Студопедия — Лемнің экономикалық (геоэкономикалық) аймақтары, орталықтарына сипаттама беріңіз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лемнің экономикалық (геоэкономикалық) аймақтары, орталықтарына сипаттама беріңіз






Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:1) ел экономикасының типі;2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) келемі мен құрылымы;5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;6) елдің халықаралық еңбек белінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан еларалық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі. Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте, географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткйптері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік — АҚШ доллары пайдаланылады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен АҚШ жетекші орынға ие болды (36-сызбанұсқаға қараңдар).Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші де ескеріледі. Бұл көрсеткіш бойынша дүниежүзі елдері арасында үлкен алшақтық байқалады.дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар постиндустриялық елдер тобына халықаралық мамандану ерекшелігіне байланысты экономикасында қызмет көрсету саласы басым болатын дамушы елдерді (Панама, Либерия, Джибути және т.б.) де енгізеді. Дегенмен бұл елдердің жалпы әлеуметгік-экономикалық даму деңгейі дамыған елдерден әлдеқайда төмен екендігі ескерілуі қажет.Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы "қоныс аударған капитализм" елдері болып табылады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа жоғары дамыған елдер қатарына енетін Канаданы да жатқызуға болады. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым.Өтпелі экономика тән елдер тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Лаос, Куба) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 2037. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия