Студопедия — Лыбритания
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лыбритания






1980-1990 жылдары Батыста қоғамның санасында мүгедектіктің табиғатын түсінуде өзгерістер болады, яғни мүгедектердің экономикалық және әлеуметтік интеграциясын толық қамтуға қажет болатын тәсілдер, шаралар мен қызметтер қайта қарастырылды. Бұл өзгерістердің арасында мүгедектердің өздері басқаратын және қадағалайтын үйымдар санының өсуі. Алғашы рет білім беру жүйесіне «білім алудағы ерекше қажеттіліктер» түсінігі арнайы комитеттің баяндамасында 1978 жылы қолданылған. Мұнда оқушылардың ерекше қажеттіліктерін анықтаудың жолдары ұсынылған, аталған ерекше қажеттіліктерді қамту жауапкершілігі жергілікті білім беру басқармасына жүктелген және де мектеп қосымша көмек арқылы қамти алатындығы анықталған. Аталған идеялар 1981 жылы құрастырылып, қабылданған білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар мен мүгедектігі бар тұлғаларға білім беру британдық заңның негізі болды.

Ұлыбританияда 1981 жылы білім беру туралы Акттың қабылдануы негізінде жергілікті басқару ұйымдары арнайы мектептерді жапты, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығын жалпыға білім беру мектептеріне интеграциялау басталды. 1981 жылдан бастап мемлекеттік саясат интеграцияға бағытталды. Білім алудағы ерекше қажеттіліктер мамандар топтарымен анықтала бастады: педагогтармен, психологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен. Мұндай анықтау жұмысы балаға формальды емес қарауға және реабилитациялау шаралар жүйесін баланың өмір сүру жағдайымен, қоршаған ортасымен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Сондықтан білім беру саласындағы бұл заң білім беру жүйесін мүгедектікті түсіндіруде медициналық модельден (реабилитациялау шараларын ауыру типі бойынша анықтау) әлеуметтік модельге көшірді.

Білім алудағы ерекше қажеттіліктерді формальды анықтау мен бағалау механизмдері мен шараларын әрі қарай дамыту арнайы құжатта орын тапты – «Тәжірибе кодексі» (1994ж). Кодекс заңнамалық талап болып табылмайды, бірақ білім алудағы ерекше қажеттіліктерді қамту аймағында заңнамаларды іске асыруға жауапты мектептер, жергілікті білім беру басқармалары, білім беру қызметтері мен агенттіктері оны міндетті түрде орындаулары талап етіледі. Білім алудағы ерекше қажеттіліктер аймағында заңнамалардың орындалуын қамту үшін арнайы тәуелсіз соттар құрылған. Олар ата-аналар мен жергілікті білім беру басқармалары арасындағы білім алудағы ерекше қажеттіліктердің анықталуы мен мазмұны немесе баланы оқыту орнын таңдаумен келіспеуге және т.б. байланысты қақтығыстық мәселелерді қарастырған.

Британияда 2001 жылы қабылданған мүгедектігі және білім алудағы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру туралы заң инклюзивті білім беру идеялары мен тәжірибесінің логикалық жалғастырылуы болды. Заң білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы мектепте білім алуға құқықтарының қамтылуын күшейтті, жергілікті білім беру басқармаларының ата-аналармен байланыстарын орнатуда жаңа міндеттерді енгізді. Заң арнайы соттарда істердің қарастырылу уақытын реттеді, тәжірибенің жаңа Кодексін енгізді: мұнда алдыңғы Кодекстің ережелері жеке оқу жоспарларымен жұмыс жүргізу ережелерімен толықтырылып, ата-аналар мен балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қамту шешімдерін қабылдауға қатысуы анықталған.

Тәжірибе Кодексіне енгізілген маңызды өзгерістер 16 жастан асқан балалармен жүргізілетін жұмысқа, білім алудағы ерекше қажеттіліктерді анықтау инструментарийін қабылдаумен байланысты. Британдық заңнама мен оны толықтыратын құжаттар пакеті арқылы ерекше қажеттіліктері бар баланы оқыту орнын қалай таңдалатыны жайлы шешім қабылданады, ата-аналардың таңдаулары бұл шешімді қабылдауда қандай маңызға ие екендігі, қосымша қолдау көрсетілуі қалай іске асырылатыны және оқу нәтижелерінің бағалауы қалай жүргізілетіні анықталады.

Қайталауға қажетті мысалдардың бірі болып Ұлыбританияда іске асырылған интеграцияның керемет моделі - мамандардың барлық баламен 9 айлық кезінен жүйелі сабақтар жүргізе бастауы, мұнда мамандар нақты диагноз қоюға бағытталмайды, олар балалардың бар мүмкіндіктерін максималды дамытуға тырысады. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасында интеграция өте көлемді, бірақ бұл оқыту жүйесінің ерекше бағыттылығымен түсіндіріледі. 5-11 жас аралығы даярлық мектеп кезеңіне сай келеді. Бұл кезеңдегі оқытудың мазмұны мен әдістері біздің мектепке дейінгі білім беруге өте ұқсайды. Орта және жоғары мектепте интеграциялау бағыты өзгереді. Сыныпта басқа балалармен бірге оқумен қатар әр «интеграцияланған баланың» өзінің мұғалімі бар, оның мүмкіндіктері мен оқу жылдамдығын ескерумен құрастырылған жеке бағдарламасы бар. «Ерекше баланың» даму перспективалары жоспарланады, бұл процеске педагогтар, әдіскер, тьютор және ата-аналар қосылады (оларға баланың әрі қарай әлеуметтену мүмкіндіктері туралы мәліметтер беріліп тұрады). Айта кету қажет, инклюзивті білім беру бойынша Ұлыбританияның заңнамасы арнайы білім беру жүйесін жүйе ретінде жоюды қарастырмайды және де өз талаптарында тотальды мінезді танытпайды. Ғалымдардың бақылаулары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты әлемдік те, ағылшындық та саясат қазіргі уақытта «жылдам өзгерістер» кезеңінен өтуде. Англия инклюзивті білім беру теориясы мен тәжірибесіне қатысты ұзақ әрі қиын жолды өтті және өтуді жалғастыруда. Мемлекетте бұл аймақтағы саясатты анықтайтын және тәжірибені реттейтін көптеген заңнамалық акттар мен басқа да құжаттар қабылданған, әрі жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта бұл саясаттың ортасында 2004 жылы білім беру министрлігі құрастырған «Әр бала маңызды» (ЕСМ) атты құжат. Бұл бағдарлама 2020 жылға баллар арасында кедейлікті жоюға және әр балаға өз мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беретін алдын-алу мен ерте көмек беру шараларына бағытталған. Оның назары «әлеуметтік эксклюзияға» қарсы күреске аударылған. Бұл бағдарламаның барлық балалар үшін 5 нәтижелері маңызды болып табылуы тиіс:

- денсаулық;

- қауіпсіздік;

- өзін-өзі өзектілендіру (самоактуализация);

- жекетұлғалық мүмкіндіктерін іске асыру;

- қоғамның пайдалы мүшесі бола алуы және экономикалық тәуелсіздік.

Кейде ЕСМ құжатын «Бірде бір бала заңнан тыс қалмайды» (NCLB) американдық актпен салыстырады. Бірақ олар арасында айтарлықтай айырмашылық бар: NCLB білім беру стандарттарын орындауға бағытталған, ал ЕСМ – балаларға тұтастай қарау бағытына негізделеді. Англияда ЕСМ мен келген мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты саясаттағы өзгерістерді қамқорлық ұйымдары, ата-аналар бірлестіктері мен мамандар жағымды қабылдайды. Соған қарамастан ғалымдар ЕСМ-ді өзін-өзі өзектілендіру мен өзінің жекетұлғалық мүмкіндігін іске асыру, экономикалық тәуелсіздік пен қоғам өміріне пайдалы үлес қосу көрсеткіштерін бірлестіргендігі үшін сынайды. Сонымен қатар, даму процесін стандарттау, оны бағалауда аталған теорияларда ұсынылған кезеңдердің әмбебап реттілігі бәрі-бір «қалыптылық» пен «ауытқушылық» (аномальділік) идеясына әкеледі. Бұл доминанта, олардың ойынша әлдеқайда кең әлеуметтік-мәдени және экономикалық фокторларды ескермейді.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4745. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия