Студопедия — Базальды мембрана
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Базальды мембрана






Көз бұршағы (хрусталик)

Бұл мөлдір, екі жағында дөңес дене, оның пішіні өзгере алады. Сауле сындыру көрсеткіші 1.42. Сыртынан қалыңдығы 2-18 мкм мөлдір капсуламен қапталған. Оның алдыңғы қабырғасы І қабатты жазық эпителийден тұрады. Экваторға қарай эпителиоциттер биіктеп, жақұттың өсінді аймағын құрайды. Жаңа пайда болған эпителиоциттер жақұттың талшықтарына айналады. Әрбір талшық мөлдір алты қырлы призма болады. Олардың цитоплазмасында мөлдір белок кристалин болады. Талшықтарды бір-бірімен желімдейтін заттың да сауле сындыру көрсеткіші талшықтардікіндей болады. Жақұт кірпікшелері аймақтың талшықтарының көмегімен цилиарлық (кірпікшелі) денеге бекітілген.

Көз алмасының үш қызметтік аппаратын ажыратады:

диоптриялық;

аккомодациялық;

фоторецепторлық;

Диоптрикалық көз алмасы аппаратына көздің мөлдір қабықшасы, көздің алдыңғы және артқы камераларының сұйықтығы, көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады.

Аккомодациялық көз алмасы аппаратына көздің нұрлы қабықшасы, цилиарлы денешік жатады.

Фоторецепторлық көздің торлы қабықшасы жатады.

 

 

13.Торлы қабықша

Көздің торлы қабықшасы retina – ішкі қабықша – құрамындағы фоторецепторлық жасушалардың көмегімен қамтамасыз етеді.

Торлы қабықша радиальды бағытта орналасқан 3 нейроннан түзіледі: сыртқы рецепторлық, аралық-ассоциативті, ішкі ганглионарлы және 2 қосымша нейрондар. Кейінгілер радиальды тізбекке І және ІІ деңгейдің нейрондарының байланысы тұсында (горизонтальды), ІІ және ІІІ деңгейдің нейрондарының байланысы тұсында қосылады.

Торлы қабықшаның жүйкелік талшықтары радикальды бағытта жатады да, көз нервісінің дискісін жинақтайды. Бұл аймақ «соқыр дақ» деп аталады. Сыртынан миелинді қабықшамен қапталып көру нервісіне айналып, хиазмадан соң қыртыс асты көру төмпешіктерінде аяқталады.

Торлы қабықшаның ішкі бетінде дөңгелек пішінді сары дақ (Д 12 мм) болады. Ортасында – орталық ойықты айыруға болады. Бұл көрудің ең жақсы өтетін аймағы

Пигемнтті қабат торлы қабықшаның ең сыртқы қабаты. Ол призмалық полигональды клеткалардан құралған. Негізінен олар базальдық мембранаға бекіген, яғни тамырлы қабықшаға түйісе орныққан. Апикальды бөлігіндегі микробүрлер фоторецепторлық клеткалардың сыртқы сегменттерін қоршап жатады. Пигменттер қорғаныш қызметін атқарады.

 

 

14.Есту мүшесі

Есту анализаторы – күрделі морфо-функциональды жүйе, олд дыбыстық тітіркенуді қабылдайды. Есту анализаторының көмегімен біз сыртқы ортадағы өзгерістерге дыбыстың күшіне, бағытына және т.б. синапстарына көңіл бөліп, оны талдай аламыз. Осы анализатордың көмегімен кісілер бір-бірімен сөйлесе алады.

Спиральды мүше (Кортиев мүшесі) 1851 A. Corti сипаттама береген. Ол бірнеше қатар эпителиальды клеткалардан тұрады: тіректік клеткалар, сыртқы және ішкі бағаналық клеткалар. Бұл эпителиальдық клеткалардың арасында ішкі, сыртқы сенсорлық, қылшықты клеткалар орналасады.

Есту мүшесінің құрамына сыртқы, орталық және ішкі құлақ кіреді.

Сыртқы құлақ; – құлақ қалқанынан, сыртқы есту каналынан және дабыл жарғағынан құралады.

Орталық құлақ; – дабыл қуысынан, есту сүйектерінен және есту түтігінен тұрады.

Есту мүшесі ұлудың спиральды мүшесінде, ал тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық клеткалары эллиптикалық, сферикалық қапшықтарда және жартылай оралымды каналдардың ампулярлық айдарларында орналасады.

Сүйектен тұратын ұлудың ішінде ұлу каналы, оны сыртынан қоршап жатқан тимпанальды және вестибулярлы сатылар болады. Ұлу каналы эндолимфаға, ал тимпанальды және вестибулярлы сатылар перилимфаға толы. Ұлу каналының пішіні үшбұрышты болып келген, оның қабырғаларын вестибулярлық мембрана, тамырлы жолақ (спиральды байламның үстінде) және базилярлық пластинка құрайды.

Ортаңғы құлақ;

Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан, есту сүйектернен және есту түтігінен тұрады. Дабыл жарғағы бірқабатты жазық немесе текшелі эпитеий, меншікті табақшасы сүйек қабымен тығыз байланысты болады.

Есту сүйегі — табақшалы сүйек тінінен тұратын, буынның жоғарғы бөлімі гиалинді шеміршекпен жабылады. Сүйек сыртынан бірқабатты жазық эпителиймен тысталған. Олар есту тербелісін дабыл жарғағына береді. Сүйек көлденең-жолақты бұлшықетпен байланысты.

Есту (евстахиева) түтігі дабыл жарғағын мұрынжұтқыншақпен байланыстырады. Сүйек қабырғасы көпқатарлы кірпікшелі эпителийден құралған, меншікті табақшасы болады. Меншікті табақшасында қарапайым шырышты бездер, сонымен қатар лимфоидты тіннің жинақталуы, бадамша безінің түтікшесін түзеді. Дабыл жарғағының ішіндегі ауа қысымы есту түтігі арқылы реттеледі.

Ішкі құлақ;.

Ішкі құлақ сүйек лабиринтінен, оның ішінде орналасқан жарғақты лабиринттен тұрады. Жарғақты лабиринт аймақта есту, тепе-теңдік сақтау мүшелерінің рецепторлық жасушалары орналасады. Есту мүшесі спиральды мүшеде немесе ұлуда орналасады. Тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық жасушалары эллиптикалық қапта, сферикалық қапта, жартылай иірімді каналдың ампула тәрізді аймағында орналасады.

 

 

15.Қанның құрылысы

Қанның плазмасы сұйық зат. Оның 90-93% судан, 7-8% құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заттың 6.6-8% белок, 1.5-3.5% органикалық және минеральдық қосындылар. Қанның негізгі белоктарына альбуминдер, глобулиндер, фибриногендер жатады. Қанның плазмасының РН-7.36. Оның құрамында Na, K, Ca, Mg, Cl, P, J, Zn бар, олардан басқа креатинин, биллирубинді атауға болады. Қанның пішіндік элементтері:

Эритроциттер. Адамда және сүтқоректілерде бұл жасушаларда ядро жоқ, негізгі қызметі оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау, яғни тыныс алуды қамтамасыз ету. Жасушаның бұл қызметін атқаратын бөлігі арнайы пигмент – гемоглобин. Оның құрамына күрделі белок және темір кіреді. Эритроцит цитолеммасының көмегімен аминоқышқылдарды, антителоны, токсиндерді, кейбір дәрілерді тасымалдай алады.

Ересек еркек адамдарда эритроциттің мөлшері 3.9-5.5 х 1012 г/л, әйелдерде 3.7-4.9 х1012 г/л. Эритроциттердің саны адамның жынысына, жасына, денсаулығына, көңіл-күйіне және тұрғын аймағына байланысты өзгереді. Эритроциттердің санының артуы эритроцитоз, ал кемуі эритропения деп аталады.

Лейкоциттер. Олар қанның ақ түйіпшіктері. Оларды цитоплазмасындағы түйіршіктерінің барлығына немесе жоқтығына орай екі топқа жіктейді: түйіршікті (гранулоциттер) лейкоциттер, түйіршіксіз (агранулоциттер) лейкоциттер.

Бұл түйіршіктердің біреуі қышқыл, екіншілері негізгі, ал үшіншілері екі бояуды да қабылдайды. Сондықтан оларды базофилдер, нейтрофилдер, эозинофилдер деп атайды.

Түйіршіксіз лейкоциттерді лимфоциттер және моноциттер деп жіктейді

Нейтрофилдер – дөңгелек пішінді болып келген жасушалар. Ересек адамның қанында бүкіл лейкоциттердің 65-75% нейтрофильдер. Бұл жасушалардың цитоплазмасында ұсақ түйіршіктер болады. Олар екі түрлі болады: азурофильді және нейтрофильді. Түйіршіктер цитоплазмасының шеткі аймақтарында болмайды. Бұл аймақ нейтрофильдің қозғалуына қатысады. Нейтрофилдердің дамуына, ядросының пішініне байланысты оларды үш топқа бөлеміз:

Ядросы сегменттелген нейтрофил 60-65%

Ядросы таяқша тәрізді нейтрофил 3-5%

Ядросы бұршақ тәрізді немесе жас нейтрофил 0-0.5%

Эозинофилдер. Бүкіл лейкоциттердің арасында эозинофилдер 1-5% болады. Эозинофилдердің цитоплазмасында дөңгелек не сопақша оксифильді боялатын көлемі 0.5-1.5 мкм түйіршіктер орналасады. Қышқыл бояуды қабылдайтын себебі бұл түйіршіктер аргининге бай негізгі белоктан тұрады. Түйіршіктерінде арилсульфатаза мен гистаминаза ферменттері болады. Эозинофилдердің дамуына байланысты үш түрін ажыратамыз:







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 142. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия