Студопедия — Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі өндірістік авариялар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі өндірістік авариялар






Аграрлық өнеркәсіптің қазіргі объектілері – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін механизациялау, электрофикациялау, автоматизациялау және химиялау әдістері арқылы өндіретін ең көлемді мемлекеттік кәсіпорын.

Заң бойынша объектілердегі авариялар өрттермен, жарылыстармен байланысты, нәтижесінде өндірістік және тұрғын үйлер бұзылып, технологиялық құралдар, машиналар және механизмдер қиратылады.

Қазіргі кезде өндірістік объектілердегі төтенше жағдай нәтижесін басатын екі негізгі бағыт бар.

Бірінші бағыт, қазіргі кездегі техникалық жүйелердің бұзылуының қауіпті жойылу потенциалын азайтуының іс-шараларына және техникалық құрылымдарға бағытталған осы бағыт ішінде техникалық жүйелерді сақтандыру құрылғылармен қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді, азаматтық қорғаныс әскерлерін және халықты, объектілерді төтенше жағдайларға дайындауына бағытталады. Екінші бағыттың негізі төтенше жағдайының жоспарларын дайындау болып табылады, олар нақты объектілердегі мүмкін болатын авариялар және катастрофалардың бөлшектік сценарийлерін дайындау үшін қолданылады. Ол үшін физикалық және химиялық құбылыстардың эксперименттік және статистикалық мәліметтермен таныс болу керек; объектілердің қирау мүмкіндіктерінің мөлшерін, түрін болжай алатынын білу керек.

Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралары арқылы техникалық жүйелерінің және объектілердің тұрақтылығының жоғалмауына қол жеткізіледі.

Зерттеудің бірінші деңгейінде төтенше жағдай кезінде осы элементтің тұрақтылығы мен осалдығы бақыланады, сонымен қатар элементтердің немесе объектілердің қатардан шығып қиратылуын анықтайды. Осы деңгейде анықталады:

- технологиялық жинақтар мен тұрақтардың сенімділігі;

- жеке өндіріс жүйелерінің авария нәтижесі;

- сосудтардың, атом зарядтарының, байланыстарының жарылыс толқындарының мекеме территориясы бойынша жайылуын;

- өрттің әртүрлі түрлерінің алауының жайылуы;

- төтенше жағдай кезінде шығатын заттардың жойылуы;

- улы заттардың, өртке және жарылысқа қауіпті екінші рет қосылыстардың қалыптасуы.

Екінші деңгейінде төтенше жағдай нәтижесін қалпына келтіру үшін, объектінің тұрақтығын жоғарылату іс-шараларын құрастырып, зерттейді. Бұл іс-шаралар жоспардың, объектінің тұрақтығын жоғарылату негізін құрайды. Осы жоспарда жұмыстың көлемі мен бағасын, қаржы көздерін, негізгі материалдар және олардың санын, машиналармен механизмдерді, жұмыс күшін, дайындау мерзімін белгілейді.

Кез келген өндірістік объект өзіне негізгі және қосымша ғимараттарды, сақтау қоймаларын және әкімшілікке арналған ғимараттарды еңгізеді. Негізгі және қосымша ғимараттарда технологиялық құрылғылар, газ, жылу және электр жүйелері өткізіледі. Өндіріс объектілерінің территориясында электр және сумен жабдықтайтын өзін-өзі басқару құрылыстары орналасқан, сонымен қатар жеке тұрған технологиялық құрылғылар да бар. Ғимараттар мен құрылыстар жүйеге келтірілген материалдар бойынша үлгілі жобалар арқылы салынады. Бұның барлығы кезіндегідей объектілердің тұрақтылығы мен дайындығын негізгі мәселе етіп саналады.

Объектілердің тұрақтылығын зерттеу кезінде қосымша өндіріс құрылыстарына мінездеме береді, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде негізгі өнім өндіруіне қатыспайтын ғимараттарға да мінездеме беріледі.

Олардың конструкцияларының негізгі ерекшеліктерін нақтылайды, техникалық мәліметтерге бағыттайды, қабаттарын, ұзыындығы мен биіктігін, қаңқа түрін, қабырға толықтырғыштарын, жарық өткізгуштерін, қаңылтырларды, ғимараттарды көшіру жағдайын қамтамасыз етеді.

Өндіріс басқару объектілерінің жүйелерін зерттеу кезінде басқару пункттерінің жағдайымен, күштің жүйеленуі және байланыс желілерінің мықтылығын анықтайды: жұмыс күнімен толықтыру көздерін анықтайды, басқарушылар құрамын ауыстыру объектілерін зерттейді.

Азаматтық және өндірістік ғимараттарының қирау деңгейі келесі конструкциялар жағдайымен мінезделеді.

I. Нашар қирау. Терезелердің және есіктердің жеңіл қоршаулары қирайды, шатырлар бөлшектеніп қирады, жоғарғы қабат қабырғалары жарылады. Үй асты мен төменгі қабаттар толығымен сақталады. Ғимараттар жөндеу жұмыстарына жарамды болады.

II. Орташа қирау шатырлардың қирауымен, ішкі қоршаулардың, терезелердің, қирауымен, сонымен қатар қабырғаларда тілімдердің пайда болуымен, шатыр жабындырған кейбір участкелердің құлауымен анықталады, үй асты сақталады. Тазалау және қалпына келтіру жұмыстар өткізілгеннен кейін төменгі қабаттар қолданылуы мүмкін. Ғимаратты қалпына келтіру күрделі жұмыстар өткізілгенен кейін мүмкін болады.

III. Толығымен қирау. Ғимараттың негізгі элементтері және қосымша құрылыстары қиратылады. Ғимаратты қолдану мүмкін емес. Қирандыларды тазалағаннан кейін кейбір бөлшектері қолданылуы мүмкін.

IV. Қатты қирау негізгі құрастырулар және жоғары қабат жабындыларының қирауымен, қабырғаларда тілімдердің пайда болуымен және төменгі қабаттың жабындыларының деформациялануымен мінезделеді. Ғимаратты қолдану мүмкіншілігі болмайды.

Көптеген қиратылыстарды жер үсті ғимараттары шегеді. Темір шатырлары бар ғимараттар 20-40 кПа орташа қираулар алады, ал толығымен 60-80 кПа, кірпіштен салынған ғимараттар – 10-210 кПа және 30-40 кПа, ағаштан салынған ғимараттар 10-20 кПа, зардап шегеді. Көптеген терезе мен есіктер бар ғимараттар мықтырақ, себебі алдымен бөлме іші, содан кейін құрылыс конструкциялары қирайды. Сондықтан ол аз зардап шегеді.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 884. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия