Студопедия — ТАРАУ. ГЛОССАРИЙ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТАРАУ. ГЛОССАРИЙ






Грамматика (гректің qrammatike – оқи алу,әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарын, сөйтіп сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады

Морфологияның; (гректің morphe - форма, тұлға және logos - сөз, ілім деген сөздерінен құралған) да зерттейтін басты объектісі - сөз. Морфология сөздердің жалпы қасиеттерін ортақ қасиеттері арқылы - сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды.

Синтаксис (гректің syntaxic- құрылыс, тізбек, тіркес, тәртіп деген сөзінен қалыптасқан) түрлену тұлғаларының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу ерекшеліктерін, сөйлемде сөздердің атқаратын қызметтерін, сөйтіп, сөйлем құрау, олардың құрамдық, құрылыстық түрлері мен типтерінің ерекшеліктерін қарастырады.

Грамматикалық мағына -сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр түрлі қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше, белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.

Грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйе бойынша түрленуі болып табылады

Грамматикалық категория. Грамматикалық категория ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты. Грамматикаклық мағына, грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес және де, грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен байланысты.

Лексика-семантикалық принцип дегеніміз -заттың атын, заттың амал-ісін, заттың сапалық, сандық белгілерін, амал мен белгінің белгілерін білдіру болса, грамматикалық принципке бір сөздің жаңадан сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз байланыстыру, сөйлемдегі қызметі, сөз бен сөз тіркесу қабілеті енеді.

Зат есім деп - күнделікті өмірде кездесетін жәй заттармен қатар, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды ұғымдар мен түсініктерді де білдіретін сөз табын айтамыз.

Заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-түсін, көлемін және т.б. сыр сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын сын есім дейміз

Сан есім -заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады.

Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

Көсемше. Негізгі іс-әрекеттің мезгілі мен мақсатын, сын –сипат, себеп-салдар т.б. құбылу амалын білдіретін етістіктің түрі көсемше деп аталады.

Есімше сын есім сияқты заттың тұрақты сынын білдірмейді. Ол сынды белгілі бір шаққа балап көрсетеді.

Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік (арай) категория деп аталады.

Модальдік категорияның етістік формалар арқылы берілетін амал-тәсілінің жүйесі етістіктің райы деп аталады.

Амал, я әрекет, қимыл я қозғалыс тәрізді процестердің не сөйлесіп отырған уақытта істеліп жатқан не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істелініп тынған, не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелінбекші амалдарды білдіретін етістік формалары шақ категориясы деп аталады.

Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді.

Еліктеу сөздердің; бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, 2-ші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді: бір тобы еліктеуіш (еліктеме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер деп аталады.

Шылау дегеніміз ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, қызметтері жағынана да өздерінің бастапқы төркіндерінен біржолата қол үзген, өз алдына категория болып қалыптасқан сөздер.

Одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге жекіру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында да қолданылады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1215. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия