Студопедия — Азақстанның егемендігінің қалыптасу кезеңдері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстанның егемендігінің қалыптасу кезеңдері.






80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.

Жаңа шындық жағдайды есепке ала отырып, Одақты қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол «төменнен» - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканы өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптін негізгі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытталғанқозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н.Ә.Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.

Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөль атқарды. Бұл салада ол екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті, республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдарының талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы» заңын қабылдауы уақиға болды.

Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. 1990 ж 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, перламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтк көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған уақиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды.

1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді.1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.1990 ж. төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.

1991 ж. тамыздағы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшандатты. ҚОКП оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.

Міне осындай күрделі жағдайда Қазақ мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдағпн Қазақ КСР-ның «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Заңы бойынша берілді.

1991 ж. 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болды.

Республикада төмендегідей өзгерістер жасады: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.

1991 ж. 10 желтоқсанда тұңғыш бүкіл халық сайлаған Президент қызметіне кірісті, ал 1991 ж. 16 желтоқсанында қазақтың Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республиканың өз территориясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 212. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия