Студопедия — Билет 7. 1. Зәрдің химиялық құрамы, жүйе түрінде беру.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет 7. 1. Зәрдің химиялық құрамы, жүйе түрінде беру.






1. Зәрдің химиялық құрамы, жүйе түрінде беру.

2. Билирубинурия, түзілу себептері.

3. Кетондық денелердің химиялық табиғаты, зәрде пайда болу себептері.

1. Тақырыбы: Гормондардың биохимиясы. Заттар алмасуының гормондармен реттелуі.

2. Мақсаты:Студенттер гормондар, гормондардың әсер етуінің әр-түрлі механизмдерін, нысана клеткалары туралы, рецепторлы аппарат, гормондардың жіктелуі, жалпы қасиеттері туралы өз білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты:Гормондар жалпы адам организмінің мүшелері мен тканьдерінің макро-микро құрылысын, физиологиялық функцияларының жағдайын, организмде өтіп жатқан барлық биологиялық процестерді реттеп, белгілі бір деңгейде ұстап отыратын, ішкі секреция бездерінің арнайы клеткаларынан қанға бөлініп, орталықтан басқаруға қабілетті биологиялық активті заттар. Гормондардың қабілетінің бұзылыстары кезінде әр-түрлі патологиялар: мысалы қант диабеті, семіздік т.б. дамуы мүмкін.

Сондықтан, гормондардың қалыпты жағдайдағы әсер ету механизмін, биологиялық ролін және ол қасиеттерінің өзгеруі салдарынан әр-түрлі патологиялық жағдайларға алып келу мүмкіндіктерін білу болашақ стоматолог дәрігерлер үшін ХХІ ғасырда өте маңызды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гормон дегеніміз не? Анықтама.

2. Гормондардың рецепторлары, нысана-клеткалары (анықтама беріңіз) гормондарға клеткалардың сезімталдығы.

3. Гормондардың химиялық табиғаты.

4. Гормондардың жалпы қасиеттері.

5. Гормондардың әсер ету механизмі:

6. І – механизм мембранды – цитозольды.

а) аденилатциклазды мессенджер жүйесі

б) гуанилатциклазды мессенджер жүйесі

г) кальцийлі жүйе.

7. ІІ-ші цитозольді механизм.

8. ІІІ-ші мембраналық механизм.

9. Гормондардың номенклатурасы және жіктелуі

10. Гипоталамус гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер механизмі, физиологиялық эффекті, биологиялық ролі.

11. Гипофиз гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектісі, биологиялық ролі.

12. Қалқанша маңы бездерінің гормондары. Химиялық табиғаты, әсер ету механизмі. Нысана клеткасы, минералды алмасуға әсері.

13. Қалқанша безінің гормондары:

- кальцитонин химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, нысана-клеткасы, физиолгиялық әсері, кальцитонин секрециясының регуляциясы;

- трийодтиронин, тироксин түзілуі, химиялық табиғаты әсер ету механизмі, нысана-клеткасы, физиологиялық әсері.

14. Гипертиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.

15. Гипотиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.

16. Эндемиялық зобтың пайда болу механизмі және алдын-алу жолдары.

17. Қалқанша безі функциясының бұзылыстары: тиреотоксикоз, микседема, кретинизм.

18. Организмнің сәулемен зақымдануы және адаптация процессінің бұзылуы кезінде пайда болатын қалқанша безінің қатерлі ісігі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж. Биологиялық химия Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф.С.М. Адекеновтің ред. Басшылығымен.- Астана, 2003

2.Сеитов З.С., Биологиялық химия, 2007.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия, - Астана,2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.-М., 2005, 2007.

3.Биохимия, под ред.Чл.-корр. РАН, рпроф. Е.С.Сервина.-М., 2005, 2007.

4.Николаев А.Я. Биологическая.-химия. М.,2004.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С Медицинская и клиническая биохимия. –Павлодар, 2004.

2. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии- Алматы, 1998,2008

3. Марри Р., ГренерД., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

4. Кольман Я., Рем К-Г.Наглядная биохимия. М.:Мир, 2004.

5. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.- корр. РАН, проф. Е.С.Северина.-М.,2005.

6. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред чл.- корр. НАН РК, д.х.н.,

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

 

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1. Нысана-клетка, анықтама беріңіз.

2. Қандай заттарды гормондарға жатқызамыз. Оларға қандай жалпы қасиеттер тән.

3. ІІ-механизм бойынша әсер ететін гормондардың жалпы құрылысын көрсетіңіз.

4. Қай клетканың бөлігінде гормондардың рецепторлары орналасады.

5. Клеткалардың гормондар әсер етуіне сезімталдығы неге байланысты? Не себепті 1-механизм бойынша әсер ететін гормондар қысқа мерзім әсер етеді?

6. Белок-пептидті гормондарды атаңыз.

7. Қандай гормондар анаболикалық гормондарға жатады.

8. Гормондар өздерінің әсерін қалай атқарады? Схема түрінде көрсетіңіз.

9. Гормондар клеткадағы метаболизм процесіне өз әсерін ферменттерді активтендіру арқылы тигізеді ме? Дәлелдеңіз.

10. Статиндер мен либериндерге анықтама беріңіз. Олардың әсерінің ерекшеліктері.

11. Зат алмасу процессінің нейрогуморальді реттелуін схема түрінде түсіндіріңіз.

12. Эндемиялық зобтың токсикалық зобтан айырмашылығын көрсетіңіз.

13. Д витамині және оның алмасатын активті формаларының минерал алмасуын реттеудегі ролі.

14. Организмнің сәулемен зақымдануы және адаптация процессінің бұзылуы кезінде пайда болатын қалқанша безінің қатерлі ісігінің даму механихмдерін түсіндіріңіз

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

1. Зәрдегі фосфаттардың концентрациясының артуы қандай гормонның жұмысына байланысты. Науқас тітіркенгіш, құрысу байқалады. Қанда Са2+-дің мөлшері 0,8 ммоль/л. Қандай диагноз қоясыз. Және қалай емдейсіз?

2. Науқасты ұзақ уақыт Д витаминімен емдегеннен кейін сүйектері сынғыш, қанда Са2+-ді мөлшері 12 ммоль/л, болуының себебі неде? Бұл неге әкеліп соғуы мүмкін?

3. Науқастың сынған сүйегінің жазылуы баяу жүруде. Емдеу үшін қандай гормон қолдануға болады?

4. Жас бала кретинизммен ауырады. Бұл қай бездің қызметінің бұзылуымен байланысты? Жас баланың ойлау қабілеті мен дене бітімінің жетілуінің бұзылуын түсіндіріңіз.

5. Дене қызуының жоғарылуы мен тердің көп бөлінуі қай гормонның әсер етуімен пайда болады?

Осы құбылысты молекулалық деңгейде түсіндіріңіз.

6. Науқас адамның салмағы артық, жоғары әлсіздік, тез шаршайтындығы байқалады, денесінің қызуы төмен, терісі мен тілі ісінген. Зәр бөлінуі төмен. Бұл симптомдар қай гормон жетіспегенде байқалады? Организмдегі судың мөлшерінің көптігінен ісіктің болуын қалай түсіндіресіз.

7. Қалқанша безінің гормонының аз (гипо-) және көп (гипер-)бөлінуі әлсіздікке және тез шаршағыштыққа әкеліп соғады. Осы жағдайды тудыратын себептерді түсндіріңіз. Осы процестің негізін құрайтын молекулалық механизмдерін түсіндіріңіз.

8. Науқас адамның тілі ісінгендіктен өте үлкен, ауыз қуысына симайды, тілдің бетінде тістердің ізі бар. Қай эндокринді бездің бұзылуында бұл өзгеріс байқалады? Ісіктің биологиялық механизмін түсіндіріңіз.

Лабораториялық жұмыс

Қалқанша безіндегі йод мөлшерін анықтау.

Жұмыстың барысы:

Медициналық келіде кептірілген қалқанша безінің бұлшық етін майдалаймыз, оған екі есе көптеу Nа2CO3 кристалданған ұнтағын қосып ары қарай жақсылап ұнтақтаймыз. Ұнтақталған, қалқанша безін фосфорлы тигельге ауыстырамыз, одан соң асбест сеткасына қойып жай отта жайлап қыздырамыз. Тигельдегі массаны жайлап еріте қыздырамыз, содан соң жайлап шыны таяқшамен тигельдің қабырғаларына жабыстырамыз, кішкене иіс шыққанша тигельдегі массаны ерітеміз, аздап түтін шыға бастағанша қыздырамыз. Мұздағаннан соң тигельге 2 мл ыстық дистилденген суды қосамыз, жақсылап араластырамыз, содан соң фильтрлейміз.

Фильтрленген ерітіндіге 5 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосамыз, 1 тамшы 1% крахмал және 2 тамшы 0,1% йодталған калий ерітіндісін қосамыз. Пробиркадағы сұйықтық көк түске айналады.

Химизмі:қалқанша безі тканінің кептірілген бір бөлігін натрий карбонатымен қосып балқытқанда трийодтиронин мен тироксиннен йодталған натрий түзіледі, соңында құрамындағы йод иодты калиймен ығыстырылады. Ал бөлінген бос йодты крахмал арқылы анықтауға болады.

 

 

Бақылау жұмыстары:

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 473. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия