Студопедия — ДӘРІС № 1
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС № 1






Тақырып: Тауартану – ғылыми пән ретінде. Тауарлық талдауды жүргізу үшін қолданылатын нормативті-техникалық құжаттар (НТҚ).

МАҚСАТЫ: Медициналық мақсатта қолданылатын тауарлардың тауартануының қалыптасуын, тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін және негізгі сапалық көрсеткіштерін қарастыру.

 

Дәріс жоспары:

1. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартануы.

2. Тауарлардың тұтынушылық қасиеттері және олардың жіктелуі.

3. Тауардың сапасы және сапалық көрсеткіштері.

 

Дәріс тезисі:

Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартануы – кешенді ғылыми комплекс, ол:

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тұтынушылық құнын;

· олардың жіктелуі мен кодталуын;

· стандартизациясын;

· тауарлардың сапасын қалыптастыратын және сақтайтын факторларды;

· сапасын бақылау және бағалау әдістерін;

· бәсекелестік мүмкіндігін;

· тауарлар ассортиментін қалыптастыру заңдылығын және оның құрылымын;

· тасымалдау, сақтау, тұтыну және эксплуатациясы кезінде тауарлардың сапасын сақтау жағдайларын, - зерттейді.

Тауар – қандай да бір қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен сатуға арналған еңбек өнімі. Тауар тұтынушылық қасиеттерімен сипатталады, ол тауардың нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруымен негізделеді. Бұл тұтынушылық қасиеттері тек тұтыну немесе эксплуатация процесінде байқалады.

Тұтыну термині қолдану процесінде өздері жұмсалатын, шығындалатын тауарларға қатысты. Эксплуатация термині қолдану процесінде өздерінің ресурстарын жұмсайтын тауарларға қатысты болады.

Медициналық және фармацевтикалық тауралардың тұтынушылық қасиеттерін жіктеудің оларды талдауда және бағалауда үлкен маңызы бар. Бұл әсіресе бәсекелестік мүмкіндігі жоғарысын таңдау үшін тауарлардың тұтынушылық қасиетінде тез бағытталуды талап ететін қазіргі медициналық және фармацевтикалық нарық жағдайында үлкен мәнге ие.

Тауар адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, ол пайдалы болуы керек. Экономикалық теория тұрғысынан пайдалылық – тауарды немесе қызмет түрін пайдаланудан алатын жалпы қанағаттану. Пайдалылық еңбек өнімін тұтыншылық құнына ие тауарға айналдырады.

Тауардың құны және тұтынушылық құны болады.

Тауардың құны оны өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Ақшалық мәнде ол баға болып табылады.

Тауардың тұтынушылық құны – оны қолдану барысында байқалатын экономикалық категория.

Тауартану тауардың материалды-заттық тұтыну құнын зерттейді.

Тауартану объектісіне, тауармен бірге, тауартануда сапа категориясымен сипатталатын жекелеген тұтынушылық құны да жатады.

Тауардың сапасы – тауардың жарамдылығын негіздейтін тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы, яғни белгілі бір эксплуатация жағдайында тауардың қолданылуына сәйкес белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті. Тауар сапасының техникалық аспектісі тауартанудағы зерттеу объектісі болып табылады.

Тауар сапасының көрсеткіші – тұтыну және өндірудің нақты жағдайларына қатысты тауардың сапасын анықтайтын қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Тауар сапасы оны жасау және өндіру процесі кезінде қалыптасады. Тауар өндірісі кезіндегі әртүрлі қызметтерге қатысты ережелер, жалпы принциптер және сипаттамалар нормативті құжатпен белгіленеді. Құжаттарға стандарттар (технологиялық регламент және сапа стандарты) және басқа да құжаттар кіреді - классификаторлар, мемлекеттік реестрлер, ережелер, ұсыныстар және т.б.

Тауар сапасының деңгейі техникалық регламентте көрсетіледі, ол міндетті және тауарды қолдану және өндірудің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз етеді.

Тауар сапасының деңгейі тауар сапасының мемлекеттік стандартымен регламенттеледі, онда тауарлардың тұтынушылық қасиетінің деңгейі және тізімі, сонымен бірге осы көрсеткіштерді бақылау әдістері бар.

Дәрілік заттар туралы заңда сапа деп дәрілік заттардың мемлекеттік сапа стандартына сай келуін айтады. Дәрілік зат үшін сапаның мемлекеттік стандарты - фармакопеялық бап.

Тауартануда сапа көрсеткіштерін келесі белгілері бойынша жіктеу қабылданған:

1) сипатталатын қасиеттерінің саны бойынша: жекелеген және кешенді;

2) берілу тәсілі бойынша: натуралды бірліктерде және баллмен;

3) анықтау әдісі бойынша: органолептикалық, инструменталды, әлеуметтік, сараптық;

4) қолдану саласы бойынша: өнім бірлігі, біртекті өнімдер бірлігінің жиынтығы, әртүрлі өнімдердің бірлігінің жиынтығы;

5) анықтау стадиясы бойынша: жобалау стадиясында, өндіру стадиясында, тұтыну стадиясында.

Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау мемлекеттік стандартпен регламенттеледі.

 

ДЕБИЕТ

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Тауартану нені зерттейді?

2. Тауар деген не?

3. Тауардың тұтынушылық қасиеттеріне не жатады?

4. Тауар сапасының көрсеткішіне не жатады?

5. Тауартануда тауар сапасының көрсеткіштері қалай жіктеледі?

 








Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 624. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия