Созылмалы обструктивті аурулардың негізгі клиникалық белгілері болып келесі симптомдар есептелінеді: 1)Қою және тұтқыр қақырығы бар жөтел 2)қатты ентігу 3)өкпелік жүрек синдромының пайда болуы 4)ақырында тыныс алу мен жүрек жетіспеушілігінің дамуы Бұл аурудың ең жиі кездесетін этиологиялық факторы ол темекі тарту. Созылмалы обструктивті бронхитпен ауырған науқастарда цианоз бен жүрек қызметінің жетіспеушілігі жиі анықталады. Обструктивтік синдромның осындай варианты кезінде терминалды бронхиолалардың шырыш қабатының қабынып,ісінуінің нәтижесінде пайда болған альвеолалар гипожелдеткіші, оттегінің парциалды қысымының төмендеуі, көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы гипоксемия мен гиперкапния, кейін альвеоларлық капиллярлардың тарылуы және кіші қан айналым шеңберіндегі шипертензия пайда болады. Бұдан әрі өкпелік жүрек пайда болады, оны қалпына келе алмайтын перифериялық ісінуге әкеліп соғады. Өкпенің созылмалы обструктивті синдромының келесі бір себебі ол обструктивтік эмфизема, бұл кезде көгеру айқын анықталмайды. Бұл ауруда да бронхиалды обструкция байқалады, бірақ та негізінен альвеолалардың созылымды қасиеттері жойылғандықтан, бронхиолалардың қабырғалалары бір-біріне жақындайды, ол әсіресе дем шығарған кезінде жақсы анықталады.

Бронхиальді обструкцияның пайда болу механизмдері:

  • дистония,
  • бұлшық ет тінінің гипертрофиясы,
  • гиперкриния,
  • дискриния,
  • нарушение мукоцилиарного клиренса,
  • ісіну,
  • қабынулық инфильтрация,
  • шырышты қабықтардың гиперплазиясы мен метаплазиясы,

бронхтардың обтурациясы мен деформациясы,

  • иммунитеттің дефекттері.

· Емі:

·

· МЕТИЛКСАНТИНЫ.
Жиі қолданылатын ол эуфиллин,кг 4-6 мг мөлшерінде қолданылады. Препарат внутримышечно енгізіледі, ал ауыр обструкции кезінде - внутривенно.
ЭТИМИЗОЛ
- тыныс алу аналептигі. Кг 0,1 мл мөлшерінде, 1 жасқа дейінгі балаларға 1,5% ерітіндісі 1-3 жасқа 1,0-1,5 мл,бронхолитикалық әсер етеді.
СИМПАТОМИМЕТИКИ
Эуфиллинге қарағанда оң эффект береді, бірақ аз уақыт әсер етеді.

Алупентті (орципреналина) внутримышечно 0,3-1,0 мл мөлшерде немес 0,05 ерітіндісін енгізу брон.обст. формасында 80 балада оң эффект көрсетті. Эффектті әдетте аз уақыт әсер етеді(30-60 мин.). Ұзақ уақыт терапия үшін алупент 0,2-0,3 мл мөлшерінде 3-5 күн аралығында 2 рет қолданылуы тиіс.

· Диагностикасы:

Бронхтың обструктивті синдромы кезінде физикальді, зертханалық, рентгенологиялық, функциональді, эндоскопиялық зерттеулер жүргізіледі.Физикальді зерттеу обструктивті бронхиттің формасы мен стадиясына байланысты; аускультацияда ауыр,қатаң тыныс алу болады,

Өкпе рентгенографиясы -өкпе эмфиземасын, өкпенің деформациясын көре аламыз.

Сыртқы тыныс алуды зерттеуде -спирометрия, пикфлоуметрия, пневмотахометрия маңызды роль атқарады.Алынған материалдан бронхиальді обструкцияның дәрежесін,өкпе вентиляциясының бұзылысын байқай аламыз

Бронхоскопия – бронхтардың шырышын көруге мүмкіндік береді.

Зертханалық диагностиксында жалпы қан анализі мен жалпы зәр анализі,қанның биохимиялық көрсеткіші(общий белок и белковые фракции, фибриноген, сиаловые кислоты, билирубин, аминотрансферазы, глюкоза, креатинин и др.)зерттеледі.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 1157. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия