Студопедия — Р қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?






Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесі тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі ҚҚС төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына олар уақытша әкелу кезінде ҚҚС бойынша салық міндеттемесін орындау тәртібін реттейді. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар тауарларды, көлік құралдарды уақытша әкелген кезде импортталған тауарларға, көлік құралдарға ҚҚС аталған резидент емеске тіркеу куәлігін берген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша төленеді.
Бұл ретте резидент емес уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына ҚҚС төленгені туралы төлем құжатын табыс етеді.

Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тауарларды олар уақытша әкелген кезде уақытша әкелінген тауарлардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті;
2) нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін;
3) нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның ұқсас) көрсете отырып, резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмесін;
4) тауарлардың, көлік құралдарының әкелінуін растайтын құжаттарды:
оның негізінде уақытша әкелу жүзеге асырылған шартты (ол болған кезде);тауарға ілеспе құжаттарды табыс етеді.
Егер уақытша әкелінген тауарлар әр жерде болған жағдайда резидент емес барлық осындай уақытша әкелінген тауарлардан бойынша аталған құжаттарды бір уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына тапсырады.
Салық органдары осы тармақта көрсетілген құжаттардың негізінде резидент емес осындай құжаттарды тапсырған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оған белгіленген нысанда тіркеу куәлігін бере отырып, резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді жүзеге асырады.

 

Р қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?

Төлем көзінен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі. 1. Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстарына Салық Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша, шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен табыс салығы салынады.2. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды. 3. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері болып табылатын мынадай тұлғаларға:1) дара кәсіпкерге;2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;3депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі. 4. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі. 5. Мыналар:1) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;3) бір мезгілде мынадай талаптар:акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелену;дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп процентінің дивидендтерді төлеуі күнінде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрауы орындалған күнгі дивидендтер; 5. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.Төлем көзінен табыс салығының ставкалары:Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:1.Салық Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар –15 процент;2) Салық Кодекстің 192-бабының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар – 20 процент;3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 процент;4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 процент;5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар – 5 процент;6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти –15 процент.Салық есептілігін табыс етуСалық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:1) төлем көзінен табыс салығын ұстау жөніндегі міндеттеме туындаған есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;2) резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.Бұл ретте есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып танылады.

 

77. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғалар кімдер?. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады. қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады.Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады

Резидент еместiң тұрақты мекемесi

1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:

1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) кез келген басқару орны;

3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;

11) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емеспен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері. 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.

 

Азақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?

1.Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды түлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі осы баптың және Салық Кодексінің 79-135-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.2.Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.3.Егер резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе сондай қызметті Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын болса, осындай қызметтен түскен табыстар тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түсетін табыстарға жатады.4.Салық Кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегерімге жатады.5.Резидент емес заңды түлғаның тұрақты мекемеге:1.осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе санаткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, қаламақылар, алымдар және басқа да төлемдер;2.қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссиялық табыстар;3.осы резидент емес заңды тұлға берген заемдар бойынша сыйақылар;4.резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;5.құжатпен расталмаған шығыстар;6.
резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстары ретінде ұсынылған соманы тұрақты мекемеден шегерімгежатқызуға құқығы жоқ.

 

 

  1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіне анықтама беріңіз? 1
  2. Қазақстан Республикасы салық механизміне не жататынын атаңыз? 1
  3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз? 1
  4. Салық бақылауы мен салық тексерулері түрлерін атаңыз? 1
  5. Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз? 1
  6. Жылдық жиынтық табысқа (ЖЖТ) анықтама беріңіз? 1
  7. Жылдық жиынтық табыстың (ЖЖТ)түрлерін атаңыз? 1
  8. Жылдық жиынтық табысты (ЖЖТ)бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма? 1
  9. Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады? 1
  10. Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады? 1
  11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады? 1
  12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады? 1
  13. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс қалай танылады? 2
  14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бухгалтерлік есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма? 2
  15. Бағамдық айырма қай кезде пайда болады? 1
  16. Бағамдық айырма есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма? 1
  17. Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады? 1
  18. Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады? 1
  19. Салықтық есеп бойынша шегерімдер дегеніміз не? 1
  20. Шегерімдер түрлерін атаңыз? 1
  21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады? 1
  22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады? 1
  23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді? 1
  24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады? 1
  25. Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз? 2
  26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен? 2
  27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма? 2
  28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады? 2
  29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді? 2
  30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма? 2
  31. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады? 1
  32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? 1
  33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? 1
  34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді? 2
  35. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе? 2
  36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойыншашегерімге не жатқызылады?1
  37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады? 1
  38. Әлеуметтік төлемдербойынша шегерім дегеніміз не? 1
  39. Жұмыс берушінің қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға арналған шегеріміне не жатқызылады? 2
  40. Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? 2 Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?
  41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады? 2
  42. Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша шегерімді қалай түсінесіз? 2
  43. Салық түрлері бойынша бюджетке төленген айыппұл мен өсімпұл шегерімге апарыла ма? 2
  44. Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз? 1
  45. Тіркелген активтерке не жатқызылады? 1 тіркелген активтер топтарын және шектік амортизация нормасын атаңыз? 2
  46. Бухгалтерлік амортизация нормасы мен салық есебіндегі нормада айырмашылық бар ма, бар болса атаңыз? 2
  47. Тіркелген актив бойынша құндық баланс қалай анықталады және оның сомасы бухгалтерлік есеп көрсеткіштері негізінде пайда бола ма? 2
  48. Тіркелген актив қалай кірістеледі және бухгалтерлік есеп бойынша кірістелуден айырмашылығы бар ма? 2
  49. Тіркелген актив қалай шығысталады және бухгалтерлік есеп бойынша шығысталудан айырмашылығы бар ма? 2
  50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады? 2
  51. Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді? 2
  52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бухгалтерлік амортизация есептеу мен бірдей ма? 2
  53. Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады? 2
  54. Тіркелген активті күрделі жөндеудің шығындары қайда апарылады? 2
  55. Табыстар мен шегерімдерді түзетуді қалай түсінесіз? 2
  56. Залалдардың салық есебі дегеніміз не? 2
  57. Тұрақты айырмаға қандай айырмалар жатқызылады? 2
  58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады? 2
  59. КТС бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не? 2
  60. Салық ставкасына анықтама беріңіз? 1
  61. Салық кезеңі дегеніміз не? 1
  62. КТС бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі? 1
  63. КТС бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз? 1
  64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі? 1
  65. Салық режимін қалай түсінесіз? 1
  66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2
  67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады? 1
  68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2
  69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз? 2
  70. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2
  71. Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз? 2
  72. Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2
  73. Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз? 2
  74. Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады?2
  75. ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер? 2
  76. ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі? 2
  77. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғалар кімдер? 2

78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1798. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия