Студопедия — Кесі мен балалары» мәтінді оқып, мазмұнын айт.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кесі мен балалары» мәтінді оқып, мазмұнын айт.






Бір күні дастарқан басында әкесі балаларынан: - Сендер қазір оқушысыңдар. Оқу бітірген соң, кім болғыларын келеді?-деп сұрапты.Балалары үндемепті. Әкесі үлкен баласынан: - Саят, сен кім болғың келеді?-деп сұрайды. Саят: - Мен инженер болғым келеді, шахтада істегім келеді,-дейді. Әкесі ортаншы баласынан: - Кәрім, сен кім болғың келеді?-деп сұрайды. Кәрім:- Мен атты, сиырды,қойды, түйені жақсы көремін. Қазақстан жері мал шаруашылығы үшін өте қолайлы. Халық үшін ет, сүт, жүн, май қажет-дейді. Әкесі кенже баласынан: -Болат, сен оқу бітірген соң, кім болғың келеді?-деп сұрайды. Болат: - Мен әскери ұшқыш болғым келеді.

Әкесі қызына қарап:-Фатима, сен кім болғың келеді?- дейді. Фатима: - Мен дәрігер болғым келеді,-дейді. Әкесі: - Біздің Отанымыз үшін инженер де керек, ұшқыш та керек, мал дәрігері де керек. Ондай мамандықтарды меңгеру үшін жақсы оқу керек, көп оқу керек.

 

(Үлкені Саят – инженер болғысы келеді. Ортаншы Кәрім – малшы болғысы келеді.

Кенже баласы Болат - әскери ұшқыш болғысы келеді. Фатима қызы – дәрігер болғысы келеді.)

 

3.Берілген сөз тіркестерді қазақ тіліне аудар: общественный деятель, морозный день, ясная погода.

Сыйла, қой, жүгір-сөздерді тұйық етістік түрінде жаз.

Билет

1. Монолог «Мемлекеттік мерекелер. Наурыз».

Наурыз

Қазақстанда осындай мемлекеттік мерекелер бар:еуропаша Жаңа жыл, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні, 1 мамыр- Бірлік күні, 9 мамыр- Жеңіс күні, 30 тамыз – Ата заң күні, 1-қыркүйек – Білім күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Қазақ халқының Жаңа жылы – 22 Наурыз. «Наурыз» - парсы сөзі, «нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөз. Наурыз мереке – дін мейрамы емес, бұл шаруашылық, тұрмыстық мейрам.

Бұл күні күн мен түн теңеледі. Мал төлдейді, шөп шығады, күн жылынады. Бұл дін мейрамы емес, бұл шаруашылық, тұрмыстық мейрамы. Адамдар жаңа киім тігеді Наурыз көже пісіреді. Наурыз көжеге сүт, құрт, бидай, күріш, тары, жылқының еті, жұжық салады. Әр түрлі ұлттық тағамдар дайындайды. Бұл күні адамдар бұлақтың көзін ашады, ағаш егеді. «Бір тал кессең, орнына он ағаш ек!», -дейді қазақ халқы.

Ертеде Наурыз күні ренжіскендер татуласады, бір – біріне қонаққа барады, дәм татады, бата береді. Мысалы, Ұлыстың ұлы күні бақты болсын!

Ақ мол болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле – жала жерге енсін!

Қарт адамдар әңгімелеседі, шежіре айтады. Жастар домбыра тартады, ән айтады, әр түрлі ойын ойнайды. Бұл күні «Бәйге», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар», «Жамбы ату», т.б. ұлттық ойындар өткізіледі. Мысалы, «Алтыбақан» ойында жас жігіттер мен қыздар қатысады. Олар бұл күнге өздерінің шығарған өлеңдерін алтыбақанда тербетіліп айтады, қыздар өздерінің тіккен киімдерін киеді. Кешке қарай үлкендер де, жастар да айтысқа қатысады.

Қазіргі кезде біздің елімізде Наурыз мейрамды барлық ұлт өкілдері тойлайды. Жұрт өз өнерін көрсетеді. Олар ән айтады, би билейді, ұлттық тағамдар дайындайды, ұлттық ойындарда, сайыстарда, концертте қатысады.

Маған Наурыз мерекесі өте ұнайды.Менің отбасым Наурыз мейрамды жақсы тойлайды және жақсы тілек айтады.

 

Алтын адам» мәтінді оқып аудар.

Астанада мұражайлардың түр-түрі бар. Балалар оларды аралап, көп қызықтады. Әсіресе, археология

мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.

Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін айтты. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап, біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр.

Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді. Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ алтынмен әдеміленген киімі қойылған.

Оның дулығасы кіреуке сауытына зергер бабамыздың бірі адамдардың, аңдардың, құстардың, ағаштардың,таулардың суретін бейнелеп, алтын табақшалармен әшекейлеген.

Осы жауынгер киімін әшекейлеген алтындар Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін сақталған.

 

3.Сын есімдерді күшейтпейлі шырайда жаз: күшті, ұзын, әдемі, тәртіпті, сау.

 

Билет

1. Монолог «Кино өнері».

Кино өнері 4 салаға бөлінеді. Олар: көркем фильм, документалды фильм, мультипликациялық фильм, ғылыми фильм. Фильмді жасау үшін озық техниканы, және қаржынды талап етеді.

Кино өнерінде әдебиет, театр, музыка қасиеттерін пайдаланады. Әр алуан мамандықтар қатынасады. Олар: кинодраматург, режиссер, актер, опреатор, суретші, композитор.

 

Театр, кино өнерінің атақты қазақ әртісі, режиссері- Шәкен Кенжетайұлы Айманов. Шәкен Аймановтың өмір сүрген жылдары (1914-1970).

Шәкен Аймановтың актерлік шығармашылығы М. Әуезов атындағы мемлекеттік драма театры сахнасында өтті. Ол көп басты рөлді ойнады. Ақан сері, Қобыланды батыр, Алдар Көсе, Шекспирдің «Отелло» трагедиясында Отелло рөлін ойнады. Ол басты режиссер де болған. Оның «Абай» спектакліне Мемлекеттік сыйлығы берілді. Кино өнер саласында ол көптеген жылдар еңбек етті.

Оның көркемсуретті фильмдері: «Махаббат туралы аңыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе».

«Алдар Көсе» фильмде басты рөлді өзі ойнаған.

 

2. «Алтыбақан» мәтінді оқып, мазмұнын айт.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 1241. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия