Студопедия — Осымша тапсырма. С конденсаторын айнымалы сыйымдылық конденсаторымен ауыстырыңыз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Осымша тапсырма. С конденсаторын айнымалы сыйымдылық конденсаторымен ауыстырыңыз






С конденсаторын айнымалы сыйымдылық конденсаторымен ауыстырыңыз. С конденсаторын белгілеп, тінтуірдің оң түймесі арқылы Delete (өшіруді) таңдаңыз. Құрылғылар панелінен айнымалы конденсаторды тауып алып, онда 120 пФ сыймдылық мәнін орнатыңыз. Осы элементті белгілеу және «а» немесе «А» -ны басу сыйымдылық коэффициентінің өзгеруіне әкеледі. С –ның мәнін өзгерту арқылы жиілікің мүкін болғанша жоғарғы мәнін анықтаңыз.

 


10 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

АМПЛИТУДАЛЫҚ МОДУЛЯЦИЯҒА КІРІСПЕ

1. Жұмыстың мақсаты

Модельдеудің мақсаты амплитудалық модуляцияның сипаттамалары мен әсерлік үрдістерін көрсету болып табылады. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологиялардың дамуы маңызды мәселелердің бірі. Мысалы, 20-шы ғасырдағы ең үлкен технологиялық прогресс телекоммуникация аясында болды.

Амплитудалық модуляцияның көмегімен ақпаратты тарату әдісінде сигнал жоғары жиілікті сигналдармен біріктіріліп (модуляцияланып), таратушы ортаға беріледі, ал қабылдауышта қайта орнына келтіріледі. Аудио сигналдары екі себебі бойынша модуляциялануды талап етеді. Адам құлағымен қабылданушы жиілік ауқымы кіші болып, 20-дан 20 000 Гц-ке дейін болады. Сондықтан жоғары жиіліктегі сигналдарды таратуға қарағанда осы жиіліктегі сигналдарды тарату үшін үлкен антенналарды қажет етеді. Мұндай талап антенна ұзындығына қойылған талаптан келіп шығады, антеннаның ұзындығы толқын ұзындығының жартысына тең болуы керек. Толқын ұзындығы -ге тең болғандықтан, 2 кГц жиілікке тең болған сигналды тарату үшін ұзындығы 75 км-ге тең болған антенна қажет!

Егер осы сигналды 1050 кГц-ке тең жоғары жиілікті сигналмен біріктіретін болсақ, қабылдау үшін қажетті антеннаның ұзындығы едәуір қысқарады. Тасушы жиілікті қолдану қажеттілігінің екінші себебі қабылдағыштың сигналдарды қабылдау кезінде бөлуі. Радиоқабылда-ғышты белгілі бір стансаға баптағанда сигналдарды бөлу үшін тасушы жиіліктің маңызы жоғары. Сигналдарды қабылдау/тарату регламентінің талабы ені кіші болған жоғары жиілікті тасушыларды қолдану және осыған орай ақпараттық сигналдардың бір-бірімен шатасып кетпеуін (тасушы жиілігі – 10кГц – ке тең амплитудалық модуляцияланған сигналдың) қамтамасыз етеді. Ақпараттық сигнал – бұрмаланбаған синусоида шарты орындалғанда, модуляция үрдісінде кіші жақтық жолағы fc - fm, fc, және жоғарғы жақтық жолағы fc + fm – ге тең тасушы жиілікті алуға болады. Мұнда тасушы жиіліктің амплитудалық спектрі үш сызықпен келтіріледі. Сигнал жолағының енін шектеу арқылы әрбір жақтық жолағы 5 кГц– ке дейін төмендейді. Бұл практикада аудио сигналдар жолағының ені 5 кГц– пен шектелгендігін көрсетеді.

Multisim ортасында төменгі жиілікті ақпараттық сигналы мен fc жоғары жиілікті тасушы сигналдарынан модуляцияланған сигналдарды қабылдау мүмкіншілігіне ие амплитудалық модулятор бар. Модуляцияланған сигналды бақылауды уақыттық және жиіліктік аймақтарда жүргіземіз.

2. Қолданылатын құрылғылар

Амплитудалық модулятор (AM Modulator)

Осциллограф (Oscilloscope)

Спектралды талдауыш (Spectrum Analyzer)

3. Жұмыс формулалары

төменгі жақтық жолақ   flower = fc – fm       10.1
жоғарғы жақтық жолақ   fupper = fc + fm       10.2

4. Жұмысты орындау тәртібі

10.1- сурет. Амплитудалық модулятордың схемасы.

 

1. Схеманың элементтерін 10.1 - суретте келтірілгендей етіп жалғаңыз.

2. Тінтуірді екі рет басып, амплитудалық модулятордың пиктограммасын ашыңыз. Тасушы жиіліктің (Carrier Amplitude) амплитудасын 10 В, тасушы жиіліктің (Carrier Amplitude) мәнін 100 кГц, модуляция жиілігін (Modulating Frequency) 800 Гц, модуляция коэффициентін (Modulation Index) 0.6-ға тең етіп орнатыңыз.

3. Тінтуірді екі рет басып, осциллографтың пиктограммасын ашыңыз. Уақыт осінің масштабын 1 мс/дел, ал амплитуда осін (Channel A) 10 В/дел етіп орнатыңыз. Автоматты түрде қосу және тұрақты тоқ бойынша байланысты таңдаңыз.

4. Тінтуірді екі рет басып, спектралды талдауыштың пиктограммасын ашыңыз. Масштаб параметрлерін орнатыңыз: жиілік ауқымы (Span) 10 кГц, ортаңғы жиілік 100 кГц және амплитудасы (Amplitude) = LIN.

5. Модельдеу үрдісін іске қосыңыз да, алынған нәтижелер бойынша қисық графигін сызыңыз. Тасушы және модуляцияланған сигналдардың жиіліктерін өлшеңіз және алынған нәтижелерді амплитудалық модулятордың жиілігімен салыстырыңыз.

6. Тінтуірді екі рет басып, амплитудалық модулятордың пиктограммасын ашыңыз. Ашылған экранда вертикал маркерді қолдана отырып, амплитудалық спектрді зерттеңіз, төменгі және жоғарғы жақтық жолақтардың, сондай-ақ тасушы жиіліктерді өлшеңіз. Алынған нәтижелерді теориялық нәтижелермен салыстырып, оны дәптерге жазыңыз.

5. Күтілетін нәтижелер

102 - сурет. Амплитудалық – модуляцияланған сигналдың амплитудалық спектрі.

 

6. 10 - зертханалық жұмыс үшін қажетті мәндер

10.1 кесте

  Өлшенген мәндер Талданған мәндер
Жақтық жолақтың төменгі жиілігі    
Жақтық жолақтың жоғары жиілігі    

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 868. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия