Студопедия — Дамудың постэмбриондық кезеңі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дамудың постэмбриондық кезеңі






Ағза туылғаннан соң немесе жұмыртқа не ұрық кабығынан босанып шыққаннан кейін постэмбриондық кезең басталады.

Әр түрлі жануарлар түрлерінде постэмбриондык кезең бірнеше күннен ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.

Постэмбриондық онтогенезді 3 кезеңге бөледі: 1) жастық (ювенильдік) кезең; 2) жыныстық жетілген (репродуктивтік) кезең; 3) кәрілік кезең. Постнатальдық онтогенез ағзаның дүние салуымен аяқталады.

Онтогенез типіне байланысты жастық кезең екі түрлі жолмен жүреді: тура даму және тура емес немесе түрленіп (метаморфоз — metamorphosis түрлену) даму.

Тура дамуда жұмыртқа қабығынан босанып шыққан немесе жаңадан туылған жас ағза ересек ағзадан ешқандай айырмашылығы болмайды, олар тек дене бітімінің пропорциясымен ғана ерекшеленеді. Мұндай даму көптеген жануарларға және адам-дарға тән.

Түрленіп даму жұмыртқадан ересек ағзаларға мүлдем ұқсамайтын бір немесе бірнеше дернәсілдік формалардың алмасуы аркылы жүреді. Метаморфоз арқылы даму әр түрлі жануарлар өкілдерінде (ішекқуыстылар, жалпақ, жұмыр кұрттар, былқылдақденелілер, бунақденелілер, қосмекенділер т.б.) кеңінен таралған.

Постэмбриондық дамудың бірден-бір сипаты болып ағзаның өсуі саналады. Өсу дегеніміз ағза мөлшерінің, салмағының сандық өзгеруі болып табылады.

Ағзалардың өсуін екі топқа бөледі: шектеулі және шексіз өсу. Шексіз өсу- ағзалардың өмірінің аяғына дейін өсуі, бұл былқылдакденелілерге, шаянтәрізділерге, балықтарға, жорғалаушыларға, қосмекенділерге және басқа да жануарларға тән.

Шектеулі өсу - ағза өсуі белгілі бір жас шамасына жеткенге дейін байқалады да тоқтайды. Ол шыбын-шіркейлерге, құстарға, сүтқоректілерге тән.

Өсудің біркатар жалпы зандылықтары белгілі. Оларды зерттеуге ат салысқандар қатарынан американ зоологі К. Майнотты, орыс ғалымы И. Шмальгаузенді ерекше атауға болады.

Онтогенездің бастапкы сатыларында даралардың өсуі қарқыңды түрде жүреді, ал кейінірек ол біртіндеп төмендейді және дамудың әр түрлі кезеңдерінде өсу қарқыны бірдей бола бермейді. Онтогенезде өсу мен даму қатар жүріп отыратын және бірінсіз-бірі болмайтын құбылыстар болып саналады. Бірақ онтогенездің әр түрлі сатыларында олардың ара-қатынасы тепе-тең болмайды, яғни бір сатыда өсу құбылысы дамудан басымдау болып келсе, екіншісінде керісінше.

Адамдардың жастық кезеңі нәрестенің дүниеге келгенінен басталып жыныстык жетілген шаққа, яғни жыныс жасушаларының түзіле басталуына (12-15 жас), дейін созылады. Оны бірнеше сатыларға бөледі: нәресте (емізулі бала), бөбек, бүлдіршін, жеткіншек т.б. (кесте).

Бала ағзасында өсу қарқыны біркелкі жүрмейді - жедел өсу кезеңімен өсудің тежелу кезеңдері алмасып отырады. Балалардың ең жедел өсуі бірінші жылы байқалады, бұл кезде оның денесі 23-25 см-ге ұзарады. Екінші жылы өсу қарқыны сәл төмендейді, бірақ әлі де болса ол жоғары деңгейде сақталады 10-15 см; үшінші жылы 8 см, 4-7 жасқа дейін жылына 5-7 см өседі. Төменгі мектеп жасында өсу біршама баяулайды, жылына 4-5 см ғана өседі. Ал қыздар 11—12 жасқа, ұлдар 13—14 жаска келгенде олардың өсу қарқыны қайтадан жоғарылайды, жылына 7-8 см дейін өседі. Оны пубертатты секіру деп атайды. Бұл құбылыс балалардың жыныстық жетілуінің басталуымен тұспа-тұс келеді.

Балалар денесінің ұзарып өсуімен бірге оның салмағының артуы да байқалады. Мысалы, алғашқы 5 айда нәресте салмағы екі еселенеді, ал 1 жасқа жеткенде 3 есе көбейеді. Екі жастан кейін дене салмағының өсуі баяулайды. 10 жасқа дейін кыздар мен ұлдардың дене салмақтарында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды, ал 11-12 жаста қыздарда ол біршама жылдамдайды, 15 жастан кейін ұл балалар бұл көрсеткіш бойынша қыздарды басып озады және бұл үрдіс әрі қарай да сақталады.

Адамдар мен жануарлардың өсуі көптеген эндогендік және экзогендік факторларға тәуелді болады.

Өсу - сандық белгі болып, полигендік жолмен тұқым куалайды. Сандық белгілердің орта жағдайларына тәуелді болатыны белгілі. Ағзаның өсуі генетикалық, эндокриндік, жүйкелік т.б. жағдайлар арқылы бағдарланып отырады. Сонымен қатар, қалыпты өсу және даму үшін толыққанды коректену қажет. Ас кұрамында ағзаға кажет барлық амин қышқылдары жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Егер де олардың біреуі жетіспесе өсу тоқталады, даму бұзылады және ағза өліп калады. Сол сияқты, өсу құбылысы үшін дәрумендердің, әсіресе А-дәрумені — ретинол, Д-дәрумені — кальциферол, В дәрумендер тобының рөлі өте маңызды. Қалыпты өсу үшін, сол сияқты минерал түздары мен микроэлементтер де қажет. Өсу мен дамуға әсер ететін орта факторларынан - оттекті, температураны, жарықты айтуға бо­лады. Ағзаның өсуі үшін жарықтың бірден-бір рөлі - ол Д-дәруменінің синтезделуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ағзаның өсуі гипофиз безінің гормоны — соматотропин гормоны арқылы реттелініп отырады. Соматотропин гормоны ұрықтық даму кезінде де бөлінеді, бірақ оның әсері тек постэмбрионалдық кезеңде ғана байқалады. Гипофиздің соматотропин гормонын синтездеу қарқыны ауытқыса (азайса не көбейсе) адамның калыпты өсуі бұзылады. Мысалы, балалық шақта гипофиз бездің гипофункциясы, яғни гормонды жеткіліксіз мөлшерде синтездеу, гипофизарлық ергежейлікке — нанизмға алып келеді. Нанизмде ағза өсуі баяулайды, бірақ дене бөлімдерінің дамуының салыстырмалы ара қатынасы өзгермейді. Гипофиздің гиперфункциясы, яғни гормонды артық мөлшерде синтездеуі алыптыққа алып келеді (бойы 2 метрден артық болады). Егер гипофиз гормонының гиперфункциясы ағзаның өсуі тоқталғаннан кейін болатын болса, онда адамның кейбір мүшелерінің шектен тыс өсіп кетуі, ұлғаюы байқалады, мысалы қол саусақтарының, екпенің, беттің өсуі. Мұндай құбылысты акромегалия деп атайды.

Соматотропин гормонының әсері қалқанша бездің гормондары болған жағдайларда күшейе түседі. Бүл гормондар митохондрияда тотығу құбылысын күшейтіп энергетикалық алмасудың артуына алып келеді. Қалканша бездің гормоны — тироксин әсерінен ұлпалардың глюкозаны пайдалануы жоғарылайды. Жас жануарлардың қалқанша безін алып тастаса ағзада негізгі алмасудың және жыныстық жетілудің тежелуі байқалады, орталық жүйке жүйесінің тітіркенушілігі төмендейді, рефлекстің түзілуі баяулайды. Адамдарда қалқанша бездің гипофункциясы балалық шақта байқалатын болса кретинизм ауруы дамиды. Ол психикалык кемтарлықпен, өсудің және жыныстық дамудың тежелуімен, дене бөлімдерінің даму диспропорциясымен (түтікті сүйектердің қысқа және қалың болуы) сипатталады.

Акселерация (лат. аcceleratio — жылдамдау) — балалар мен жасөспірімдердің -өсуі мен дамуының жылдамдауы. Соңғы 100-150 жылда балалар мен жасөспірімдердің физиологиялык жетілуі мен сомалық дамуының жылдамдауы байқалады.

Жыныстық жетілу (репродуктивтік) кезең қыздарда 11—13 жаста, ұл балаларда 12—14 жаста басталады. Оның бірден-бір белгісі қыздарда алғаш рет етеккірдің келуі, ал ұлдарда поллюцияның, яғни түнде ұйықтап жатқанда еріксіз шәуеттің бөлінуі, болып саналады. Репродуктивтік кезеңді алғашқы репродуктивтік кезең - 35 жасқа дейін, соңғы репродуктивтік кезең 36-55 (60) жасқа дейін, деп бөлінеді.

Алғашқы репродуктивтік кезеңде де адам ағзасы әрі қарай өсе береді - 18-20 жасқа дейін. Осы кезде оның соңғы жыныстық белгілері дамып жетіледі, дене тұрпаты (конституциясы) калыптасады.

Репродуктивтік кезеңнің аяқталуы әйелдерде менапаузаның (климакс) келуі, ер адамдарда сперматогенездің тоқталуымен байланысты. Көптеген адамдарда бұл кезде кәсіби еңбек ету қабілеті толық сақталған, ақыл естері кемелденген, актив тіршілік ету мүмкіншілігі мол болып келеді.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 6007. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия