Студопедия — Дәрiс. Корпоративтік табыс салығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрiс. Корпоративтік табыс салығы






Корпоративтік табыс салығының Қазақстандағы мемлекеттік бюжетке түсетін түсімі маңызды орын алады, яғни шамамен 28% -ды құрайды.

Корпоративті табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалардың салықты төлеу тәртібі, мерзімі, алыну шарты, санкция мен жеңілдіктері арқылы анықталады.

Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері және кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын бюждеттік және коммерциялық емес ұйымдар төлейді.

Салықты салудың объектісі салық салынатын табыс болып табылады, ол жылдық жиынтық табыс пен заңда бекітілген шегерім арасындағы айырма арқылы анықталады.

Жылдық жиынтық табысқа резидент заңды тұлғаның әр түрлі көздерден түскен табысы жатады. Оның құрамына: өнімді (жұмыс пен қызметтен) өткізуден түскен табыс; өзге де активтер мен ғимаратты өткізу кезіндегі құнның өсімінен түскен табыс; міндеттемелерді есептеп шығарудан түскен табыс; мүліктерді жалға беруден түскен табыс; тегін алынған айырма; санкция бойынша алынған сумма; дивидендтер; банктің сыйақысы; ұтыс; роялти; сақтандыру ұйымдары, сақтандыру қорлары мен банктің провизия көлемінің төмендеуінен түскен табыс; өзге де табыстар.

Алынған жылдық жиынтық табысқа түзету жүргізіледі: төлем көзінен бұрын салық салынған дивидендтер, меншікті акцияның құнының номиналдық құннан асып түсуі; мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы; төтенше жағдайлардың пайда болу салдарынан ізгілік көмек түрінде алынған мүліктің құны; Үкіметтің шешімі бойынша мемлекеттік кәсіпорындардан алынған негізгі құралдардың құны; зейнетақы активтерін орналастырудан алынған инвестициялық табыстар.

Салық шегеріміне Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген мөлшерде жылдық жиынтық табысты алуға кеткен шығындар жатады. Оған тауарлы – материалдық шығындар бойынша, еңбек ақыны төлеу; қызмет көрсету және өндіріске кеткен шығындар; басқа шегерімдер; тіркелген активтер бойынша, сыйақы бойынша; күмәнді міндеттер мен талаптар бойынша; теріс бағалық айырымдар бойынша; резервтік қорларға айырым жасау бойынша; сақтандыру төлемдері жарналары бойынша; әлеуметтік төлемақы шығындары; табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары мен геологиялық зерттеулерге кеткен шығындар бойынша; негізгі қорларды жөндеуге кеткен шығындар бойынша; үстеме мен айыппұл; бюджетке төленген салықтар жатады.

Шегерімнен кейін анықталған салық салынатын табысқа түзету жасалады. Салық төлеуші ұйымның балансында көрсетілген әлеуметтік саланың объектілері, яғни жатақхана, тұрғын үй, емхана, балалар лагері, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту ұйымдары, аурухана бойынша шығындар сомасы азайтылады. Коммерциялық емес ұйымдардың тегін берілген мүліктері, жеке тұлғалардың атаулы әлеуметтік көмек сомасы шегіріледі. Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын өндірістік ұйымдардың салық салынатын табысына (мүгедектердің еңбекақысын төлеуге кеткен шығындар екі мәрте мөлшерінде) түзету жүргізіледі.

Кәсіпкерлік қызметтің залалы 3 жылға; жер қойнауын пайдаланумен байланысты залал 7 жылға мерзімге көшіріледі. Залал дегеніміз салық салынатын табыстың азаюын білдіреді, бұндай жағдайда табыс азаяды, сонымен қатар төленетін салық та азаяды. Бұған ғимаратты, құрылымды, бағалы қағаздарды өткізу бойынша залалдар жатады.

Табыс салығының ставкасы – 30%.

Бағалы қағаздар мен депозит бойынша сыйақы мен дивидендтерге, резидент емес заңды тұлғаның таза табысы мен ұтысына салынатын салық мөлшері - 15%.

Қазақстандағы көздерден алынған шетелдік заңды тұлғалардың табысына келесідей мөлшерде салық салынады:

1) сыйақы және қатысу үлесі бойынша табыстарға, дивидендтерге - 15%;

2) тәуекелдікті сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша төленетін салықтың сыйақысына - 10%;

3) халықаралық тасымалдаушылардың транспорттық қызметі мен халықаралық байланыстардың телекоммуникациялық қызметтеріне - 5%;

4) өзге де табыстарға – 20%.

Қазақстан Республикасында тұрақты емес арқылы қызмет жасайтын шетелдік заңды тұлғалар алынған табыстары бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуші болып табылады. Тұрақты мекемелер арқылы қызмет жасайтын шетелдік заңды тұлғалардың табыс салығының ставкасы қазақстандық заңды тұлғалардың ставкалары сияқты, яғни - 30%. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметтен алынған шетелдік заңды тұлғалардың таза табысына корпоративтік табыс салығы 15% ставкамен салынады. Таза табыс дегеніміз салық салынатын табыс пен төленген корпоративтік табыс салығының айырмасы. Салықты төлеушілер әрбір айдың 20 – шы күнінен кешіктірмей ай сайын салықтық кезеңде аванс түрінде төлемді бюджетке төлеуге міндетті. Салық бойынша түпкілікті есеп айырысу, корпоративтік табыс салығының декларациясын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде жүргізіледі. Төлеуге тиісті аванстық төлем мөлшері алдыңғы салық кезеңінде төленген аванстық төлемдердің орташа айлық мөлшері негізінде анықталады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 39-48, 2. 38-47, 5. 41-54 бет],

Қосымша: [ 9. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары:

1. Корпоративтік табыс салығы дегеніміз не?

2. Корпоративтік табыс салығына нелер жатады?

3. Корпоративтік табыс салығы қалай есептеелді?

4. Корпоративтік табыс салығын кімдер төлейді?

5. Корпоративтік табыс салығын төлеушілер объектісіне не жатады?

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 3080. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия