Студопедия — Бас Ботаникалық бақ туралы қысқаша сипаттама
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бас Ботаникалық бақ туралы қысқаша сипаттама






Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Ботаникалық бақ – мемлекет құзырындағы табиғатты қорғау мәртебесін иеленген ерекше табиғи аумақ.

Қазақстан жерінде әр түрлі климаттық жағдайда орналасқан 6 ботаникалық бақ бар. Соның бірі Алматы қаласындағы Бас боттаникалық бақ. «Алматы Ботаникалық бағы» 1932 жылы ашылған. Ол 1967 жылға дейін КСРО Қазақ филиалының республикалық ботаникалық бағы деп аталып келді. 1967-1994 жылдар аралығында дербес мекеме құқығында болды, ал 1995 жылдан Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына енді. Ботаникалық бақ көлемі жалпы есеппен алғанда, 107 гектарды құрайды.

Бас ботаникалық бақта сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерінің популяциялық және экологиялық-биолологиялық ерекшеліктері зерттелді (Б.А. Винтерголлер). Жерсіндірілген өсімдіктердің өсіп-өнуіндегі заңдылықтар анықталып, олардың газға төзімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер (Рахымбаев, К.Н. Сәрсенбаев); тропикалық аудандардан әкелінген алуан түрлі өсімдіктерді пайдалану тәсілдері (С. Тұрдиев), жеуге жарамды саңырауқұлақтарды қолдан өсіру әдістері (С. Әбиев) ұсынылды. Мұнда Қазақстанның ботаникалық бақтары кеңесі жұмыс істейді. Бас ботаникалық бақ 48 мемлекеттің 350 ботаника бағымен әріптестік байланыс жасайды. Ғылыми еңбектер жинағын, монографиялар шығарып тұрады.

 

Негізгі ғылыми бағыттары:

- жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын, экологиясымен физиологиясын, өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу;

- ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың жолдарын қарастыру;

- қала, ауыл, елді мекендерді көгалдандыру;

- бақ өсіру;

гүлзар салу бағыттарында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу;

-өсімдіктердің жаңа түрлерін іздестіру, олардың пайдалы қасиеттерін анықтап, адам қажетіне жарату;

- өсімдіктер әлемін қорғау, көркейту.

Ботаникалық бақтың негізгі бөлігін – шет жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктер құрайды.

 

Практикалық 01.06.15 ж өткізілді. Практикалық жоба бойынша осы Ботаникалық бақ өсімдіктерінің көптеген түрлерімен таныстым.

Ботаникалық бақтың қазіргі аумағы шамамен 103 гектарды құрайды. Мұнда өзге жерлерден алып келінген 5,5 мыңдай өсімдік түрлері бар, ал оның 100 жуығы Қазақстанның «Қызыл Кітабына» енген.Мұнда тұрғындар көбіне демалуға, мынадай транспорты көп шу қаладан бір сәтке болсын бой жазып, таза ауа жұтып серуендеуге келеді. Жастар үйлену тойында осы жердің табиғатына қызығып, фотоссесия жасауға келеді.

 

Таңқаларлығы мұнда әр мезгіл сайын табиғат әсемдігі тап бір суреттеп қойғандай көрініс беріп, сол мезгілді айқындай түседі.

 

Бұл суретте қыс,көктем,күз,жаз мезгілдері табиғат аясына көрік беріп тұр.

Ботаникалық бақ өсімдіктері биология ерекшеліктеріне қарай ашық далада, оранжереяда, жылыжайда өсіріледі.Ботаникалық бақта өсімдіктер жиынтығын қалыптастыру кезінде негізінен географиялық және жүйелік принциптер басшылыққа алынады.

 


Ботаникалық бақтың табиғатының көріктілігі, әсемділігі мені таңдандырды.

 

Оранжерея – бұл өсімдіктерді өсіріп, оларға күтім жасап, баптау үшін жасалып әйнекпен қоршалынған ғимарат.Біздің Қазақстанда Оранжерея осы Алматы қаласында ғана бар.Оранжереяда трофикалық және субтрофикалық өсімдіктер өсіріледі.Мұндағы өсімдіктердің барлығы Қазақстанда ашық жағдайда өспейді,өйткені олар суыққа төзімсіз өсімдіктер.Оранжереяда белгілі бір температура, ылғал, жарық орнатылған. Сондай – ақ оранжерея ғылыми жұмыстар жүргізілетін зертхана болып табылады.

 

Оранжерея 5 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім Пальмари, биіктігі 25 метрге дейін.Мұнда пальманың көптеген түрлері өсіріледі.

Пальма ливистония - Қытайда өседі және онда техникалық өсімдік ретінде пайдаланады. Себебі осы ливистония пальмасынан қымбат, бағалы май алынады.Пальманың басқа өсімдіктен айырмашылығы пальмада дін болмайды.Сондай-ақ пальма табиғатта 50 метрге дейін жетеді. Гинговилова – жапырағы жүрек тәрізді ағаш.Қытайда өседі.Мұны ғашықтар ағашы деп те атайды. Себебі жапырағы жүрек тәрізді болғандықтан, бір – біріне сезімін білдіре алмай жүрген ғашықтар ос жапырақты береді.

Сельва - іші қуыс, сырты бүрмен қапталған ағаш. Осы бүрлердің құрамында 90 % у бар. Бұрынғы заманда үнділер осы бүрлерді қырып алып, жебе басына орап, аң аулайтын болған. Сондай – ақ, бұл у-ды суға шашып жіберіп, ондағы қырылып қалған балықтарды да осылай аулайтын болған.

Екінші бөлім субтрофикалық өсімдіктер, яғни цитрусті өсімдіктер бөлмесі. Лавр жапырағы – кәдімгі ас дайындауда қолданылады.

Налина Дилина - іші қуыс минералға бай өсімдік. Өзге өсімдіктерден ерекшелігі бұл өсімдік қоректенген суды ішіне жинайды. Қазақстанда мұны түр пішініне қарап піл табаны деп те атайды.Жапырағы жылқы тұяғы деп аталады.

Үшінші бөлім шөлді аймақта өсетін өсімдіктер бөлімі, яғни кактустар бөлімі.

Сүттіген – жапырағында сүт болады, бөліп алып қарасаныз, сүт ағып тұрады. Адам терісіне тисе күйдіріп жіберетін қасиеті бар.

Богенбелия - 11 – 12 айында гүлдейтін өсімдік. Индияда өседі.

Төртінші бөлім трофикалық өсімдіктер бөлімі.

Пиники пальма – құрма пальмасы, гүлдері сырптқы тәрізді. Оранжерея жағдайында гүлдейді. 4 жылда 1 гүлдейді. Құрма пальмасы кәдімгі дәм татушы ас.

Истера глипцина – жанына қандай бір өсімдік өссе, орап алып өлтіріп тастайтын өрмелегіш өсімдік.

Эфкалифт – Африкада өседі. Биіктігі 150 метрге дейін өсетін өсімдік. Құрамында эфир майы болғандықтан, медицина жағдайында қолданылады.

Бесінші бөлім сулы аймақтағы өсімдіктер бөлімі.

Тұңғиық – май айынан бастап гүлдейтін өсімдік. Күн түскен сәтте гүлі ашылады, ал түнде қауызы жабық болып тұрады. Жапырағы су бетіне шығып, қалқып өмір сүреді.

Калла - батпақта, сулы жерде өсетін өсімдік.

Каманюта касама – жеміс беретін өсімдік. Жемісінің құрамында 40% крахмал болғандықтан, оны картофель ағашы деп те атайды.

 

 

1.Сирен. 2.Калла. 3.Русселия. 4.Тұңғиық гүлдері бақтың көркін айқындай түсуде.

Тұңғиық түнде қауызын жауып, таң ата ашылатын өсімдік.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 3852. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия