Студопедия — Топырағы мен өсімдік дүниесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Топырағы мен өсімдік дүниесі






Алматы облысында өткен

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.

 

II бөлім. Шарын МҰТП физикалық – географиялық сипаттама

 

Шарын ұлттық паркі


Шарын ұлттық табиғи паркі
– Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік парк. 2004 жылы ұйымдастырылған. Жер көлемі 93,2 мың га. Ұлттық парк 1964 жылдан бері республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші ретінде қорғалып келді.

Шарын ұлттық табиғи саябағы Үлкен Бөгеті тау жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзенінің бойындағы «Қызғылт қамалдар» аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды. Саябақ аумағынан Шарын өзені ағып өтіп, Іле өзеніне құяды. Шарын өзеніне тау беткейлерінен басталатын Шалкөдесу, Кеген, Қарқара, Кенсу, Орта Мерке, Шет Мерке, Темірлік, т.б. ұсақ өзендер қосылады. Парк ауа райы құрғақ қоңыржай, жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм-дей. Шарын ұлттық табиғи саябағында геологиялық ежелгі кезеңдерден сақталып келе жатқан «Қызғылт қамалдар» аңғарының кескін-келбеті өте таңданарлық. Шарын өзенінің миллиондаған жылдар бойы жуып-шаюынан өзен аңғарында ойдым-ойдым қызғылт түсті шатқалдар пайда болған. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорода штатында ғана кездеседі (Үлкен каньон шатқалы). Паркта өсімдіктердің 940 түрі өседі, оның 60-қа жуық түрі эндемиктер. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауырымен жорғалаушылардың 20, балықтардың 10 түрі кездеседі. Саябақ аумағынан ерте кездерде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың (пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау қасқырдың, стенон жылқысының, т.б.) қаңқа қалдықтары да табылған

III Бөлім Есік көлі

Есік көлі, Іле алабындағы көл. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласынан оңтүстікке қарай 17 км жерде, Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірінде теңіз деңгейінен 1759 м жоғарыда орналасқан. Аумағы 0,86 км², ұзындығы 1,8 км, ені 600 м. Көл шамамен 8 мың жыл бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан пайда болған. Табиғи жолмен қалыптасқан бөгетке тау мұздықтары, қар, жауын-шашын cуы жиналып, тау аралығындағы әсем көлге айналған. 1963 жылы шілденің 7-нде болған сел тасқыны бөгетті бұзып кетті. 1990 жылдардың ортасынан бөгет қайта тұрғызылып, көл қалпына келтірілуде. Көлдің туристік маңызы зор.

 

IVбөлім. Камеральды кезең

Сол аумақтардан әкелінген су үлгілерін зерттеулер нәтижесінде әр аймақ суының әртүрлілігі дәлелденді. Олардың қышқылдығы өлшеніп, лайлану коэфциенті есептелді және сол аймақтардағы жауын-шашын мөлшері өлшенді.

I.Бартоғайдан әкелінген су үлгісінің мөлшері 300мм. Лайлану коэфициенті 0,003 г/л, ал қышқылдығы 7,2 pH.

II. Шарыннан әкелінген су үлгісінің мөлшері 100мм, лайлану коэфициенті 0 г/л, су қышқылдығы 7,9 pH.

III. Есіктің су үлісінің мөшері 200 мм лайлануы 0 г/л, қышқылдығы 5,5 pH.

Ал топырақ үлгілерін зерттеу кезінде топырақтардың температурасы мен олардың судағы ерітіндсінің қышқылдығын өлшеу шаралары жүргізілді. Сол шаралардың нәтижесінде төмендегі мәліметтер жиналды.

I.Бартоғайдың топырағы 26,8 градус. Ал ышқылдығы 7,3 pH.

II. Шарынның топырағы 25,4 градусты көрсетіп, қышқылдығы 7,8 pH болды.

III. Есіктің топырағы 25,5 градус болып, қышқылдығы 7,3 болды.

Шарын

 

28, +27     СВ 2м/с +21     СВ 2м/с
29, +29     Ю 3м/с +24     Ю 3м/с
  ,+29     З 2м/с +25     З 2м/с
  ,+29     З 5м/с +22     З 5м/с

 


  ,+22     ЮВ 3м/с +16     ЮВ 3м/с
  ,+25     Ю 2м/с +21     Ю 2м/с

 

Есік

 

28, +18     З 2м/с +18     З 2м/с
29, +26     СЗ 2м/с +19     СЗ 2м/с
30, +25     З 4м/с +18     З 4м/с
31, +25     З 2м/с +16    
1, +21     З 2м/с +17     З 2м/с
2, +23     З 2м/с +18     З 2м/с

 

 

Бартоғай

28, +22     В 2м/с +19     В 2м/с
29, +25     Ю 2м/с +19     Ю 2м/с
30, +25     З 3м/с +19     З 3м/с
31, +22     З 5м/с +18    

 

1, +19     З 2м/с +15     З 2м/с
2, +21     ЮЗ 1м/с +16    
                     

 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 856. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия