Студопедия — Глоссарий
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий






р/р ұғым анықтамасы
1. Философиялық антропология - кең мағынада - адам табиғаты және мәні туралы философиялық ілім; тар мағынада - 20ғ. 20-жылдарында пайда болған, негізін салушы М.Шелер саналатын, философиялық бағыт. Бұл тұрғыда, философиялық антропология жаңа методологиялық тұжырымдамалармен емес, ең алдымен өзінің объектісімен - өз болмысы, өз мәдениеті арасындағы адам арқылы айырықшаланады. Қазіргі батыс философтарының антропологиялық көзқарастарын мынаған саялауға болады: адам болмысының, адам жекелігінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің негіздері мен сфераларын анықтауға тырысу, сол арқылы және содан адам табиғатын, сонымен қатар қоршаған дүниенің мәні мен мағынасын түсіндіру. Философиялық антропологияның мынадай бағыттарын шығаруға болады: биологиялық, мәдени, діни, педагогикалық және т.б.
2. Адам - тіршіліктің жердегі ең жоғарғы сатысын, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі әрі субъектін, табиғи және әлеуметтік, материалды және рухани белгілер жиынтығы мен бірлігін белгілейтін ұғым.
3. Индивид - адам тегінің дербес өкілін белгілейтін ұғым.
4. Жеке тұлға - әлеуметтік сипаттары бар, ерекше әлеуметтік белгілер мен рольдер атқаратын, қоғамдағы және дүниедегі өзінің орнын саналы сезінетін және өз іс-әрекетіне жауапты адам.
5. Жекелік - тек өзіне ғана тән қайталанбас белгілері мен сипаттары бар адам, индивид.
6. Құндылықтар - адамдардың қоғамдық-тарихи әрекеті жүйесіндегі жағымды мағыналы ерекше әлеуметтік феномен. Құндылық - белгілі қоғамдық жағымдылық, нәрселердің, құбылыстардың адамдар әрекетінің мақсаты және құралы ретіндегі қызметі.
7. Аксиология - құндылықтарды зерттейтін философиялық пән.
8. Жаттану - әртүрлі гуманитарлық ғылымдарда қолданылантын ұғым. Маркстік философияда жаттану деп адам әрекетінің және оның нәтижелерінің адамға дұшпан, дербес күшке объективті айналуы және адамды бағындыруы айтылады. Қазіргі батыстық философиялық ойлауда жаттану - адамның өзінің мәніне қарама-қарсылығы, тасталғандық сезім, бейтарап, жау дүниеде қажет еместігін көрсететін объективті жағдай. Тар мағынада, жаттану деп заттардың адамға үйлесімділігі, тауарлық - ақша қатынастарының, техника мен технологияның адамға қожалығын айтамыз, кең мағынада - жаттану дегеніміз адамдардың барлық әлеуметтік қатынастарының жиынтығының сапалық сипаты.
9. Қоғам - адамдардың біріккен практикалық әрекетінде қалыптасатын, белгілі тарихи ортада өмір сүретін қоғамдық қатынастар жүйесі. Сонымен, қоғам дегеніміз индивидтердің барлық өзара байланыстары мен қатынастары.
10. Әлеуметтанудағы географиялық бағыт - халықтар мен елдердің дамуында олардың географиялық жағдайы мен қоршаған табиғи орта басты роль атқарады деп есептейтін натуралистік ілімдер.
11. Фатализм - адамның әрбір ісі мен әрекеті алдын-ала жазмышпен, тағдырмен анықталған деп санайтын көзқарас.
12. Волюнтаризм - болмыстың жоғары бастамасы ретінде ерікті қарастыратын философиялық ілім. Тұрпайы түсінудің түрі - қоғамдық жүйенің тарихи процесінің жүзеге асуындағы объективті заңдары мойындамайтын, барлығы да адам еркінде деп пайымдау.
13. Қоғамдық келісім теориясы - адамдардың табиғи жағдайының орнына барлығы қабылдайтын, келісілген билік, яғни саяси ұжым - мемлекеттің пайда болуы жайында концепция. Қоғамдық келісімнің мәні - адамдардың өзара қауіпсіздігі үшін, меншік кепілі және басқа да пайда үшін өздерінің еркімен өз бостандығын шектеуі. Қоғамдық келісім теориясының белгілі өкілдері - Руссо, Гоббс, Кант.
14. Қоғамдық-экономикалық формация - тарихты материалистік пайымдаудың бастапқы және орталық ұғымы. Бұл - қоғамдағы басым өндірістік қатынастар заңдары бойынша қызметін атқаратын және дамитын қоғамдық тарихи тип, әлеуметтік организм. Бұл ұғым маркстік әлеуметтік философияның шешуші ұғымдарының бірі. Тарихи бес қоғамдық-экономикалық формация орын алады: ол - алғашқы қауым, құл иеленушілік феодализм, капитализм, коммунизм.
15. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар - материалдық өндірістің екі жағын сипаттайтын категориялар. Өндіргіш күштер - материалдық құндылықтарды жасауға қолданылатын, белсенді, өзгертуші факторлар. Бұған еңбек құралдары мен осы құралдарды іске қосатын адамдардың өзі жатады. Өндірістік қатынастар - материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар.
  Базис және қондырғы - қоғамдық-экономикалық формацияның негізгі элементтері. Базис дегеніміз - қоғамдағы билікті және басым экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қондырғы дегеніміз - идеялардың (саяси, құқықтық, моральдік, көркемдік, философиялық), мекемелердің және қатынастардың жиынтығы. Жалпы алғанда, қондырғы базиске қызмет етеді, оның дамуына көмектеседі, алайда бұл процесті механикалық және догматикалық емес, диалектикалық тұрғыдан пайымдау қажет.
  Мәдениет - адамдардың материалдық және рухани әрекетінің жиынтығы мен нәтижелер жүйесі, және белгілі қоғамның өмір сүру тәсілі.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Қоғам жүйе ретінде.

2. Қоғамдық дамудың формациялық, өркениеттік және мәдениеттік концепциялары.

3. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана диалектикасы.

4. Қоғам және табиғат: өзара байланыс мәселесі.

5. Қоғам дамушы жүйе ретінде: эволюция және революция.

6. Қазақ ағартушылары: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтың әлеуметтік-философиялық көзқарастары.

7. Ұлттық даму және ұлттық өзіндік сана.

8. Қазіргі глобальді мәселелер және оларды шешу жолдары.

9. Техника философиясы.

10.Философия және ғылым.

11.Қазіргі қоғамдығы діннің орны мен ролі.

12.Мәдениет философиясы.

13.Қазіргі Қазақстан транзиттік қоғам ретінде: қиындықтар, мәселелер және қайшылықтар.

14."Батыс" және "Шығыс" - диалог па әлде өркениеттік қарсылық па?

15. Қазіргі философиялық антропологияның идеялық көздері - Фихте, Кант ілімдері.

16.Құндылықтардың адам өміріндегі ролі және қазіргі аксиологиялық дағдарыс.

17.Сүйіспеншілік - құндылық ретінде.

18. Қажеттіктер адам әрекетінің қозғаушы күші ретінде.

19.Философиялық антропология және фрейдизм.

20. Э.Фромм ілімі және философиялық антропология.

21.Адам табиғат әлемінде.

22.Философиялық антропология өмір мағынасы туралы.

23.Жеке тұлға, қоғам, мәдениет.

24. Жеке тұлға өтпелі қоғамда: мәселелері мен қайшылықтар.

25. Адам әрекетінің детерминанттары - қажеттіктер, мүдделер, құндылықтар және олардың өзара байланысы.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1994. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия