Студопедия — ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Программные продукты Packet Tracer дают возможность создавать сетевые топологии из широкого спектра маршрутизаторов и коммутаторов компании Cisco
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Программные продукты Packet Tracer дают возможность создавать сетевые топологии из широкого спектра маршрутизаторов и коммутаторов компании Cisco






ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Тақырыбы: Тамақтанудың адекваттылығын гигиеналық бағалау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын және негізгі тағамдық заттардың қажеттілігін анықтау.

 

 

Курс:2

 

 

1.Тақырыбы: Тамақтанудың адекваттылығын гигиеналық бағалау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын және негізгі тағамдық заттардың қажеттілігін анықтау.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі):

Тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуы – аурудың алдын алуға әмер етуші бірінші факторы. Тамақтанудың дисбалансының дамуы мен көп түрлі арнайы синдромдардың жетіспеушілігі және артық мөлшерде тамақтану ғана емес сонымен қатар әртүрлі жұқпалы емес аурулардың кезеңдері де тығыз байланысты.

Яғни, тамақтанудың ұйымдастырылуы халықтың ғылыми – гигиеналық бастамасында сауықтырудың үлкен маңызы бар, соған қарамай ол аурудың алдын алу шараларымен тікелей байланысты.

4.Сабақтың мақсаты: Студенттерді тәуліктік энергия шығынын анықтау әдістеріне, негізгі тағамдық заттардың қажеттілігі және физиологиялық нормасын есептеу.

Студент білуге тиіс:

- адамның тәуліктік энергия шығыны және оны құраушылар;

- энергия шығының күшеюіне әсер ететін факторлар;

- энергетикалық баланс, адекваттық тамақтанудың сандық көрінісі;

- халықтың әртүрлі топтарындағы энергия қажеттілігі;

- энергетикалық құндылық рационы;

- энергияның және тағамдық заттардың қажеттілігін анықтау әдістері;

Студент істей білуі керек:

- ұйымдастырылуды бағалау және тамақтануды толық жетілдіру және халықтық топтарда тамақтануды ұйымдастыру және осыларға медициналық бақылауды ұйымдастыру;

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

  1. Адам организмінде ақуыздардың негізгі биологиялық ролі.
  2. Адам организмінде майлардың негізгі биологиялық ролі.
  3. Адам организмінде көмірсулардың биологиялық ролі.
  4. Адам организмінде макроэлементтердің биологияық ролі.
  5. Адам организмінде микроэлементтердің биологиялық ролі.
Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Адамның тәуліктік энергия шығыны және оларды құраушылар.
  2. Энергия шығынының күшеюіне әсер ететін факторлар.
  3. Энергетикалық баланс, адекваттық тамақтанудың сандық көрінісі.
  4. Халықтың әртүрлі топтарындағы энергия қажеттілігі.
  5. Энергетикалық құндылық рационы, жеке алынған ақуыздар, майлар және көмірсуларды баланстанған рационда қамтамасыз ету.
  6. Энергияның және тағамдық заттардың қажеттілігін анықтау әдістері.
 

 

6.Ақпараттық – дидактикалық блок.

Ұтымсыз тамақтану, яғни тәуліктік ас мәзірінің калориялылығы тәуліктің энергия шығынынан кем болса, энергиялық теріс теңгерістікті дәлелдейді. Яғни, пайда болған энергиялық тапшылықты жою үшін ағзаның барлық қорын пайдалану. Бұл үшін барлық тамақтық затта, оның ішінде белоктар да энергия өндіру үшін пайдаланылады. Сондықтан, энергиялық теріс теңгерістік калориялық –белоктық жетімсіздігінің бірлескен кешені болғандықтан, алиментарлық дистрофия, маразм, квашиоркор сияқты ауыр аурулардың қалыптасуына негізгі себебі деуіміз керек.

Егерде тағамның құндылығы қажетті энергиялық шығыннан едәуір артық болса,бұл да адамға мәні зор жағымсыз зардап. Артық дене салмағы, семіздік, атеросклероз, гипертониялық ауру т.б. ауру дамып- көбеюіне пайдалы энергетикалық балансты береді. Бұлардан басқа гастрит, дуаденит, асқазан жарасы, ұйқы безінің қабынуының пайда болуы тамақтану тәртібінің бұзылуына байланысты.

Адамның энергетикалық шығынының негізгі түрлері: негізгі зат алмасу, еңбек етудің әртүрлі іс-қимылы, тұрмыстық және үй шаруашылық жұмыстар, спортпен шұғылдану т.б. және астың арнайы динамикалық әсері.

Негізгі зат алмасу энергиясы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің міндеттерін бір қалыпты сақтау үшін жұмсалады, яғни, жүректің, қан алмасудың, дем алудың, зат алмасудың, бүйректің т.б. дұрыс қызмет атқаруына арналған.Есейген адамның негізгі алмасу энергиясының шамасы 1200-1700 ккал. Әйелдердің негізгі алмасу энергиясы еркектерден 5-10 пайыз кем, ал балалардыкі 10-15 пайызға артық.. Іс жүзінде негізгі алмасуды есептеу әдісімен мына 1 және 2 кестелерді пайдаланып, анықтауға болады.

 

 

Астың арнайы динамикалық (ААД) әсеріне жұмсалатын энергия тамақты қарын және ішектерге қозғалуы мен қорытылуына ағзаға қажетті заттарға айналуына жұмсалады.Бұл энергия негізгі алмасудың 10% дейін жетеді.

Адамның әртүрлі тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия (реттелген энергиялық шығын) қол жұмыстарының ауырлығы мен көлеміне қарай анықталынады. Өндіріс барысы (процесс) қаншама қол жұмысын пайдаланып, қара күшті қолданса, соншама энергия шығыны да көп.

Медициналық Ғылым Академиясы жасына, жынысына, еңбек әрекетіне т.б. байланысты әртүрлі топтағы халықтың бір тәулікте жұмсалатын қажетті энергиясы мен негізгі тамақтық заттардың физиолигиялық шамасын белгіледі. Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген еңбекке жарамды халықты еңбек қарқынына байланысты топқа бөлінуін келтірейік (3 кесте)

1-топ.Ой еңбегінің қызметкерлері: кәсіпорындар мен мекемклердің басшылары, қара күшті пайдаланбайтын инженерлік-техникалық қызметкерлер,хирургтер мен санитарлардан басқа медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, әдебиет пен мәдениет қызметкерлері, хатшылар, бухгалтерлер, диспетчерлер,операторлар т.б.

2-топ. Жеңіл жұмыс атқаратындар: тігіншілер,өндіріс тауарларын сатушылар, үй-тұрмыс қызметкерлері, эоотехниктер, мал дәрігерлері, байланыс пен телеграф,радиоэлектроника өндірісінің жұмыскерлері,аграномдар, инструкторлар т.б.

3-топ. Орташа ауыр еңбектің қызметкерлері: станокшылар, электриктер,жөндеушілер, машина жүргізушілер, тамақ және жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері, сатушылар, тұрмыстық-комунальдық және қоғамдық тамақтанудың қызметкерлері, ауыл шаруашылығының бригадирлері, теміржолшылар т.б.

4-топ. Ауыр еңбектің қызметкерлері: құрылыс жұмысшылары, механизаторлар, млшылар, бақшашылар,кеншілер,металлургтер т.б.

5-топ. Өте ауыр еңбектің қызметкерлері: шахтерлер, жер астының кеншілері, болат және шойын құюшылар,тасшылар, бетоншылар, жер қазушылар, жүк тасушылар т.б. механизацияланбаған өнеркәсіп қызметкерлері.

 

Энергетикалық шығынды келесі әдістерді пайдаланып анықтауға болады:

1) тікелей калориметрикалық әдіс;

2) жанама калориметрикалық әдіс;

3) дене салмағы мен пайдаланған тамақтың калориясын нақты есептеу әдісі (Бузник әдісі)

4) хронометражды-кестелі әдіс.

Хронометражды-кестелі әдістің мәні тәулік бойы әртүрлі әрекеттерге кеткен уақыт пен оның бір өлшеміне жұмсалатын энергияны біліп, белгілі адамның дене салмағына байланысты энергия шығынын есептеу. Бұл үшін мына формуланы пайдаланып, тәуліктік энергия шығынын есептеуге болады:

Тәуліктік энергия = НА+ ААДӘ+іс-қимыл түрлері

Осы алынған мәліметке анықталмаған әрекеттер үшін 10% жалпы энергия шығынын қосу керек.

Әртүрлі тіршілікке байланысты энергиялық шығынды есептеу үшін 5-6 кестелерді пайдалануды ұсынамыз.

Тәуліктік энергия шығынын анықтап және теңгерістік тамақтанудың формуласын пайдаланып (тәуліктік энергияның қалпына келуіне мынандай негізгі тамақтық заттар қажет: белок-13%, майлар-43%, көмірсулар-54%) негізгі заттардың физиологиялық қажеттігін есептеуге болады (граммен), өйткені, 1грамм белок және 1 грамм көмірсу 4,0 ккал береді, ал 1 грамм май 9ккал (энергетикалық коэффициенттер).Нақты тамақтанудың сайма-сайлылығын шешу үшін, оның тамақтық және тіршіліктік құнын есептеу керек. Нақты тамақтануды білудің бірнеше әдістері бар: бюджеттік,баланстық, тамақтық заттардың кірісі мен шығысы, зертханалық және мәзірлік таратуды талдау жасау әдісі. Мәзірлік талдау – тәуліктік әрбір астарды дайындау үшін (таңертеңгі, түскі, кешкі) салмақпен берілген азықтардың тізімі.

Білмекші тағамдардың энергетикалық құндылығын және химиялық құрамын сабақтың практикалық бөлімінде студенттер тәулік бойына мәзірлік-таратудың негізін пайдаланып, есептеу әдісімен анықтайды.

 

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бақылау (Қосымша 1)

2. Студенттердің өздік жұмысы:

- А және Б саны бойынша негізгі алмасудың энергетикалық шығынын бағалау

(Қосымша 2)

- Әртүрлі іс -әрекеттердің шығыны бойынша тәуліктік энергия шығынын есептеу (Қосымша 3)

 

3. Оқытушымен жұмыс:

- жүргізілген зерттеулер мен есептеу нәтижелерін талдау.

4. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 4)

Қосымша 1.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 732. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия