Студопедия — ЖАҢАЕУРОПАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАМАСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖАҢАЕУРОПАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАМАСЫ






XVII ғасырдан бастап жаратылыстану ғылымдары қауырт дамыды, сондықтан философияның ғылыми жаратылыстық алғышарттары қалыптасып, философия схоластикалық ойлаудан діннен толығымен арылды, ақылыдың құдіретілігі мен ғылыми зертеулердің шексіз мүмкіндіктері туралы айтқан ілімдер қалыптасты.

Жаңа заман философиясына жаратыластанудың тәжірбесінен туындаған материалистік тенданция тән.

XVII ғасыр Еуропаның философиясының ірі өкілдері Ф. Бэкон, Т. Гоббс и Дж. Локк (Англия); Р. Декарт (Франция), Б. Спиноза (Голландия), Г. Лейбниц (Германия).

Оларға тән ортақ сипат ортағасырлық рухани мұраларға сыни көзқарас, философияның рөлі мен маңызын қайта қарау, схоластикалық ойлаудағы суеверияға қарсы шығу болды.

Философия практикалық сипатқа ие болып, адамзат тағдырына нақты ықпал етуіне байланысты өмірлік қолданыс тапты.

Жаңа заман философтарының қарастырған мәселелері мына төмендегілер:

§ танымның жаңа әдістерін жасау;

§ онтология мәселелері;

§ болмыс мәселесі субъстанцияны қарастыруда көрінді;

§ әлеуметтік өмір мәселелері. XVII ғасыр философиясы гуманистік идеалдар мен құндылықтырды саналы түрде қорғады, әсіресе ақыл мен бостандық принциптерін талдауға ерекше мән берді.

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – Англиядағы эмпиризмнің егізін қалаушы. «Жаңа Органон» трактатының авторы, онда ғылымның міндетіне жаңа түсінідірмені жасап, ғылыми индукцияның негіздеді. «Жаңа Атлантида» шығармасында саяси көзқарастары тұжырымдалып, утопиялық көзқарастары берілді, гүлденген идалды мемлекет бейнеленді, онда өмір ғылымның рационалды негіздері арқылы ұйымдастырылып, техниканың дамуы қарастырылған, бірақ онда басқарушы мен бағынушы класстар сақталған.

Бэкон бойынша ғылыми білімнің міндеті, адамзат ұрпағына пайда алып келу. Барлық ғылымдардың ортақ мақсаты – адамның табиғатқа билігін одан әрі нығайта түсу. Бэкон өзінің «Білім - күш» атты афоризммен танымал, онда жаңа ғылымның практикалық мәні мен бағытылығы айқындалған. Ғылым – бұл құрал, өзіне өзі мақсат емес, оның мақсаты табиғи құбылыстардың себептілік байланысын ашу, өйткені бұл құбылыстарды адамзат игілігі үшін пайдалану мақсатында қажет.

Табиғатқа үстемдік жүргізу үшін, адамға қызмет етуін қарастыру керек, сол үшін ғылыми танымның әдістерін өзгерту қажет. Барлық таным, барлық жаңалық тәжірбиеге сүйенуі қажет. Ол тәжірбиенің екі түрін көрсетті: 1) «жеміс берін» - тәжірибе, оның мақсаты – адамға қажетті пайданы көздеу, 2) «тек гүл беретін» - тәжірибе, ол тек заттар құрлысы мен құбылыстардың заңдылықтарын ғана танумен шектеледі.

Ғылыми дәстүрді қалпына келтірудің логикалық негіз ретінде индукция теориясын алды. Индукцияның алғышартын тәжірбиені аналитикалық тұрғыдан ұғыну құрайды. Бэкон бұрынғы түсіндіруді теріске шығарудың мәнін аша отырып, оған қарсы болды, оны негативті (теріс) интенция деп атады. Оның ойынша, онымен шұғылдану қателіктерге ұрынудың, суеверия мен ақылға сиымсыз көзқарастардың пайда болуының басты себебі. Ғылыми дәстүрді қалпына келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден тазарту керек деп тұжырымдады. Осыған байланысты ол төрт түрлі қателікті, таным жолына кедергі келтіретін – төрт түрлі «елестер» (қате бейнелер) немесе себептерді көрсетті. Олар «тектік елестер» (адам табиғатына тән ой қабілеттерінен), «үңгір елестер» (ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдар тобына тән қателіктерден туады), «алаң елестер» (түсіндіру барысында тілдің шикілігі мен дәлелсіздігінен сөздер арқылы кеткен қателіктер) и «театр елестер» (ақылды қате көзқарастарға тәуелді етіп, бөтен біреулердің пікіріне сын көзбен қарамай қабылдау). Жалған көзқарасты жойған соң шынайы әдістің негізінде жаңа ғылым жасауға болады. Бэкон бойынша, ғылым тәжірбие фактілерінің ұтымды түрде өңделіп – пысықталуы болуы тиіс, яғни оның тұжырымдарының индукция арқылы жинаған ұғыидарға негізделген қағидалар болды.

Сонымен, Бэконның философияны дамытудағы маңызды жақтары:

жаңа ғылыми дәстүрді қалпына келтіріп, өткен кезеңнің философиялық ілімдеріне баға берді;

табиғатқа материалистік түсініктерін қалыптастырды, материяға – бөлшектердің жиынтығы, табиғат – денелердің жиынтығы ретінде қарауды ұсынды;

қозғалыстың материяның ажырамас бөлігі ретінде қарап, механикалық қозғалыспен шектеліп қалмай, 19 түрін тапқан;

жаңа қажетіліктерді, Англиядағы алғашқы капиталистік қор жинау дәуірінде ғылымға қойылған талаптарды көрсетті.

 

16. ҒЫЛЫМИ ОЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯҒА ӘСЕРІ (ДЕКАРТ, ЛЕЙБНИЦ, КАНТ)

XVII ғасыр Еуропаның философиясының ірі өкілдері Ф. Бэкон, Т. Гоббс и Дж. Локк (Англия); Р. Декарт (Франция), Б. Спиноза (Голландия), Г. Лейбниц (Германия).

Оларға тән ортақ сипат ортағасырлық рухани мұраларға сыни көзқарас, философияның рөлі мен маңызын қайта қарау, схоластикалық ойлаудағы суеверияға қарсы шығу болды.

Рене Декарт (1596 -1650) – француз философы, математик, физик және физиологы. Ла Флеш діни коллегиясында оқыды. Математикада аналитикалық геметрияның негізін салған. Механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космологияда ғылым үшін жаңа идея – Күн системасының табиғи дамуын жетілдірді, әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космологиялық катигория қозғалысының негізгі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал етті. Декарт материаны кеңістікпен теңестірді. Бұл қандайда болмасын кеңістікте зат бар, бос кеңістік болмайды, ал тығыздық пен геометриялық қасиеттер дененің бір мәнін құрайды. декарт материалистік физика іліміне дуалистік идея тән: қозғалысқа жалпы себепші – құдай, ол материяны қозғалыс және тыныштықпен қоса жасады, және материя қозғалыс пен тыныштықтың бірдей жалпылама санын сақтайды. Физиологияда рефлекстік актының алғашқы ғылыми сипаттамасы – қимылдар тетіктерінің нобайын жасады. Декарт бойынша мәні кеңістік болып табылатын денеден жанның айырмашылығы оның ойлау қабілетінде.

Декарт та Бэкон сияқты білімнің міндеті адамның табиғат күштеріне үстемдік етуінде, техникалық құралдарды ойлап табу және жасауында, себеп пен салдарды танып білу, адам табиғатын жетілдіру деп білді. осы міндетті орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп білді. Бұл күмән барлық нәрсені танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет. «Күмәнданамын, яғни ойланамын, ойланамын яғни өмір сүремін» (Cogito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің мәніне мүлдем көңіл бөлмеді.

Декарт таным ілімінде математикалық білімнің логикалық сипатын біржақты түсіндіру нәтижесінде қалыптасқан рационализмнің негізін қалады. Декарт үшін математикалық білімнің жалпыға бірдей, қажетті сипаты ақылдың өз табиғатынан туындайтын болғандықтан, ол таным процесінде мүмкіндігінше толық ұғыммен тануға болатын қағидаларға сүйенген дедукция роліне баса мән берді.

Декарттың ақылдың дұрыстығы және туа біткен идеялар туралы ілімі (мұндай идеяларға құдай, жандық және тәндік субъстанция туралы ойлары жатады) идеализмге ықпал етті. Танымдағы сананың алғашқылығы, ақылдың сезімдік қабылаулардан тәуелсіз екендігін мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала алады. Мұндай әдіс ретінде Р. Декарт дедукция деп көрсетті. Оның әдіс туралы ілімі «Әдіст туралы пікір» (1637) шығармасында жазылды.

Егер Т. Гоббс, Б. Спиноза, Д. Локк материализмді негіздеп оны дамытса, XVІІ ғ. Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 – 1716) идеализмнің өкілі болды.

Г. Лейбництің ғылыми әрекетіне тән сипат – теорияны практикамен байланыстыруға тырысты. Оны әлеуметтік мәселелер де қызықтырды. Ол монадалар туралы ілімін жасады. Материя субъстанция бола алмайды, ол ұзаққа созылып жатыр, әрі ол қарапайым. Монадалар бөлінбейтін рухани субъстанциялар, бүкіл әлем монадалардан қалыптасады. Монадалардың саны шексіз, олардың әрқайсвсы қабылдау мен ұмтылу қасиеті бар. монадалар бір-бірімен физ. Жағынан әрекетеспейді, жоғары монадаға тәуелді.

Лейбениц таным теориясы – идеалистік рационализм. Локктың сенсуализмі мен эмперизміне қарсы. Локк ақыл дегеніміз таза тақтай көзқарасын қолдамай, ақыл ғана білім қажетілігінің көзі бола алады деп тұжырымдады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 614. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия