Студопедия — Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт.






 

Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды.Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. берді. Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.

2.Ежелгі үнді философиясы. Буддизм және оның негізгі категориялары. Джайнизм.

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

І.Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.

Брахман-самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.

Араньякта (Орман кітабы) — брахманға тән ритуалдардын орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап толғану сияқты көзқарас.

Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.

Соңғы сатыны Будда "нирвана" деп атайды (адамның тірі кезінде жанды сансардан толығымен азат етуі). Нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана — бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана — ең жоғарғы ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген,ақыл-ойы күнделікті қызықтан алшақ адам танып - біле алады. Б.д.д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды.

Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу.Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану)тұратын материалдан (пудгала) кұралады. Олар бір-бірімен косылып бөліне алады. Тіршіліксіз әлемге сонымен катар кенестік (ақаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршілігі бар әлемнің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әр түрлі болады. Егер ауа, жер, от, өсім-діктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін кабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денелерден екінші денеге ауысып отырады. Жаинизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі — денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі — өмірдің ұзақтығын, үшіншісі — тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды.

3.Философия:

-Ғылым

-қоғамдық сананың формасы

-дүниетаным

Жоғарыда корсетілген анықтамалардың қайсысы сіздің ойыңызша дұрыс. Егер сіз келіспейтін болсаңыз, өз нұсқаңызды айтыңыз.

Философия —адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.

Френсис Бэкон эмперикалық бағыттың негізін салушы.Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан,Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлік - әкімшілік орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақьтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Енді оның философиямен айналысуына жол ашылады.

Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Орга-нон», «Жаңа Атлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.

Ф.Бэконның шығармаларының ерекшеліктері - ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы -тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да акиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері-оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.

Тәжірибені талдай келе, Ф.Бэкон оны екіге бөледі. Олар -жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екішні табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.

Ылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, адамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы қажет. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға -поэзия, ақыл-ойға - философия.

5.Түсіндіріңіз, Гегелль триадасы деген не? Схемасын сызыңыз. Гегель диалектикасы дамудың триадалық принципіне сәйкес пе?

Немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770—1831) эстетика мәселелерін де өзінің жүртқа мәлім “абоолютгік идеясы” тұрғысынан, атышулы триадасы (тезис — антитезис — синтез) тұр-ғысынан байыптаған. “Айуанның өсімдіктен өрбімегені секілді, адам да айуаннан өрбіген жоқ;—дейді

Гегельдің “Эстетика” атты арнаулы трактаты да сол өз философиясы _тұрғысындағы “идея” мен “құбылыстың”, пішін мен мазмұнның ара қатынасына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш түріне сай келеді:

Символикалық түр. Мұнда идеал әлі анық емес, ал “құбылыс” тек қана “идеяның” образды түрге айналу мүмкіндігін ғана танытады.

Классикалық түр. Бұл тұста “идеал” анық, өйткені ол құдайлардың бедерлі бейнесіне толық айналып, рухани ұғымды көзбен көріп, қолмен ұстар нақтылық пен заттылыққа жеткізген.

Романтикалық түр. Енді келіп рухани “идеал” сыртқы тұлға емес, адамның ішкі дүниесіне — сезімге, күйініш-сүйінішке, көңіл күйіне — айналып кеткен; сондықтан ол филооофияға жақын келген, яғни философияға айналған.

Гегельдің тұжырымынша, жалпы адам баласының көркемдік дамуындағы жаңа кезең — романтикалық түр болып табылады. Гегельдің түсінігінше: өнердің предметі — әдемілік, ал эстети-каның предметі — өнер, демек, эстетиканың предметі — ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғаламат әдемілік әлемі. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель абсолюттік рухтың өзіндік дамуындагы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түйді.

6. «Жүрегім соғып, өз бойымда тұрғанда философиямен айналысуды тоқтатпаймын» деген Сократтың сөзінің мәні неде? Философия адам және қоғам өмірінде қандай роль атқарады?

Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.

Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.

ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.

ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.

Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.

Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.

Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.

7.Конфуцианство және оның категориялары

Адамды сүю (жэнь) – Конфуций философиясының маңызды категориясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адамдардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді. Алтын орта (чжун юн) – Конфуций философиясының басты ұғымдарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді.Асыл адам, бекзат адам (цзюнь-цзы) – адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, «алтын ортаға» жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мүндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. «Асыл адамдар» көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді. «Асыл адамдардың» үлгісі зорлық арқылы бағындырудан әлдеқайда бағалы, себебі халықта үрей, қорқыныш емес. ез басшыларына деген сенім пайда болады. Бұл ұғымға қарсы ұғым – «темен адам» ұғымы. Дао – дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао – универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті – даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру. Ди – ағаны сыйлау. Инь және Ян – этимологиялық мағынасы «төбенің немесе өзен жа-ғасының көлеңкесі мен күнгейі» дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь – дүниенің рациональдік, «әйелдік» бастауы, Ян – бейсаналық, «ер адамдық» бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.Ли – ритуал, салт, этикет.Сяо – ата-ананы құрметтеу.

8.Гиппократ-антика медицинасының реформаторы ретінде

Гиппократ (Ἱπποκράτης)–ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356)Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді.

Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды

9.Ортағасыр дәуіріндегі философиялық ойлаудың негізгі белгілері, Философия мәртебесінің өзгеруі.

Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Бұл философия «схоластика» (лат. Ғылым, мектеп). Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталған жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Филсофтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, оларданбұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер(лат. Шын) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді. Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды. Ортағасырлық филасофияның ерекшелігі: философиялық ойдың дамуының тікелей діни – теологияның шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Құлдық және буржуазия

10. 9ғ.-12ғ. Мұсылмандық Шығыста философияның қалыптасуы.

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу процесі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл- Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.

Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық үлкен ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің прогрессивті жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивті рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогының нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл- Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен танысты.

А.Құнанбайұлының философиялық және этикалық көзқарастары.Этикалық көзқарасы. Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан салалы ойларының онтологиялық (бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын түсіну), гносеологиялық(нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері Абайды онтологиялық жағынан «идеалист», екіншілері «материалист» деп таныса, гносеологиялық тұрғыдан біреулері «сенсуалист» десе, екіншілері «рационалист» деп, жартылай идеалист, жартылай материалист немесе жартылай сенсуалист, жартылай рационалист немесе дүниені, қоғамды таным теориясы тұрғысынан біреулері «метафизик», біреулері «диалектик» деп түсіндіріп келді.Уақыт өтеді, заман өзгереді. Белгілі бір құбылысқа әр уақыттың адамы өз түсінігімен, өз пайымдауынша баға береді. Өйткені, құбылысты әркім өз кезінің тұрғысынан бағалайды, мөлшерлейді. «Материалист болу дұрыс екен, қайтсек материалист атанамыз» дейтіндер «нан болса, ән өзінен-өзі айтыла береді» дейтіндердің жалған, жасанды, тұрпайы қағидасы мақтардың аянышты зардабын аз көрмедік. Осындай тұрпайы, дөрекі социологиялық көзқарас Абай шығармаларын бағалауға да зардабын тигізді. Бүл көзқарас тағылар өмірдің өзінде қайшылықтар қандай көп болса, Абайдың табиғат, қоғам, таным жайлы түсініктерінде сол қайшылықтар, қарама-қарсылықтар өте терең бейнеленгенін ескере қоймаған. Егер ақиқатқа, әділетке жүгінсек, Абай жалаң философиялық категориямен, мысалы, «материя», «сана», «уақыт», «кеңістік», «қозғалыс», «даму», «қажеттілік пен кездейсоқтық» сияқты т. б. толып жатқан «таза философиямен» шұғылданбайды. Ойшыл ақынның негізгі ойы - материя мен сананың, кеңістік пен уақыттың арақатысы емес, «қайран елі, қазағының» келешегі, қайткен күнде қазақты ескен, өркендеген елдердің қатарына жеткізу. Осындай ұлы мақсат, игі ниет үшін ойшыл-ақын «Қыранша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алады». Абайдың этикалық көзқарасын сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек. Ол ақынның гуманистік және диалектикалық түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік өмірге деген көзқарасының, бүкіл шығармашылығының өзегі, қайнар көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен тікелей байланысты. Абайдың этикасы - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды.

12.Ғылым Жаңа Заман мәдениетінің ерекше феномені болады. Философия мәртебесінің өзгеруі, оның жаңа бағыттары эмпризм және рационализм.

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт.

Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық;

2. гносеологиялық;







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 263. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия