Студопедия — Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары






Қоршаған ортаны қорғау келесі екі ережеден тұрады:

  • ғылыми экологиялық принциптерді тұжырымдайтын орындалуға міндетті заңдар түрінде құқықтық қорғау;
  • табиғатты қорғау қызметін экономикалық тиімді жасауға тырысатыны үшін өнеркәсіптерді материалдық ынталандыру.

Экологиялық құқық; ұғымы — бұл қоғам мен табиғат арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Экологиялық қатынастар тек экономикалық құқық нормаларымен ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да, мысалы, жер, су, орман және т.б. салаларымен реттеледі.

Экологиялық құқық ұғымы заң ғылымдарының саласы ретінде XX ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болды. Қазіргі кезде бұл негізгі үш бөліктен тұрады:

1. Экологиялық құқық үшін маңызды, институттар мен ережелерге қатысты жалпы бөлім; экологиялық құқық пәні, әдістері, экологиялық құқықтық қатынастар, табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғатты пайдалану және оны реттеу құқығы, экологиялық сараптама, экологиялық құқық бұзу үшін заң бойынша жауапкершілік.

2. Жерді, атмосфералық ауаны, жер қойнауын, ормандарды, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және пайдалануды құқықтық реттеу сияқты бөлімдерден тұратын негізгі бөлім.

3. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық құқықтары мәселелері туралы арнайы бөлім.

Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшелігі - әкімшілік-құқықтық әдіспен әсер етудің басымдығы.

Олай дейтініміз, екі жақтың (азаматтық-құқықтық әдіске тән) заңды түрде тең еместігі, билік пен бағынушылықтың қатынасы. Мұндайда осы қызметті заң талаптарына сәйкес жүргізуі керек және қоғам мен азаматтардың мүддесін білдіруі қажет табиғат қорғау органдары билікке ие болып шығады. Соңғы кезде экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу саласында, экономикалық немесе қаржылық механизм арқылы әсер етудің ролі арта бастады.

Қазақстан Республикасының конституциясы - экологиялық құқықтың негізгі көзі. ҚР конституциясына сәйкес, «әрбір адам жанға жайлы қоршаған ортаға, сондай-ақ экологиялық құқық бұзу арқылы адамның денсаулығына немесе дүние мүлкіне әкелетін зардаптар, қоршаған ортаның жағдайы және шығынды өтеуі туралы анық ақпараттар алуға құқылы».

Қазақстан Республикасында жер және басқа да табиғи ресурстар сол территорияда өмір сүретін халыктардың тіршілік негізі. Егер де қоршаған ортаға зиян әкелмейтін болса және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүддесі бұзылмайтын болса, онда жерді немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдалану олардың меншік иелерімен еркін жүргізіледі.

ҚР «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» заңы табиғатты қорғау заңдарының міндеттерін анықтайды - табиғи байлықтарды және адамның табиғи тіршілік ортасын сақтай отырып, қоғам мен табиғат арақатынастарын реттеу, адамның шаруашылық тіршілігі барысында экологиялық зиянды әсерлерді болдырмау, қоршаған орта сапасының жақсаруы, қазіргі және болашақ ұрпақтар мүддесі үшін құқық тәртібін сақтау және заңдылығын нығайту.

Әрбір азамат қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен - антропогендік әсерден, авария, зілзала, табиғи апаттан өз денсаулығын қорғауға құқылы. Осы құқықпен қамтамасыз ету механизміне - қоршаған ортаның сапасын жобалау және нормалау, экологиялық зиянды әсерлерді болдырмау, авария, катастрофа, табиғи апаттарды ескерту және салдарларын жою жатады.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында ведомствалық санақты:

  • жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау бөлімі бойынша - Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау Комитеті;
  • жерді пайдалану, құнарлығын қалпына келтіру және қорғау бөлімі бойынша - Жер ресурстарын басқару Агенттігі;
  • су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау, өзендер, көлдер, су қоймаларын және басқа да жер үсті су көздерін сақтау және жақсарту бөлімі бойынша - Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау Министрлігінің су ресурстары бойынша Комитеті;
  • автокөліктерден атмосфераға зиянды заттарды бөлуді қадағалау, экологиялық полиция жұмысын ұйымдастыру бойынша - ішкі істер Министрлігі;
  • қоршаған табиғи ортаның санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтауды қадағалау бойынша - Денсаулық сақтау Агенттігі жүргізеді.

Экологиялық жағдайды талдау үшін атмосфералық ауа мен су ресурстарының сапалық құрамы туралы мәліметтер де пайдаланылады. Бұл мәліметтерді Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау Министрлігінің «Казгидромет» РМК-нің арнайы қызметі дайындайтын бақылаулары (мониторингі) нәтижесінде алынады. Ауа мен су ресурстарындағы зиянды заттардың мөлшері жөнінде алынған мәліметтер бойынша атмосфераның ластану индексі (АЛИ) және судың ластану индексі (СЛИ) есептелінеді.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 202. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия