Студопедия — Тақырып 8. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 8. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы






1. Кез келген өндіріс процесінде жұмыс күші негізінен қозғаушы күш ретінде шығын элементтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Еңбекақының негізгі ұстамы ретінде жалақымен өлшенетін жұмысшылардың жаңа өндірген өнім көлеміне сан және сапа жағынан қосқан үлесі саналады. Еңбекақы – еңбек өнімділігін арттыруға, құрылыс–монтаж жұмыстарының көлемін ұлғайтуға, оның сапасын көтеруге жұмысшының мүддесін арттырушы негізгі құрал болып табылатындықтан автокөлік жолдарын салу мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар үшін еңбекақы шығындары есебі өндірістік есеп жүйесінде маңызды орын алады. Демек, еңбекақы шығындары есебінің негізгі мақсаты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысында жұмысшылардың орындаған жұмыс уақыты мен жұмыс көлемін алғашқы құжаттарға түсіріп, оларға тиісті еңбекақыны есептеу болып табылады.

Жұмысшы мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” заңы арқылы реттеледі.

Шаруашылықтың жаңаша даму жағдайында еңбек және еңбекақы шығындары есебінің негізгі міндеттері еңбекақы шығындары бойынша барлық құжаттарды дер кезінде толтыру; өнімнің өзіндік құнын құрайтын еңбекақы шығындары мен одан аударымдар сомасын дұрыс анықтау және олардың өндіріс шығындарына дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету; құрылыс жұмысшыларына төленген нақты еңбекақы шығындарының нормадан ауытқуларын анықтау, ауытқу сомаларын тиісті белгі құжаттарымен рәсімдеу және олардың шығын объектілеріне дұрыс бөлінуін бақылау; белгіленген мерзімде жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу үшін еңбекақы бойынша көрсеткіштерді жинақтау және топтастыру болып табылады.

Жұмысшыларға төленетін еңбекақы негізгі, яғни өндірілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет сапасына, нақты орындалған жұмыс уақытына төленетін негізгі еңбекақы мен қосымша еңбекақыдан (демалыс ақысы, мемлекеттік тапсырмаларды орындағаны үшін, өндірістегі кідірістер және демалыс күндері үшін) төлемдерінен тұрады.

Жол құрылысы ұйымдарында “Еңбекақы” бойынша шығындарға осы ұйымда қабылданған еңбекақы жүйесі мен формаларына сәйкес есептелген өндірістік жұмысшылардың (штатта тұрмайтын жұмысшыларды қоса алғанда) және құрылыс жұмыстарына тікелей қатынасатын учаскі жұмысшылары құрамына енгізілген тізімдік қызметкерлердің барлық еңбекақы шығындары көрсетіледі.

2. Негізінен еңбекақы шығындары кесімді баға, тарифтік бағам, лауазымды жалақы бойынша нақты орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жұмысшыларға төлемдерден, келісімшарт бойынша ұйымның штатында тұрмаған жұмысшыға төленетін еңбекақы, құрылыстағы жұмысшылардың еңбекақы қорына енетін басқа да төлемдерден қалыптасады.

Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақыларын есептеу үшін кесімді еңбекақы формасы және жол жұмыстарына тікелей қатысатын бригадир-мастерлерге, прорабтарға еңбекақыны есептеу үшін мерзімді еңбекақы формасы қолданылады. Сонымен қатар жол құрылысы ұйымдары өндірістің жақсы нәтижелері үшін, жұмысшылардың мамандық шеберлігі мен басқа да жағдайларды ескере отырып, өндіріс жұмысшыларына сыйақылар мен үстеме төлемдер төленіп отырылады. Жұмысшыларға төленген сыйақылар олардың еңбекке деген қызығушылығын көтере отырып, еңбек өнімділігінің жоғарылауына септігін тигізеді.

Еңбекақының кесімді формасы - нақты орындалған жұмыстың жалпы көлемі үшін және белгілі бір еңбек жағдайына байланысты тікелей кесімді

бағамен еңбекақыны есептеуді білдіреді. Жол құрылысы ұйымдарында кесімді еңбекақы жүйесі арқылы жұмысшыларға еңбекақыны төлеудің артықшылығы сол, мұнда орындалмаған жұмыстар көлеміне немесе жалған жұмыстарға еңбекақы төлеуге жол берілмейді. Бұл өз алдына кәсіпорындағы еңбекақы бойынша қаржылардың дұрыс жұмсалуына кепіл бола алады.

Өндірім нормасы мен орындалатын жұмыстарға бағаны құрылыс ұйымының өндірістік-техникалық бөлімі тағайындайды және қажет болған жағдайда шаруашылықтың нақты жағдайларын есепке ала отырып, олар қайта қаралып, содан кейін кәсіпорын басшысына бекітуге беріледі.

Орындалған жұмыс пен өндірім есебін мастер, учаскі бастығы, прораб жүзеге асырады. Негізгі құрылыс жұмысшыларының негізгі еңбекақыларын анықтаған кезде бригада немесе жеке жұмысшының орындаған жұмыс көлемі есебінің алғашқы құжаты “Кесімді жұмысқа тапсырма” (№ Т-41 үлгі) болып табылады.

Орындалатын жол құрылысы жұмыстарының ұзақтығына және көлеміне қарай кесімді жұмысқа тапсырма есепті айдағы жұмыс көлемі басталмас бұрын бригадаға немесе жеке жұмысшыға беріледі. Тапсырмада құрылыс объектісі, орындаушылары, олар орындайтын жұмыстардың сипаттамасы, тапсырыстың мазмұны, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Тапсырмадағы (нарядтағы) жұмысты нормалау және белгілі бір жұмыс көлеміне еңбек ақыны есептеу үшін осы жұмыстарға құрылыс ұйымы бекіткен уақыт нормалары мен бағалары негіз бола алады. Қосымша төлемдердің барлық түрлері арнайы бекітілген құжаттармен, яғни “Қосымша төлемдер парағы” бойынша (№ Т - 48 үлгі) рәсімделеді.

Жұмыс уақытын пайдалану және өндірім есебі бойынша алғашқы құжаттар бригадирден алыну мүмкіндігіне қарай құрылыс ұйымының жоспарлау-техникалық бөлімінде тексеріліп, содан кейін есеп бөлімінде олардың шоттық өңделуі жүргізіледі. Мерзімді еңбекақы нысанымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақылар мен басқа да төлемдер нақты орындаған жұмыс уақытының нәтижесі бойынша есептеледі.

Еңбекақының жалпы сомасы бригаданың әрбір мүшесіне белгіленген разряд бойынша нақты орындаған жұмыс уақыты мен сағаттық тарифке пропорционалды бөлінеді. Сонымен бірге еңбекақыны есептеу өндірім коэффициентін қолдану арқылы да жүзеге асады. Ол үшін бригаданың әрбір мүшесінің еңбекақысы есепті айда нақты орындалған сағат санын разряд бойынша бекітілген сағаттық-тарифтік бағаға көбейту арқылы есептеледі. Содан соң жалпы еңбекақы сомасын тариф бойынша еңбекақының жалпы сомасына бөлу арқылы өндірім коэффициенті анықталады. Бригаданың әрбір мүшесінің еңбекақысы оның тариф бойынша еңбекақысын өндірім коэффициентіне көбейту арқылы алынады.

Бригада мүшелері арасында еңбекақы еңбекке қатынасу коэффициентін есепке ала отырып бөлінеді. Еңбекке қатынасу коэффициенті (ЕҚК) – бригаданың әрбір мүшесінің соңғы жұмыс нәтижесіне жеке үлесінің (қатысуының) жинақталған сандық бағасы. Мұндай әдіспен еңбекақыны бөлу кезінде жұмысшының тек мамандығы мен нақты орындаған жұмыс уақыты ғана емес, сонымен бірге оның жеке мүмкіндігі мен еңбекке және өндіріске қатынасы да есепке алынады. Еңбекке қатынасу коэффициентінің артықшылығы сол, мұнда әбір жұмысшының жұмыста көрсеткен жетістігі үшін үстеме ақылар төленеді де, ал жұмысшы еңбек тәртібін бұзғаны үшін, әлде болмаса төменгі көрсеткіштері үшін еңбекақы төлемдері қысқартылады. ЕҚК-нің базалық саны ретінде 1 (бірлік) қолданылады. Ұжымдық еңбекте әрбір жұмысшының соңғы нәтижеге салған жеке үлесін дұрыс анықтау үшін “Бригада жұмысының есебі журналын” жүргізу қажет. Бригада мүшелеріне еңбекке қатынасу коэффициентін тағайындау бригада шешімімен қабылданады.

Нақты есептелген негізгі және қосымша еңбекақылар сомасын шоттар, аралық шоттар, аналитикалық есептің баптары, орындалған жұмыстардың түрлері арасында топтастыру және бөлу үшін “Құрылыс ұйымдарында еңбекақыны бөлу” кестесі қолданылады.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2675. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия