Студопедия — Фонтанды ұңғыма жұмысын реттеу.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Фонтанды ұңғыма жұмысын реттеу.






Игерудің бастапқы сатыларында фонтанды ұңғыма және әсіресе жоғары шығымды ұңғылар мұнай игеру мекемесінің мүмкіндіктерін анықтайды. Сондықтан олардың жұмысын зерттеу, реттеу және бақылауға үлкен көңіл аударады. Сонымен қатар, фонтанды қондырғы тереңдік зеттеулерді жүргізуге, тереңдік пробаларын алу, құйылу профилін түсіру және басқа зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Фонтанды ұңғыманың дәлелді пайдалану режимін анықтау үшін, әр түрлі тәжірибелі режимдердің жұмыс нәтижелерін білу маңызды. Фонтанды ұңғыманың жұмыс режимін штуцерді алмастыру арқылы өзгертеді, яғни оның өту саңылауының диаметрін өзгертеді. Бұл кезде ұңғыманы жаңа режимде, басқа өлшеуді жүргізудің алдында кейбір уақыт ұстайды. Осы уақыт-штуцерді ауыстыру кезінде және соған байланысты оның шығымы және түптік қысымы өзгеруі нәтижесінде болатын возмущениядан кейін, қабат және ұңғыма қалыптасқан режимге көшу ұзақтығы әртүрлі, және қабаттың гидроөткізгіштігі және пьезоөткізгіштігіне, сонымен қатар шығымның салыстырмалы өзгеруіне байланысты.

Ұңғыманың қалыптасқан режим белгілеріне-шығым тұрақтылығы және ұңғыма буферіне және құбыраралық кеңістікке жалғасқан манометр көрсеткіштерінің тұрақтылығы жатады. Әдетте, бұл уақыт бірнеше ондық сағатпен өлшенеді.

Реттеу қисықтарын және индикаторлық қисықты тұрғызу үшін, ұңғыманың төрт жұмыс режимін ауыстыру қажет. Қалыптасқан жұмыс режиміне көшкеннен кейін, лубрикатор арқылы ұңғы түбіне тереңдік манометрін немесе басқа приборды түсіреді,алжер бетінде мүмкін дәлдікпен шығымды, өнімнің сулануын, құрамындағы құмды және ұңғы өніміндегі қатты бөлшектерді,газ факторын, немесе жай газдың шығымын,буферлі және құбыраралық манометр көрсеткіштерін өлшейді, және жалпы ұғымның оның амплитудасы, арматура және манифольдтың діділдеуі. Алынған нәтижелер бойынша реттеу қисықтар деп аталатын, яғни өлшенген көрсеткіштердің штуцер диаметріне тәуелдіктерін тұрғызады. (1-сурет)

Реттеу қисықтары берілген ұңғыманы игерудің технологиялық нормаларын және оның тұрақты жұмыс режимін анықтау үшін бір негіз болып табылады, мысалы:

жіберілмейтін түптік қысым Рс қанығу қысымынан Рнас немесе оның бірнеше үлесінен төмен Рс≥0,75Рнас;

минимальды газ факторына немесе оның белгідлі шамадан аспайтын мәніне сәйкес келетін режимді қалыптастыру ұңғы сүзгісінен тыс қабатта кавернаның пайда болмауы үшін шығатын құм мөлшерінің күрт артуын болдырмауға сәйкес келетін режимді қалыптастыру;

ұңғы өнімінде судың пайызы құрамы күрт артуын болдырмауға сәйкес келетін режимді анықтау;

шегендеу бағанасының бүгуі мүмкін болатын,қысымды ұңғы түбінде болдырмау;

буфер немесе құбыраралық кеңістікте қысымды арматура және жалпы жер бетіндегі қондырғының беріктігі және сенімділігі жағынан қауіпті мәнге ие болатын қысымда режимді болдырмау;

ұңғы буферіндегі қысым мұнайгаз жинау жүйесі лақтырынды манифольдтық қысымнан төмен болатын режимді болдырмау;

үздіксіз фонтандау процессін бұзатын бүлкілдеу пайда болатын ұңғыманың жұмыс режимін болдырмау;

дренаждаудың активті процессі кезінде ең үлкен қабат қалыңдығы немесе ең үлкен өнімді қабатшалар саны алынатын режимді қалыптастыру. Ол ұңғы жұмысының әртүрлі режимінде приток профилін, тереңдік дебитомер көмегімен түсіру арқылы анықталады.

Берілген ұңғы жұмыс режимі қалыптасқаннан кейін, оны кейін ұстап тұруды ұқыпты бақылайды.

Әсірісе, ұқыпты бақылау жоғары шығымды фонтанды ұңғымалар үшін қарастырылады. Арматураның периодты бақылауы кезінде жалғасуындағы саңылаусыздығының бұзылуы, қондырғы элементтернің қауіпті вибрациясы, манометр көрсеткіштері жазылады. Ұңғыманың қалыпты жұмысынан ауытқуы буферлі және құбыр сыртқы қысымның аномальды өзгеруі, мұнай шығымының өзгеруі, сулану, құм мөлшері және т.б. бойынша білуге болады.

Мысалы: буферлі қысымның төмендеуі кезінде, құбыраралық кеңістікте қысым артқанда, СКҚ ішкі бетінде парафиннің немесе минералды тұздардың қауіпті қабаттануын көрсетеді. Буферлі қысым және құбыраралық қысым бір уақытта төмендесе, ұңғы түбінде құм тығынының немесе ауыр минералды қабат суының түппен СКҚ башмак арасында жиналуын көрсетеді. Осы аралықта шығатын ағынның аз жылдамдығы белгілі шарттарда түптік қысымның артуына алып келеді. Буфердегі қысымның түсуі және шығымның осы кезде көбеюі, штуцердің желінгенін және оны өзгерту қажет екенін көрсетеді. Штуцердің ластануы немесе манифольдта және лақтырынды шлейфте парафиннің қабаттануы, және сол кезде шығымның азаюы буферлі және құбыраралық қысымның үлкеюіне алып келеді.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 335. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия