Студопедия — Дәрілерді сақтау және жіберу ережелері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрілерді сақтау және жіберу ережелері






«А» және «Б» тізіміне кіргізілген құралдар фармацияның жалпы ережелері бойынша сақталынады және тиесілі этикеткалармен – жапсырмалармен қамтамасыздалады.

Құрамына улы және қатты әсерлі дәрілік заттар кіретін дәрілік қалыптар, дәріханадан тек 4-ші ондық сұйылту жағдайында ғана жіберілуге рұқсат етіледі.

Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды дайындау технологиясының өзіндік сипаттамасының болуын керек етуі, фармацевтикалық тәжірибеде қалыптасқан технологиядан едәуір ерекшеліктеріне байланысты.

Негізгі гомеопатиялық дәрілер тек балауса және кептірілген шөптерден, жануарлар мен жәндіктер бездерінің өнімдерінен немесе жәндікті толық пайдаланып қана емес, сонымен қатар химиялық қосылыстардан да дайындалуына байланысты, олардан дәрілік қалыптар дайындау төменде келтірілген, 9 параграфтан тұратын, ережелерді сақтау арқылы жүргізілуі керек.

Гомеопатиялық дәрілердің түрлері негізінен сұйықтар немесе ұнтақтар күйінде болып келеді және оларды дайындау әдістері тиесілі параграфтарда көрсетілген.

§§ 1,2,3 - де эссенциялар және тұрындыларды балауса шөптерден дайындау ережелері көрсетілген;

§§ 4 - эссенциялар және тұрындыларды кептірілген шөптерден, жаңа сойылған жануарлар ұлпаларынан және жәндіктерден (құмырсқалар, аралар, теңіз жұлдыздары және т. б.) дайындау ережелері көрсетілген;

§§ 5 және 6 – сулы, спиртті ерітінділерді минералды және химиялық қосылыстардан дайындау ережелері көрсетілген;

§§ 7, 8, 9 – ұнтақтарды (тритурация) минерал тектес құрғақ және сұйық заттардан, химиялық қосылыстардан, эссенциялар мен тұрындылардан дайындау жолдары көрсетілген.

Дәрілік құралдар әсерлі болуы және капиллярлы-люминесценттік әдіспен тексергенде дұрыс нәтиже көрсетуі үшін, оларды дайындау кезінде 1-9 параграфтарда келтірілген барлық ережелерді мұқият орындау керек.

Дәрілік қалыптарды ондық немесе жүздік шкала бойынша негізгі затты сұйылтып, не үгіп дайындау «Гомеопатиялық дәрілік құралдарды дайындау технологиясы» бөлімінде келтірілген ережелер бойынша жүргізіледі.

Гомеопатиялық дәрілік қалыптар сұйық түрде (diluto), ұнтақталған түрде (trituratio), қанттан дайындалған түйіршіктерді қанықтыру арқылы (granuli, globuli), немесе таблеткалар (tabulettae) дайындалады.

Гомеопатиялық дәріханаларда дайындалатын жақпа майлар мен сұйық майлар ерітінділерін дайындау ережелері Мемлекеттік фармакопеяда көрсетілгендей.

Гомеопатия тәжрибесінде сырт тәнге пайдаланылатын спирттер қоспасы және оподельдоктар дайындалады.

Осы бөлімде гомеопатиялық дәріханаларға керекті арнаулы аппаратура мен құрал-жабдықтар сипаттамалары да келтірілген.

Зауыт-фабрикаларда шығарылатын гомеопатиялық құралдарды дайындайтын аппаратуралар, олардың күрделігіне және ерекшеліктеріне орай, арнаулы сипаттамалануды қажет етеді.

Қолданысқа керекті шикізатты және одан дайындалған эссенциямен гомеопатиялық сұйылтуларды тексеру үшін гомеопатиялық фармакопеяда, қалыптасқан әдістермен қатар, дәлдігі жоғары және тиімді капиллярлы-люминисценттік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдіс дәрілік қалыптың дұрыс дайындалғанын және оның ерекше өзіндік суреттемесін бере алады.

Халықаралық гомеопатиялық фармакопеяға қабылданған, Пейгебауер мен Платц зерттеп дайындаған капиллярлы-люминисценттік әдіс талқыланып тәжрибелік іске бейімделген.







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1434. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия