Студопедия — Рулонды жабындық материалдар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рулонды жабындық материалдар






Рулонды материалдар негізді немесе негізсіз болып бөлінеді. Негізді рулон материалдар негізге - картонға (қалың қатырма қағазға) асбестқағазға, шыныматаға т.б. битумды немесе қарамайды сіңіру арқылы жасалынады. Негізсіз рулонды материалдар битум немесе қарамай, минералды ұнтақ және үстемеден (антисептиктен, пластифқатордан) құралған қоспаны (араласпаны) каландрдан өткізіп, қажетті қалыңдыры бар полотно (мата, рулон) ретінде өндіріледі.

Рубероид дегеніміз - жабындық картонға жұмсақ битумды (мысалы, БНК-45/180) сіңіріп, онан соң қиын балқитын битум (мысалы, БНК-90/40) жағып, бетіне минералдық түйірлер сеуіп жасалынған рулонды жабындық материал. Жабындық картон шүберек, қағаз макулатурасы және ағаш целлюлозасы қоспасынан жасалынады. Себінді материалдар (посыпка) ретінде мынадай минералдық түйірлер пайдаланылады: ірітүйіршікті (К-крупнозернистая посыпка), майдатүйіршікті (М-межозернистая), тозаңды (шаңды - П - пылевидная) және қабыршақты (Г-чешуйчатая).

Қолданылатын орнына байланысты рубероид жабындық (тыстық К-кровельный) және төсемдік (астарлық - П-подкладочный) болып бөлінеді. Рубероидты ораганда ол жабыспауы үшін жабындық рубероидтың астыңғы бетіне, ал төсемдік (астарлық) рубероидтың асты-үстіне де тозаңды материал себіледі.

 

Рубероидты өндіру үшін оңай және қиын балқитын битумдар 100-200°С дейін қыздырылады, оңай балқитын битум сіңіру ваннасында картонға сіңіріледі, одан әрі картон талқыдан (важи) өткізіліп (ерсілі-қарсылы айналатын валдардың арасына салып сағымдау, жаншу аркылы) артық битумнан ажыратылады: осылай жұмсак битум сіңірілген картон келесі қатты битум балқытылған ваннадан өткізіліп, оған қиын балқитын битум сіңіріледі; көлесі поста битумдалған картонның асты-үетіне немесе тек үстіне минералдық түйірлер себіледі. Ең соңында лента цилиндрден өткізіліп суытылады да (сумен немесе бас-қа әдіспен), үзындығы стандартқ рулонға ораланады (11.1 сурет).

Рубероид мынадай маркаларға бөлінеді: РКК-500А, РКК-400А, РКК-400Б, РКМ-350Б, РКМ-400В, РПМ-300А, РПМ-300Б, РПМ-300В, РПП-350Б, РПП-350В, РПП-300А, РПП-300Б, РПП-300В. Мұндағы алғашқы әріптер: біріншісі (Р) - рубероид, екіншісі оның түрі (К немесе П) жабындық (К - кровелъный) немесе төсеніш (астарлық - П подкладочный), үшішісі себіндік материалдардың түйірлердің түрі (К - ірідәнді, М - уақдәнді, П - тозаңды); цифрлар - негіз ретінде пайдаланылатын жабындық картоның 1 м2-нің салмағы (граммен), цифрлардан кейін әріп (А,Б,В) картоның сорты.

 

1- сурет. Рубероид өндіретін машинаның схемасы: 4-картон бомбинала-ры (картон оралатын біліктер); 2-таратқыш станок; 3-көптіргіш станок; 4-дайындалған картон қоры; 5-көптіргіш цилиндрлер; 6-сініргіш ванна; 7-, 10 -сыккыш біліктер; 8-косымша сіңіргіш камера; 9-жапқыш ванна; 11-13-сепкіш бункерлер (себінді материалдар қоймалары); 14-суытқыш барабандар; 15-орағыш станок.

 

Балқытылып жабыстырылатын рубероид. Бұл рубероидтың кәдімгіден артықшылығы жабындык (шатыр) жасағанда оны жабыстыру үшін әдөттегідөй мастика пайдаланбай, рубероидтың өзін, анығырақ айтканда оның әдөйі калың (жуан) өтіп істөлінген битум кабатын (әдеттөгі 200-300 г/м2 оршна 1000-2000 г/м2 (горелкамен немесе басқа әдіспен балыпыт негізге жабыстырылуында. Бұл рубероидты қолдану нәтижесінде шатыр (жабынды) жасау өнімділігі 50%-ке артады, арзандайды және еңбек ету жағдайы жаңсарады (жөңілдейді).

Шыны рубероид дегеніміз - шыны талшықтарынан жасалынған матаға битум (битумрезеңке немесе битумполимер) сіңіріп, астарына майда түйіршікті, ал тысына ірітүйіршікті түйірлер сеуіп жасалынған рулон материал. Шыны рубероидтың кәдімгіден артыкшылығы оның негізінің, яғни шыныталшықтың матаның беріктігінің жоғарылығында және микроорганизмдер әсерінен шірімейтінінде. Осының салдарынан шыны рубероидтың ұзақ уакыттылығы зо жылға жақын мөлшерде. Пайдаланылатын орнына және сөбінді материалдардың түрінө байланысты шыш рубероид мынадай үш маркға: С-РК және С-РЧ үстіңгі бетіне (тысына) ірі немесө қабыршақ 'тұйірлер себілген жабындқ жәнө асты-үстіне уақ немесе одан да уақ-тозаң түйірлер себілген тесемдік (астарлық) С-РМ болып бөлінеді.

Пергамин дегеніміз - жабындық картонға балқытылған жұмсару температурасы 40°С-тан кем емес, яғни, жұмсаруы ең төмен ВНК-45/80 және одан жоғары маркалы мұнай - битумдарын сініру арқылы жасалған, тысталмаған рулонды материал. Пергаминді рубероид агрегаттарында өндіруге болады; бұл жағдайда тыстауға арналған битумды бар ванна себінді түйірлер сақталатын бункерлер қолданылмайды. Сондықтан пергамин өндірсі тек өз технологиясына керекті агрегаттармен жабдықталған. Пергамин екі маркалы П-300 және П-350 болып өндіріледі де, негізінде рубероидтың төсеніш қабаты (астары) ретінде қолданылады.

Қара қағаз (толь) - картонды қарамайлармен өңдеп, оған майда кұм (0,14-2 мм) немесе ірі түйірлер (2 мм-ден жоғары) сеуіп жасалған рулонды материал. Ірі түйірлер себілген маркалары ТКК-400 және ТКК-350 қағаз жазық шатыр жабындығының тыс ретінде, ал уақ кұм маркалары ТКП-400, ТКП-350 қара қағаз уакытша салынған ғимараттар төбесінің жабындығы ретінде және ғимараттардың фундаменттерін, т.б. бөлімдерін гидроизоляциялауға қолданылады.

Қарақағаз былғары және гидроизоляциялық қарақағаз тыс қабатсыз және себінді түйірлерсіз өндіріледі: қарақағаз былғары жабындық тольдің астары (төсеніші) ретінде, ал гидроизоляциялық қарақағаз ғимараттардың бөлімдері ылғал өткізбеуі үшін пайдаланылады.







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1095. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия