Студопедия — А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасын сипаттаңыз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасын сипаттаңыз.






Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – “Әдебиет танытқыш”. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

79.І.Есенберлиннің тарихи романдарын айқындаңыз. Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.

Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.Жазушы Ы. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХВ-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды. «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.

80.Жырау мен жыршы арақатынасын анықтаңыз. Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да бар. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды.«Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің «Диуани-лұғат-ат түрік» еңбегінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады. Онда Шөже жыраудың жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады. «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында» «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан, жыраулар деп те аталып жүрген.

81.М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын жүйелеп көрсетіңіз. Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Кіші баласы Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Екі жылдан кейін ол ауылдық мектепте Мұқан Тоқтарбайұлы деген мұғалімнен орысша сабақ алады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тәртібіне шығарған және қазақ зиялылырының еркін пікір алаңына айналған. «Қазақ» газеті жарық көре бастағаннан бастап оның бас редактор Ахмет Байтұрсынұлының орынбасары қызметінде Міржақып Дулатұлы болды. Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының біп томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.

82.Қазақ тілінің салаларына (фонетика, лексика, синтаксис, морфология) қысқаша сипаттама беріңіз. Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. 1930-жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңыдылығы, сөздердің буын құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына ауыстыруға байланысты “Еңбекші қазақ” газетінде бас әріпті алу мәселелері көп талас тудырды. Фонетика - (грек. пһôнчтікус – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Синтаксис (гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы.

83.Әдеби тілдің стильдік тармақтарын сипаттаңыз. Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оньщ формаларымен бай-ланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы — сөйлеудің ауыз-ша және жазбаша формалары. Э. Г. Ризельде: 1) көркем әдебиет стилі; 2) публицистикалық стиль; 3) баспасөз стилі; 4) ғылыми әдебиеттер стилі; 5) іс-кағаздар стилі; 6) шешендік стиль 7) телеграф стилі; радиохабарларының стилі; 9) ауызша ресми катынастың стилі; 10) почта стилі және т. б Әдеби тілге тәне мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қапатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал. Ресми ісқағаз үлгілері. Бұлтұстағы ресми іс қағазадары (бүйрық -жарлықтар, заң, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздары) мазмұны жағынан болсын, формасы жағынан болсын, ХВІІІ-ХІХ ғасырдағы құжаттарға ұқсас, бірақ тілдік ерекшелігі жағынан қазіргі қазақ тіліне әлде қайда жақын және түсінікті болып келеді. Бұлардың бір қатары баспа бетін көрген, сондықтан да бір ізге келтірілген. Қоғамдық публицистикалық стильге жататын материалдар. Бұл стильдің пайда болу қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің шығуымен байланысты. Қазақ тіліндегі тұңғыш газет 1870 жылы Түркістан уәлаятының (өлкесінің) орталығы Ташкент қаласында "Түркістан уәлаятының газеті" деген атпен шыға бастады. Газет қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен (екеуі-қазақша, екеуі өзбекше) 13 жылы бойына үзбей шығып түрды. Көркем әдеби стиліне тән үлгілер. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жинақталған мол ауыз әдебиеті мұралары болғаны мәлім. ХІХғасырдағы баспа бетін көрген керкем туындылар қатарына, "қиссалар" жатады. Бұл орайда апғашқы қазақ тіліндегі кітап 1862 жылы Қазанда жарық көрген "Ер Тарғын" жыр-толғауын айтуға болады. Ғылыми - көпшілік әдеби үлгіл е р і. Қазақ арасында қолжазба күйінде таралып, кейін кейбір басылып та шыққан шежіре типті әдебиеттерді есептемегенде, 1861 жылы Н. И. Ильминский Қазанда бастырған "Самоучитель русской грамоты для киргизов" атты оқулық кітабының соңында берілген текстерді ғылым-көпшілік әдебиет үлгілерінің тұңғыш нұсқасы деп санауға болады.

84.Ж.Аймауытов шығармашылығының ерекшеліктерін көрсетіңіз. Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар. Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

85.Ж.Молдағалиевтің поэмаларына тоқталыңыз. Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жыл, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы - 06.10.1988, Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы. Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, тансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз."Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын: Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.

86.Жырау толғауларындағы тілдік қолданыстарға мән беріңіз. Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті. Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы "Жақсы үгіт" кітабында жарияланса, Марғасқа толғаулары кеңес заманында зерттеліп, баспа бетін керді. 18 ғасырда Жыраулық поэзия тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан байи түседі. Жоңғар шапкыншылығы және "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдары, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар шығармаларғында өзінің көркемдік шешімін тапты.

87.М.Жұмабаев лирикасындағы жаңашыл ізденістерді көрсетіңіз. Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Мағжан ақын мен оның лирикасы біртұтас егіз дүние болып бірігіп кеткен. Әр ақынның, жазушының өзіне ғана тән жазу стилі мен ерекшелігі болады. Ақын – бұр лирикалық қаһарман, ол өзінің атынан тіл қатып, өлең сөзбен “сөйлейді”. Дәл осынау Мағжан Жұмабаевтың «ақындық менін» танытатын өлеңдеріне «От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Тәңірі», «Орал тауы», «Түркістан» атты от-жалынды жырларын жатқыза аламыз. Бұл өлеңдерінде өзара тартылып жататын үлкен идеялық желіні байқаймыз. Бір жағынан біз бұл жырларын қуатты лирикаға балаймыз.

88.ХХ ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиетіне сипаттама беріңіз. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің сипатына тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды. Бітіру жұмысының өзектілігі сол – ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің атқарған қызметтері, міндеттері, көздеген мақсаттарының қандай болғандығы жөнінде тарихи тұрғыда қаралып, мәлімет беруінде. XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстандағы орын алған саяси жағдайлар Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі. Осы кезеңнен бастап, Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік «қамқорлық» (бірінші жағынан) және «ризашылық» (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 «Сібір қазақтары» туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің «Еуропалық тәсілдерін» танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 1678. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия