Студопедия — Рылыс мердiгерлiгi
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рылыс мердiгерлiгi






Мердiгерлiк шарттың қарастырылып отырған түрi оның құқықтық өзгерiстерiн бастан өткiзген. Социалистiк экономиканың дамуының алғашқы кезеңдерiнде құрылыс мердiгерлiгi сөзсiз мердiгерлiк шарты болып қарастырылған. 1 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгiзiлген РСФСР Азаматтық кодексiнiң 220235баптарында жəне РСФСРдың Азаматтық кодексiнiң 235бабының 5қосымшасы болып табылатын “Мемлекеттiк мердiгерлiк жəне жеткiзiлiм туралы” Ережелерде мердiгерлiк жұмыстардың барлық түрлерiн реттеу үшiн арналған жалпы мəндегi нормалар болған. Көрсетiлген соңғы нормативтiк актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тəуелсiз мемлекет жəне оның органдарының қатысуымен мердiгерлiк шарттың бiрқатар ерекшелiктерi реттелген. 1 Бiрақ өндiрiсте, барлық өндiрiстiк процестердiң директивтi жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердiгерлiкмердiгерлiк шарттардың жалпы көпшiлiгiнен анық бөлiнiп шықты жəне 1961 жылдан бастап барлық негiзгi жүйелiк азаматтыққұқықтық актiлерi (азаматтық заңнама негiздерi, азаматтық кодекстер) күрделi құрылысқа мердiгерлiк шарттымердiгерлiк шарттың түрi ретiнде емес, азаматтыққұқықтық шарттың жеке түрi ретiнде қарастырады. 2 Қазiр құрылыс мердiгерлiгi шартының құқықтық реттелуi барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейдi. Бiрақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегi бiрқатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердiң жеке құқығының өңдеулерi ескерiлген, сондықтан құрылыс мердiгерлiк ерекшелiктерi бөлек айқындалуы қажет болып тұр. Қазiргi жағдайда мердiгерлiк шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шiлдесiндегi “Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы жəне құрылыс қызметi туралы” Қазақстан Республикасының Заңы маңызды əсерiн тигiзедi. Олар (сол ерекшелiктер) бiрқатар жағдайларда құрылыс мердiгерлiк жұмыстарын жүргiзуге байланысты жер учаскелерiне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан объектiлердi энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттiң бiр немесе өзге органдарымен жарнақұқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатынында көрiнедi. Сол немесе басқа объектiсiн салу жұмыстардың кешенiн жүргiзудi талап етедi, олардың əр түрi өз кезегiнде бөлек мердiгерлiк шартының нысанасы жəне осыдан да құрылыс мердiгерлiктiң ерекшелiгi көрiнедi. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 651бабына сəйкес құрылыс мердiгерлiгi шарты кəсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбiр жағдайларда құрылыс мердiгерлiгi нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кешенiн құрайтын кəсiпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шеңберiнде монтаждау, iске қосу жөнге келтiру жəне салынып жатқан объектiмен байланысты өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердiгерлiгiнiң ережелерi, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нəтижесiн қабылдап алуға жəне ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттеледi. Көрсетiлген шарттың субъектiлiк құрамының ерекшелiктерi бар, яғни шартта əрқашан мердiгер жағынан кəсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi, əртүрлi лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргiзу үшiн рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кəсiпкерлер қатысады. Кейбiр жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары ережелер қолданылады. Құрылыс мердiгерлiгi шарты нысанасының ерекшелiктерi жəне осы мердiгерлiк шартымен байланыста пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердiгерлiк түрдiң мазмұнының ерекшелiктерiне мiндеттi түрде белгi қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттелуiне бағытталған нормалармен анықталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32тарауының § 3 “Құрылыс мердiгерлiгiнiң ерекшелiктерi”).

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 835. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия